kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Астана- жерді? кіндігі, елді? бірлігі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

            К?ні:__________                                Сыныбы :__________

Та?ырыбы: « Астана- жерді? кіндігі, елді? бірлігі».

Ма?саты:

Білімділік -Байта? ?аза? даласыны? иесі кім екенін алыс пен жа?ын?а танытатын ?аза? жеріні? кіндігіне А?ордасын тіккен- жа?а Астана тарихымен таныстыру:

Дамытушылы? -Астанасына ?арап елін таниды дегендей, Астананы? мемлекетімізді? биік м?ртебесі, жо?ары д?режесі, елдік пен т?тасты?ты?, бірлікті? т?т?асы екенін таныту:

Т?рбиелік – Екі ?асыр то?ысында Еуразия ??рлы?ында?ы ірі тарихи о?и?а болып,тарих?а енген жа?а астанамыз –Астана ?аласымен ма?тану?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Астана- жерді? кіндігі, елді? бірлігі». »

Күні:__________ Сыныбы :__________

Тақырыбы: « Астана- жердің кіндігі, елдің бірлігі».

Мақсаты:

Білімділік -Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен- жаңа Астана тарихымен таныстыру:

Дамытушылық -Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екенін таныту:

Тәрбиелік – Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып,тарихқа енген жаңа астанамыз –Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Астананың суреттері,слайд,мемлекеттік рәміздер.

Барысы : Басыңнан өтсе дағы азалы күн,

Үйреттің бұл өмірдің тазалығын.

Бүгінгі барлық әлем Әнұранмен,

Таниды көк байрағын қазағымның – дей отыра, Әнұран орындалады.

Мұғалім: Ұлы дала тарихына көз салып, ой жүгірсек.

1-оқушы. Кеңес үкіметі орныққаннан кейін 1920 жылы Автономиялы Кеңестік Социалистік Республиканың астанасы Орынбор қаласы болды.Дегенмен, Республиканың оңтүстік өңірлеріндегі тұрып жатқан қазақ халқының басым бөлігінің Орынбордан қашық болуы-астананы көшірудің қажеттілігін туғызады.

2-оқушы. 1925 жылы бұрынғы хандығының шекаралық қамалы болған Ақмешіт ( қазіргі Қызылорда) Қазақстанның астанасына айналды.Сол жылы Қазақстан кеңестерінің 5 сьезі делегаттарының шешімі бойынша Ақмешіттің патшалық атауын кеңестік заманға әбден лайықтап Қызылорда деп өзгертті.

3-оқушы. 1927 жылы Транссібір темір жолы магистралі салынады.Ол Қазақстанның ең ірі елді мекені- Алматы қаласы арқылы өтті.Заманында Ресей патшалығының Жетісу және Түркістан өлкесіндегі негізгі тірегі болған бұл қала 1991 жылға дейін Верный атанып келген.1929 жылы Республика үкіметі жаңа астанаға көшеді.Ол Алматы қаласы еді.

4-оқушы. Тура жетпіс жылдан кейін, 1997 жылы 20-қазанда Елбасының жарлығымен Республиканың астанасына айналды.Сәл кейінірек 8-қарашада мемлекеттің негізгі нышандық белгілерінің бәрі- Республиканың Туы, Елтанбасы және президент байрағы жаңа астанаға әкелінді.Сонымен Целиноград- Ақмола- Астана болып дәйекті түрде өзгертіліп, Тәуелсіз ел егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.

Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да мемлекеттің белгісі –рәміздері бар.Рәміз дегеніміз- белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр- таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.Қазақстан Республиканың мемлекеттік нышандары Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады.Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.

5-оқушы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.

Тудың көгілдір бір түстілігі- бұлсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқы бір жолды ұстауға, биікте, игілікті идея бірлестігіне шақырады.Өрнек- Еліміздің Мемлекеттің Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған, өрнек- қазақтың дәстүрлі өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесімін тапқан.Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі- байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.Қазақсан Республиканың мемлекеттік Туындағы дала қыраны-қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой- ниетінің биіктігін білдіреді.ҚР мемлекеттік Туы Шәкен Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған. ( Слайд.ҚР-ның мемлекеттік Туы.)

6-оқушы. Қазақстан Туы.

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның,

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған.

Көңілі деп білерсің.

Ескі белгі ұрандар.

Сары алтындай сақталған

Күн, шұғыла, қыран да,

Алтын түспен апталған.

7-оқушы. Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік.

Мұратындай атаның,

Әсем өрнек ол ұлттық.

Көк байрағы бабаның-

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Мияты әке, баланың-

Қазақстан жалауы.

Мұғалім: Мемлекеттік Елтаңба Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға т.б салынады.

8-оқушы. ҚР мемлекеттік Елтаңбасы.

Шаңырақ- ҚР-сы мемлекеттік Елтаңбадаға ең басты жүрегі.Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді.Шаңырақ-Отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие.Ал елтаңбаның қыран қанаты- бізді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көпұлтты, Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді.Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз- тұтас халқымыздың бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген арманын арқалап тұрғандай.ҚР- ның мемлекеттік елтаңбасының авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

( Слайд.ҚР-ның мемлекеттік Елтаңбасы.)

9-оқушы. Біздің Елтаңба.

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген .

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы-

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ- жұрт панасы.

Уықтар- күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзіңді.

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр, төзімді.

Пырақ- халық арманы.

10-оқушы. Жоғарыда түсер көз.

Бес тармақты жұлдызға.

Ал « Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл-қызға.

Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз!

Маған, саған қымбатты,

Елтаңба ол- еліміз!

Мұғалім: ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын өзгерту, бұрынғы Әнұранды композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің « Менің Қазақстаным» әнінің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолымен түзетілген нұсқасымен ауыстыру жайлы Парламентте қаралып, бірауыздан қабылданды. « Менің Қазақстаным» әні жазылған кезде Шәмші Қалдаяқов 26 жаста, ал Жұмекен Нәжімеденов 21 жаста болатын.Халқымыз осы әнді зор сүйіспеншілікпен шырқап, өз қалауын білдірді.Жаңа Әнұран ресми түрде 2006 жылы, 11-қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту- әрбір азаматтың парызы.Бұл елге деген зор құрмет.

( Слайд.ҚР-ның Әнұраны.)

11-оқушы. Біздің Президент.

Із салып тыңнан, соңынан.

Ертеңгі елдің таныған.

Көрінген ерен еңбегі.

Тәуелсіздіктің таңынан,

Жетелеп шыңға халықты,

Бастаған жолға байыпты.

Қастерлеп халқы мәңгілік,

Нұрсұлтан Назарбаевты.

12-оқушы. Бұл бүгінгі-Астана,

Арда туған-

Ардақты да киелі,

Асқақ қала-

Асыл тастан сүйегі,

Құба жоннан- қуат алған құдірет.

Қуанғаннан төбем көкке тиеді.

Бұл ендігі- Елорда,

Жаңа ғасыр ғажабынан жаралған.

Мәңгі Астана,

Ең жас қала- әлемде!!!

Мұғалім: Астананың жүрегі- Бәйтерек.Бәйтерек-міне жапырағын жайған тас шынардай.Сәуле шашқан алып шар өмір мен мейірім символын әлемге паш етеді.Бәйтеректің биіктігі-97 м, күмбезінің салмағы -70 тонна.Авторы-Ақмырза Рүстембеков бастаған топ.

13-оқушы.Арайлы менің Астанам,

Көк орай шөбім,

Жайқалып егін,

Байлыққа толы кең дала

Көркейіп өсіп,

Жайқалып жетіп,

Келесің міне күн қала,

Самал жел ескен,

Жастарым өскен,

Бақытым сенсің,Астана.

14-оқушы. Еділ мен Нұра

Жағасы тола,

Ағады көктем кезінде.

Аруақ қолдап,

Елімді қорғап,

Бабалар өткен кезінде,

Бөгенбай бабам.

Қажымұқан атам.

Армандап өткен Ақмола.

Гүлге енді толып,

Астана болып,

Жайнашы өзің жас қала.

15-оқушы. Қиқу сап тұстан,

Аққулар ұшқан,

Толықсып далам жатқанда.

Ереймен жерін,

Қорғалжын көлін,

Мақтаныш тұтам қашанда.

Сарыарқа елім,

Кең байтақ жерім,

Мекені болған бар ұлттың.

Көңілі толып,

Астана болып,

Ақтарсың елдің үмітін.

Мұғалім: Енді тақтаға назар аударайық. « Қазақ астаналарының ауысу тарихынан...» қысқаша мәлімет.

1919-1925 ж Қазақ АКСР- ң

Астанасы-Орынбор қаласы.



1998 ж Астана қаласы.

1925-1929 ж Қызылорда қаласы.

1997 ж Ақмола қаласы.

1929-1997 ж

Алматы қаласы.

Астана















16-оқушы. Ел ордасы –Астанам.

Көкейе бер, жас қалам!

Елбасымыз Нұрсұлтан-

Асыл туған жақсы адам.

17-оқушы. Самғаған көкке, көк байрағы.

Бүгінде Астанамыз гүл жайнады.

Атағы елге аян бұл қазақтың.

Даңқы асып, бағы тасқан нұрлы аймағы.

Сеніменен мақтанамыз, бас қалам.

Күннен- күнге гүлдей бергей, жас қалам,

Кең жазира даламды бүкіл әлемге,

Паш етіп көрсете берші, Астанам!

Мұғалім: Тақтадағы сұрақтарға жауап берсек.

1.Бәйтеректің биіктігі мен оның салмағы қандай?

( 97 метр және 70 тонна).

2. ҚР-ның мемлекеттік Туының авторы кім?

( Шәкен Ниязбеков).

3.Елтаңбада неге шаңырақ бейнеленген?

( Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын ибілдіреді.Шаңырағы биік болсын, үйінің қабырғасы кең, іргесі биік болсын деген мағына білдіреді).

4. Қазақстан астанасы 1997 жылы қай қала болды?

( Алматы) .

5. Жаңа әнұран ресми түрде қай жылы орындалды?

( 2006 жылы,11-қаңтар).

18-оқушы. Маңғаз дала- құлпырған қиыр қандай.

Маңдайыма бақ болып болып бұйырғандай.

Барлық өзен арнасын бұрып алып.

Ағыл- тегіл Есілге құйылғандай.

Тұр Астана,

Өзіне сенген ерден.

Самал желі- жан дертін емдегендей,

«Жаңа ғасыр тудырған дүниеге

жалғыз қала жалғанда

мен» дегендей,

Елордаға- Сарыарқа дала сәні

Ай мен Күн де қызығып қарасыды.

Бес қаруын жасанған хас батырдай,

Астанаға асқақтық жарасады.

Мұғалім:Экрандағы « Астана» бейне көрінісіне назар аударайық.

Қорытынды.

Мұғалім: Елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақытқа төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасады.Мемлекеттік нышандар- Ту, Елтаңба, Әнұран бір күде пайда бола қойған жоқ, сан ғасырларды артқа тастап орнықты.Олар мемлекеттің кешегісін, бүгінгісін, келешегін көрсетіп қана қоймайды.Сасқанда- сабыр, қиналғанда –сенім, абдырап- аптықсаң ақыл қосатын құдіретті күштер ғой.Міне, сондай баға жетпес байлығымыздың бірі де бірегейі- еліміздің Астанасы болмақ.Астана-біздің жүрегіміз.Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі ашық тәрбие сағаты осымен аяқталды.Сіздерге рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
« Астана- жерді? кіндігі, елді? бірлігі».

Автор: Айтымбетов Манарбек Сапарбайулы

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201694

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Астана - Еуразия ж?регінде"
    ["seo_title"] => string(30) "astana-ieuraziia-zhurieghindie"
    ["file_id"] => string(6) "324252"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462382556"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Мен - т?уелсіз елді? болаша?ымын"
    ["seo_title"] => string(35) "mien-t-uielsiz-ieldin-bolashag-ymyn"
    ["file_id"] => string(6) "306919"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458219516"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Конспект на тему "Қазақстаным менің мақтанышым""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekt_na_tiemu_k_azak_stanym_mienin_mak_tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "369386"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481655316"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Бізді? Отанымыз. "
    ["seo_title"] => string(15) "bizdin-otanymyz"
    ["file_id"] => string(6) "209456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431173259"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства