Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, әділ болу.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Шыншылдықтың ақиқатқа бастайтын жол екенін ұғындыру;
- Шыншыл болу, жалған сөйлемеу өз-өзіне адал болу дағдыларын дамыту;
- Шындықты жалғаннан ажырата білуге, әділ шешім қабылдауға, cенімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, АКТ, үнтаспа, күнделік
Сабақ барысы:
⦁ Ұйымдастыру кезеңi.
Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау, «5» жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» /жай музыка әуенімен/
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.Нұр меніңі шімде.Мен Нұрмын»
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
⦁ Рахмет!
(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру)
⦁ Қандай күйде болдыңыздар?
⦁ Жаттығу қалай әсер етті?