kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өмір, қымбатсың маған!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өмір,қымбатсың маған!

Сабақтың мақсаты шындықты ажырата білуге уйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өмір, қымбатсың маған!»

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің қымбаттылығын ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру.

Міндеттері:

-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

-адамдардың бір – бірімен қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-әрқашанда адал  болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(оқулық, жұмыс дәптері, аудиожазба, бейнеклип,өлеңнің сөзі)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру.

          25- сабақ, Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап - қарадан» атты өлеңін оқып келу.

 

-          Өмір неден тұрады?

-          Ақын «ақ» және «қара» деп нені мегзеп отыр?

-          Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

-          Әрқашан ақты қолдау неге әкеп соғады?

-          Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?

-          Өмірде әрқашан жақсылық жасау, кішіпейіл болу, қамқорлық жасай білу қай қасиетке тән?

 

Сабақ барысын талқылау:

 

«Хрустальная грусть» әуені

  1. Дәйек сөз.

Өтіріктіңбалынжұтыптіріжүргенше,

Шындықтыңуынішіпөлгенартық.

Бауыржан Момышұлы

 

Неліктен шындықты айту соншалықты маңызды?

2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға айтқызу, сосын барлығы қосылып айтады. Дәйек сөзді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

 

  1. Әңгiмелеу(Мұғалімнің сыйы)

М.Мақатаев «Шындық туралы»

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.

Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

 

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,

Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.

Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,

Ақиқаттың алмасы суынған ба!

 

Шындық деген - шымылдық біреулерге,

Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

 

Сұрақтар:

-          Шындық дегеніміз не?

-          Шындық көзге шұқиды қашаннан да дегенді қалай түсінесіздер?

-          Шындық деген – шымылдық болуы мүмкін бе?

-          Адамды адам ететін қандай қасиеттерді білесіздер?

-          «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қандай адамдарға арнап айтылған?

-          Өмірде жақсылыққа жаны құмар адамдарды байланыстыратын не нәрсе?

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды түстер арқылы 2 топқа бөліп, «Менің түсінігімдегі ақиқат»тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру:

Ар – намыс.

Шындық.

Адалдық.

Уәде.

Азаматтық.

Жақсылық.

Қымбат өмір.

Абырой.

Кеңпейілділік.

Ақкөңілділік.

 

  1. Топпен ән айту.

ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА

Сөзі: Серік СЕЙІТМАН

Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

 

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

 

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өмірңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

 

 

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптердегі 25 – сабақ, 47 беттегі 1 – тапсырма.

26 – сабақ. Өмір,  қымбатсың маған! (екінші тақырыпты оқып келу)

 

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық  жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.

     Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!

 

Скачать мате




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өмір, қымбатсың маған!

Автор: Өтемісова Ботакөз Саттығалиқызы

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395446

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?мір, ?ымбатсы? ма?ан"
    ["seo_title"] => string(24) "omir-k-ymbatsyn-mag-an-1"
    ["file_id"] => string(6) "303271"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457497852"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Өзін-өзі тану пәні бойынша "Өмір қымбатсың маған" тақырыбында ашық сабақтың презентациясы"
    ["seo_title"] => string(80) "ozin_ozi_tanu_p_ni_boiynsha_omir_k_ymbatsyn_mag_an_tak_yrybynda_ashyk_sabak_tyn_"
    ["file_id"] => string(6) "411544"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1493123288"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "?зін-?зі тану: 7- сынып «?мір, ?ымбатсы? ма?ан!»"
    ["seo_title"] => string(35) "ozinozitanu7synypomirkymbatsynmagan"
    ["file_id"] => string(6) "328716"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463684947"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Конспект урока Өмір,қымбатсың маған!""
    ["seo_title"] => string(38) "konspiekt_uroka_omir_k_ymbatsyn_mag_an"
    ["file_id"] => string(6) "407787"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491718357"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?мір, ?ымбатсы? ма?ан! "
    ["seo_title"] => string(22) "omir-k-ymbatsyn-mag-an"
    ["file_id"] => string(6) "159740"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421941870"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства