Тақырыбы: Стресті басқару дағдылары.
Қатысушылар: 9-10 класс
Ұйымдастырушы: Симұханова А.О
Мақсаты: Стресті басқару дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Стресс жағдаяттардан тиімді жолмен шығу дағдыларын қалыптастыру.
2. Өзін-өзі бақылау, игеру дағдыларын дамытуға ықпал жасау.
3. Босаңсу тәсілдерінің бірімен таныстыру.
Сабақтың түрі: Психологиялық тренинг.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойындар.
Көрнекілігі: плакат, түрлі – түсті қағаздар, музыка.
Сабақтың барысы:
- Армысыздар, құрметті оқушылар! Мен сіздерді көргеніме әрі бүгінгі тренингке қатысқалы отырғандарыңызға өте қуаныштымын! Сіздерге әрі маған, өз-өзімізге қошемет көрсетейік!
СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.
Біз оны әр уақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Стресті қалай жеңуге болады? Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз»
Канадалық физиолог Ганс Сельенің анықтауына сәйкес стресс – бұл организмнің тез қартаюына немесе ауруларды туғызатынның барлығы. Стресс кез – келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді.
Оның бірінші белгілері:
• алаңғасарлық;
• жоғарғы қозғыштық;
• жиі шаршау;