kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бізді қоршаған орта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бізді қоршаған орта»

Бізді қоршаған орта



Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме»,«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады.

Таза болса табиғат – аман болар адамзат

Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен – көлсің,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған, -

деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындапотырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.Қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.Осындай экологиялық зардаптар Павлодар өңірінде де кеңінен байқалады. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен – табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.Павлодар облысы ірі өнеркәсіп орталығы саналады. Онда зауыт-фабрикалар көп орналасқан. Одан шыққан түтін мен шаң-тозаңдар ауа мен топырақты ластауда, ал қалдық сулары өзен-көлдерге ағызылып, ауызсу мәселесін туындатып отырғаны белгілі. Бұл адам денсаулығы мен өсімдік, жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізіп отыр деген сөз. Сондықтан да ауаны ластамай таза ұстау – барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.Сырттан келушілердің көзін арбап, көрген жанды тамсантпай қоймайтын Сарыарқаның төсіндегі табиғаты ерекше – Баянауыл жері де осы Павлодар өңірінде. Баянауылдың табиғатына қандай теңеу айтса да жарасады. Оның қыратты адырлары мен орман-сулы өлкесі, шипалы таза ауасы мен қарағайлы таулары кім-кімді болса да баурап алары сөзсіз. Бірақ еліміздің мақтанышы, жұмағы болып отырған осы өңірдің де экологиялық жағдайы мәз емес. Оны біз күнделікті ақпарат құралдарынан оқып-біліп отырамыз.Ел қамын ойлайтын азаматтардың «Баянауыл көң-қоқысқа көмілуде» деген жан айқайы жиі естіліп қалады. Шынында да, Баянауыл ауданындағы елді мекендер мен шаруа қожалықтары көң-қоқыстың арасында жатыр. Ауызсу құдықтары мен бұлақтары да қорғауға алынбаған. Ұлттық парк аумағындағы ірі деген төрт көлдің барлығы ұзақ жылдар бойы ластануда. Өндіріс мұржаларынан шыққан зиянды түтін мен ластанған су, топырақ тұрғындардың денсаулығына қауіп тудыруда. Баянауыл жеріүлкен демалыс-сауықтыру орны болғандықтан, жаз айларында демалушылар көп келеді. Алайда, олардың ешқайсысы қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөліп отырған жоқ. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.

Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Табиғатты қорғау – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай Т. қ-ды мемл. реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы дамыған елдерде тұрақты мемл. реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің экол. зардаптарын реттеу мен бақылаудың құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімш. тарапынан осы салада ғыл.-зерт. және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары құрылған кезден басталды. 1970 – 80 жылдардың тоғысында әкімш. бақылау құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту, жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның экол. жағынан сертификатталуын талап ету, т.б.) тікелей және жанама түрде экон. реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экон. ынталандыру шараларында экол. жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары қамтылады. Оларға басқа да тең жағдайлармен қатар мемл. сатып алу бағдарламасын іске асыру, келісімшарттарды орналастыру және сауда-саттық жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің “тазалық“ деңгейіне қарай сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экол. мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен Т. қ-ды мемл. реттеу “таза” өнім мен технологияларға деген сұраныс қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді.

Ғыл.-тех. төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресурстарды үнемдеу мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан дамыған елдерде осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық мемлекет нарығы, қоғамдық ин-ттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген халықар. экон. байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты экол. келісімдер жасасу табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптарға жол бермеу, биол. алуан түрлілікті сақтау, т.б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді.

Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі мен қызметінің және еліміздің әлеум.-экон. дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару жүйесінің өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан жерінде экол. қасірет аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа да жасырын әскери сынақ орындары, Арал т-нің суалуы сияқты экол. апат аймақтары қазақ халқының өмірі мен денсаулығына, тіршілігіне қатерлі қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттеліп, экол. саясаттың негізгі жалпы ұстанымдары конституцияда тұжырымдалды (38-бап). “Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңы (15.7. 1997) қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құ-қықтық, экон. және әлеум. негіздері мен экол. қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экон. тетіктері айқындалды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Бізді қоршаған орта

Автор: Есенгалыева Жадра Нуркасымовна

Дата: 19.10.2016

Номер свидетельства: 350637

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Бізді  ?орша?ан орта"
    ["seo_title"] => string(24) "bizdi-k-orshag-an-orta-1"
    ["file_id"] => string(6) "256969"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448257099"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Бізді қоршаған орта"
    ["seo_title"] => string(24) "bizdi_k_orshag_an_orta_1"
    ["file_id"] => string(6) "415743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494912485"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "?орша?ан ортаны? химиялы? ластануы"
    ["seo_title"] => string(39) "k-orshag-an-ortanyn-khimiialyk-lastanuy"
    ["file_id"] => string(6) "269677"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450885209"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?орша?ан орта ж?не мен "
    ["seo_title"] => string(28) "k-orshag-an-orta-zh-nie-mien"
    ["file_id"] => string(6) "182199"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425478085"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?орша?ан орта "
    ["seo_title"] => string(16) "k-orshag-an-orta"
    ["file_id"] => string(6) "145823"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418999935"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства