Білімділік ма?саты: Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, жыл мезгілдеріне т?н ?згерістермен таныстыру. С?йлем ??рау, ?з бетімен тапсырмаларды орындау ар?ылы ?р жыл мезгіліндегі таби?ат ??былыстарын ?йрету.
Т?рбиелік ма?саты: Жыл мезгілдеріне ?арай д?рыс киім та?дауды ?йрету. Жыл мезгіліне т?н таби?ат с?лулы?ын т?сіндіре отырып эстетикалы? т?рбие беру. Бірлесіп тапсырма орындау барысында жолдасты??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«"Жыл мезгілі к?з"»
Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілі-Күз»
Сыныбы: 4
Білімділік мақсаты: Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, жыл мезгілдеріне тән өзгерістермен таныстыру. Сөйлем құрау, өз бетімен тапсырмаларды орындау арқылы әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын үйрету.
Түзету – дамытушылық мақсаты:Зейінін шоғырландыру. Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:Жыл мезгілдеріне қарай дұрыс киім таңдауды үйрету. Жыл мезгіліне тән табиғат сұлулығын түсіндіре отырып эстетикалық тәрбие беру. Бірлесіп тапсырма орындау барысында жолдастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, стикер, смайликтер, музыкалық құралдар.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап.
Түрі:Түзете – дамыту сабағы. Топтық сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Алдарыңызда тұрған әр смайликтер арқылы көңіл – күйіңізге сәйкес смайликтерді таңдап алып, алдарыңызда тұрған тақташаға жапсырып қойыңыздар.
Әр дұрыс және толық жауапқа – қызыл, орташа жауапқа – сары, мүлдем жауап бермесеңіз – жасыл жұлдызшаны аласың. Жұлдызшаның қай түсі көп, сол арқылы сабақтың соңында бағаланатын боласыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген мұғалім туралы өлең немесе сурет салуды тексеру
Енді мына тақтада тұрған математикалық жұмбақты шешіп көрейік.Егер біз осы есептің шешуін тапсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз.
ЖЫЛ МЕЗГІЛІ.КҮЗ.
№
Ж
Ы
Л
М
Е
З
Г
І
Л
І
1
15+ 45
72- 57
38+44
160-100
50+44
2
95
54:9
88
45:9
66
3
50
45
15
6
82
64
60
5
94
36
Жаңа сабақты түсіндіру
Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Жыл мезгілі. Күз.
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? Оларды ата? (Оқушыларға ай атаулары беріледі, сол бойынша оқушылар әр жыл мезгілдің айларын астына тауып қояды.)
Қазір қандай жыл мезгілі ? (күз)
Күз мезгілінің белгілерін аташы?
Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан, қараша)
Егінді қашан жинаймыз? (Күзде)
Бақшадан не жинаймыз? Бақта не өседі? Орманда не өседі? (Бақшада – көкөністер, бақта – жемістер, орманда - саңырауқұлақтар) Күзде жеміс – жидектер пісіп, қамбаға астық толады. Дала сап – сары алтындай болып жапыраққа толады. Күзде күн суытады, адамдарда, жануарларда тоңады, құстарда жылы жаққа ұшып кетеді, табиғаттың барлығы көңілсізденеді. т.б
Күз мезгілінде құстар қайда кетеді? (Жылы жаққа)
Құстар неге жылы жаққа ұшады? (Өйткені оларға тамақ жетіспейді, шыбын – шіркейлер болмайды)
Жәндіктер қайда?
Неге күн салқындап кетті?
Күзде жануарлар не істейді? (Қысқа дайындалады, қысқы азығын дайындайды, кейбір аңдар тондарын ауыстырады.
Ал адамдар не істейді? (Жылы киінеді, қысқа дайындалады және т.б)
Күз мезгілі неше кезеңге бөлінеді? (Ерте күз, алтын күз, қара күз)
Қазір күз мезгілінің қай кезеңі? (Алтын күз)
1.Тапсырма "Күз мезгілі мен жаз мезгілін салыстыр"
(мұғалім сөйлемді бастайды, оқушылар аяқтайды)
Жазда аспан шайдай ашық, ал күзде ... .
Жазда күн ыссы, күзде ... .
Жазда күн ұзарады, ал күзде ... .
Адамдар жазда жеіл киінеді, ал күзде ... .
Жаз мезгілінде оқушылар демалады, ал күзде... .
Жазда ағаштар жасыл жапырақ жамылады , ал күзде.. .
Сергіту сәті: Берілген әуенге жаттығу жасайды
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын және тақырыпты жазу.
2. Тапсырма «Сөйлемді аяқта»
Жапырақтар күзде сарғаяды, ...........
Жаңбыр күзде жауады, ...........
Күзде құстар жылы жаққа ұшады, ...................