«Жүректен-жүрекке» тренингі Қарақат, мен саған зор денсаулық тілеймін. Рахмет, ?мен саған бақытты өмір тілеймін. Рахмет, ? мен сенің болашақта жақсы маман болуыңа тілектеспін. Рахмет, ? мен саған ұзақ өмір тілеймін...... «Ұқсас ұғымдар» арқылы топқа бөлу 1.Жүрек, тамыр, күретамыр, қанайналым, артерия – «Жүрек» тобы 2. Мұрын, кеңірдек, көмекей, өкпе, кеңірдек тарамдары- «Тыныс» тобы 3. Өңеш, асқазан, жұтқыншақ, бауыр, сілекей бездері- «Ас қорыту" тобы Оқушылар өздері таңдап алған қағаздары бойынша 3 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау «Дананың кілттері» әдісі 1-кілт «Құрастыру» кілтінің тапсырмасы (5 минут) Суреттер таратылады. Оқушылар берілген суретке қарап негізгі ұғымдарды жазып шығулары керек. Толық жауап берген, бірінші бітірген топқа «Құрастыру» кілті табыс етіледі. Топтар бірін-бірі тыңдап, «Бас бармақ» арқылы бағалайды. Балалар, менде әлі бірнеше кілт бар, сабаққа жақсы қатысып, Дана кілттерді алуға тырысайық! Үй тапсырмасын бекіту «Керісінше» кілті 1.Ас қорытуға жатпайтын мүшелерді атаңдар. 2. Тыныс алуға жатпайтын мүшелерді атаңдар. 3. Қанайналым жүйесіне жатпайтын атауларды атаңдар. Жақсы, біз өткен тақырыпты жақсы білетінімізді дәлелдедік. Бүгін сендермен «Жүйке жүйесі» тақырыбымен танысамыз. |