kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

???ы? ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ымызды? ма?саты- О?ушыларды? ???ы?ты? білімдерін жетілдіру, ???ы?ты? білім ?р адамны? ісіне керек екенін ??ындыру, за? алдында?ы жауапкершілікті арттыру. Міне, осы ма?сат б?гінгі саба?ымызды? негізі болма? . Б?гін біз сіздермен

10 «И» сынып о?ушыларыны? ?атысуымен ?ткелі отыр?ан «???ы? ?лемінде» деп  аталатын интеллектуалды  саба?ыны? ку?сі болма?шымыз.

Адам ???ы?ына ?лкен ?лестерін ?ос?ан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сия?ты ойшылдар адам ???ы?тарыны? негізгі ережелерін ал?аш рет аны?тап, белгілеген. ?зімізді? ойшылдарымыз Т?ле би, ?йтеке би, ?азыбек би ж?не Абай ??нанбаев, Ш.У?лиханов та адам ???ы?тары мен бостанды?тарын ?ор?а?ан. Адам д?ниеге келгеннен кейін, оны? ?мірін, денсаулы?ын, тынышты?ын, бізді? мемлекетімізді? Ата За?ы – Конституция ?ор?айды. Адам ???ы?ы – аса ма?ызды демократиялы? ??ндылы? ол ?з бойына  жеке адамны? за? мойында?ан ж?не мемлекет ?ор?айтын еркіндігі мен ???ы?ын  жина?тайды. Адам ???ы?ы халы?аралы? за? нормалары ретінде 1948 жылы Б?? ?абылдан?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«???ы? ?лемінде »

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен тәрбиеленушілер! Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы- «Құқық әлемінде» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты- Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Міне, осы мақсат бүгінгі сабағымыздың негізі болмақ . Бүгін біз сіздермен

10 «И» сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Құқық әлемінде» деп аталатын интеллектуалды сабағының куәсі болмақшымыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев, Ш.Уәлиханов та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Адам құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық ол өз бойына жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды. Адам құқығы халықаралық заң нормалары ретінде 1948 жылы БҰҰ қабылданған. Сөз кезегін сайысқа қатысушы мырзаларға берейік.


Қазбек Аслан: Құрметті ұстаз ханымдар мен бауыржаншы мырзалар! Бүгінгі «Құқық әлемінде» аты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Сайысымызды басынан соңына дейін бақылап, соңында жеңімпаздарды анықтап, өзінің әділ бағасын беретін арнайы Ғылыми Кеңес құрылды. Оны –Еламан мырза мен Кенгесов мырза басқарады.Сайысымызға 3 топ қатысады. Сайысқа қатысып, бақтарын сынға салатын топтармен таныстыра кетейін:

1-ші топ- “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады,

2-ші топ-“Құқық – әділет пен парасат жолы” деп аталады.

3-ші топ-“Құқықтық сауаттылық – заман талабы ”деп аталады.

Сайысымыздың бірінші туры – Таныстыру деп аталады .

Әр топ капитандары өздеріңізді таныстыра кетсеңіздер. Сөз сіздерде мырзалар!


1-ші топ капитаны – Қауынбаев Абай: Саламатсыздарма құрметті қауым! Біздің топ- “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады. Мақсатымыз- ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу.Осы мақсатты жүзеге асыруда бар күшімізді салу.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп,

Орындайық бабалардың аманатын.дегендей, Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 16 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады.


Оқушы: ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырылып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз 9 бөлім 98 баптан тұрады.


Оқушы: Мұхамед Пайғамбарымыздың(с.а.у.) 385-хадисінде "Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін жаза қолдану шөлдеп тұрғанда жауған жаңбырдай қайырлы. Қылмыс істеген күнәлі адамға шариғат заңының көрсетуі бойынша шара колдану яки, тәртіпке шақыру-әділет жолымен мемлекеттік құрылысты сақтаудың бірден-бір жолы. Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күйрейді. Қоғамның барлық ісін өркендету үшін шынайы әділеттік болуы керек».Жоғарыда айтылған өсиеттер еліміздің Конституциясында толық қамтылған.




2

Оқушы: Қазақтан шыққан ең алғаш кәсiпқой- заңгер- Ж. Ақпаев

Ақпаев Жақып(1876-1934)- қазақтың тұңғыш құқықтанушы- заңгері, Алаш зиялысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт- Петербург университетінің заң факультетеін алтын медальмен бітірді.1907- 1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария округтік губерниялық соттарында қызмет атқарды. Ресейдегі төрт өкімет тарапынан қуғын- сүргінге ұшырады.


Оқушы: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз.


Қазбек Аслан: Сіздерге көп рахмет! Алдарыңызға қойған мақсатыңыз жүзеге ассын! Келесі кезек 2-ші топта.


2-ші топ капитаны-Әкімбек: Құрметті көрермендер! Біздің топ- “Құқық – әділет пен парасат жолы” деп аталады. Мақсатымыз- Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрену, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелену.

Заңымызға ел сенген,

Әділетпен өлшенген.

Қазақ елі ең ізгі,

Заңы бар ғой негізгі.- демекші, Біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз. Әр елде құқықтық өз ерекшелігі бар. Бірақ кейбір құқық барлық елдерде бірдей болуы тиіс. Яғни, ең негізгі құқықтың бірі-өмір сүру құқығы.


Оқушы: Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы,заң)қабылданды. Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.

Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы.


Оқушы: 1948 жылы желтоқсанның 10-жұлдызында Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы 3-ші сессиясында 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, адам құқығы дегеніміз- «Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі» деп көрсетілген.

Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бөлімі, бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп белгіленген.


Оқушы: Жақын болашақтағы міндет – жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру болып табылмақ.Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік береді.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал.



3

Қазбек Аслан.: Көп рахмет, құрметті сайыскерлер!Сіөздерге тек жеңіс тілеймін. Келесі кезекті 3-ші топ мүшелеріне берейік, сөз сіздерде!


3-ші топ капитаны: Арынбай Ильяс. Саламатсыздарма құрметті қонақтар, сайыскерлер! Сіздерді осындай тамаша көңілде көргеніме қуаныштымыз! Біздің топ- « Құқықтық сауаттылық – заман талабы ”деп аталады. Біздің тобымыздың мақсаты- Бала құқықтары бойынша Конвенция туралы ақпаратты арттыру.

Талаптанып,қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!- демекші, біз сіздерге Бала құқығы туралы Конвенция жайында мәліметтер бергіміз келеді. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді


Оқушы: Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды. 8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті. Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған.

Қатысушыларға Конвенцияның 4 принципі түсіндіріледі:

- кемсітпеу

- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау

- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу

- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру.


Оқушы: ЮНИСЕФ Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген бала құқықтарын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының (ҚР) Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл халықаралық құжатты Қазақстан Үкіметі 1994 жылы ратификациялады. Содан бері мемлекет миллиондаған қазақстандық балалардың тіршілік ету, даму, қорғану және қатысу құқықтарын қамтамасыз етті.2004 жылы тамызда Қазақстанда бала құқықтарының өзіндік ұлттық декларациясына айналған «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды. Осы Заңның әзірленуі мен қабылдануына Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің сарапшылары елеулі үлес қосты.


Оқушы: Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы жəне оны іске асыру əрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған «Бөбек» қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.Бала құқықтары жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні – білім жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.



Қазбек Аслан: Сайысымыздың 1-ші туры аяқталды, келесі кезекте 2-ші тур - «Шынығу» кезеңі. әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу. Сайыстың осы турын жүргізуді менің көмекші мұғалімге берейік.

Мұғалім: Сөз бергеніңізге рахмет, Қазбек мырза, олай болса ойынымызды бастайық.Сіздер тақтаға жазылған сөздердің дұрыс жауабын анықтаңыздар.Ұпай жауабын тез тапқан топқа өтеді.



4

Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

Цакия- бағалы қағаз.

Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.


Дұрыс жауаптары:

Двакато- адвокат

Иваз- виза

Инзцялеи- лицензия

Енцурауз- цензура

Цакия- акция

Азңегр-заңгер


Мұғалімнің сөзі:


Қазбек Аслан: Ойынымыздың 3-туры-«Тосын жағдай» деп аталады. Эверестикалық тапсырмаларға жауап берейік.

1 тапсырма

• Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10- сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын ійлердің айласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай- шуынан тұрғындар ұйұыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындарадың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра берді.

Сұрақ:

1. Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді

2. Олады жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?

3. Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?

2 тапсырма

• Аудандық ІІБ- не 8- сынып оқушысының ата- анасынан арыз түседі. Онда 11- сынып оқушысы С. Өзінен төменгі сыныптағы балаларды қорқытып, ақша, бғалы заттарын алып қоятының мәлімдеген. Осындай тінту, күш көрсетідің нәтижесінде баласының соққыға жығылғаның жазады.

Сұрақ

1. С-ның әрекетін заң тұрғысынан қалай бағалауға болады?

2. Жауапкершілікке кімді тартуға болады?

3. Зиян қалай өтеледі?

4 тапсырма

• Соңғы кезде Парламент 16 жасқа толмағандарға темекі, спирт ішімдіктерін сатуға тиым салу туралы заң жобасын енгізді.

Сұрақ:

1. Сенің көзқарасың?

2. Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нешінші баптарында айтылған?

3. Кәмілетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс айыппұл кімдерден алынады?





5





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
???ы? ?лемінде

Автор: Найманов Жандос Абдыкадырович

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163186

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ашық сабақ: Ғарыш әлемінде"
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_g_arysh_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "436261"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509618992"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Химия әлемінде " сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(36) "khimiia_liemindie_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "414781"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494581754"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ғажайып сурет әлемінде""
    ["seo_title"] => string(22) "gazhaiyp_suret_leminde"
    ["file_id"] => string(6) "532702"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1576702141"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Ойыншықтар әлемінде""
    ["seo_title"] => string(22) "oiynshyk_tar_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "394427"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487695065"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "математика ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "matiematika-liemindie-2"
    ["file_id"] => string(6) "166711"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422982400"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства