•Саба?ты? ма?саты: ми, ж?йке ж?йесіні? ??рылымы, оны? ма?ызы мен ат?аратын ?ызметі туралы т?сінік ?алыптастыру; ж?йке ж?йесін ны?айту т?ртібін талдау;
•Сезім м?шелеріні? адам а?засында ат?аратын ?ызметі туралы т?сінік беру.
•«Сезім м?шелері» ар?ылы заттарды таныта отырып, ой-?рістерін, с?здік ?орларын, тіл байлы?тарын дамыту.Сезім м?шелерін к?туге, жеке бас гигиенасын са?тау?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану Ж?йке ж?йесі 3 сынып»
Тақырыбы:Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері.
3 сынып
Өткізген: Бекжанова
Балиса Сембаевна
Сабақтың мақсаты : ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау;
Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
«Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : «Ми және жүйке жүйесі» кестесі,жұмбақтар, сызба, суреттер, слайд. Үнтаспаға жазылған әуендер.
дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңеймін.
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
Балалар, біз айналамыздан түрлі заттарды көріп, дыбыстарды естиміз, иісті ,ыстықты ,суықты сезінеміз.Осылардың әрқайсысына белгілі бір әрекет жасаймыз.
Оғанжүйке жүйесікөмектеседі.
Адамныңжүйке жүйесімидан, жұлыннанжәне осы жұлыннан дененің барлық мүшелеріне тарайтынжүйке тамырларынантұрады.
.
Ми- бас сүйекте, алжұлын– омыртқа түтігінде орналасады.Жіңішке жіптей жүйкелер ми мен жұлынды барлық мүшелермен жалғастырады.
Балалар мына суреттерді не арқылы танып білеміз?
Сезім мүшелеріне нелер жатады?
Жұмбақ шешу:
1.Көреді бәрін өзгенің,
көре алмайды өздерін?
2.Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
3.Екі шырақтың ортасында
бір өзім.
4.Дәм сезетін жүйрік,
Денесі жұмсақ сүйрік.
Көз –көру мүшесі.Көружүйке тамырларызақымданса
адам соқыр боп қалады.Көздің қорғанышы-кірпік, қабақ, қас. Олар көзді шаң-тозаңнан, түрлі қоқымнан, сұйық тамшылардан қорғайды.
Құлақ –есту мүшесі.Есту жүйке тамырларызақымданса
саңырау болады.
Алқұлақарқылы көрмей-ақ дыбысты естиміз.
Мұрын- иіс сезу мүшесі.
Адаммұрынменәр түрлі иісті ажыратады ,
мұрынмен тыныс алады.
Ол иістің неден шығып жатқанын біледі.
Тіл –сөйлеу мүшесі.
Тілдәмді ажыратады.Тіл– біздің ағзамыздың қорғаныш қызметін атқара алады.
Адам денесінтеріжауып тұрады.
Теріде қорғаныш қызметін атқарады.
Теріауырғанды да сезіне алады.Терідеорналасқан мыңдаған жүйке тамырлары бұл сезімдімиғажеткізіп отырады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Топпен жұмыс.
Сызба толтыру.
1 топ. Ас қорыту мүшелерін жазады.
2 топ.Сезім мүшелерін жазады.
3 топ. Тыныс алу мүшелерін жазады.
Сергіту сәті.
Ойын: “Алма теру”
Ас қорыту
мүшесі
Тыныс алу
мүшесі
Сезім
мүшесі
Жүйке жүйесінің гигиенасы
*Жүйке жүйесінің шамадан тыс шаршауына жол берме, уақытында ұйықта.
*Ұйқы. Ми шаршағанда бұлшық ет сияқты ол да демалысты қажет етеді.Мидың демалуына ұйқы көмектеседі. Ұйықтағанда да тазалық сақтай білу керек.
Ауасы тазартылған бөлме мен таза төсекте ұйықтаған адам жақсы тынығады.
Ұйықтаған кезде қатты музыка қоюға немесе қатты сөйлеуге болмайды.
*Жас нәресте тәулігіне – 18сағат ұйықтау керек.
Балалар- 10-12сағат, жас жеткіншектер – 10 сағатқа дейін, үлкендер- 7-9 сағат ұйықтау керек.
*Күнделікті іс-әрекетін, айналысатын ой және дене еңбегін дұрыс ұйымдастыра біл.
Есіңде сақта!
Көз және тері күтіміне мән бер.
*Көзің сырқаттанса дәрігерге көрін.
*Көзіңді қолмен уқалама.Үшкір заттан сақтан.
*Теріні құрғап кетуден сақта. Тері жарақаттанған жағдайда арнаулы жағатын майларды пайдалан.
*Құлаққа суық тигізбеу үшін, қыста жылы бас киім ки.
*Құлақты үшкір, қатты заттармен тазалауға болмайды.
*Мұрныңды күте біл.Ол үшін таза орамалды пайдалан.
*Білмейтін қышқылдарды иіскеуге болмайды, уланып қалуың мүмкін.
*Өзің білмейтін және лас заттарды ауызға салуға болмайды.
*Ауыз қуысын тамақ ішкеннен кейін сумен шайып тазала.
Суретті пайдаланып өзіңнің күн тәртібің жайлы әңгімеле:
Қорытынды. Сұрақ-жауап.
1.Жүйке жүйесі нелерден тұрады?
2.Сезім мүшелерін ата.
3.Көз, құлақ, мұрын, тіл мүшелерінің негізгі қызметін ата .