Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін бекіту, кеңейту.
Сабақтың міндеті:Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту; түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол сөздермен сөйлемдер құрату.Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Жұрнақ пен жалғау. "»
Күні:17.01.17ж
Пәні:Қазақ тілі. 2сынып
Сабақтың тақырыбы:Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін бекіту, кеңейту.
Сабақтың міндеті:Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту; түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол сөздермен сөйлемдер құрату.Оқушылардың сөздік қорын молайту , байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, сұрақ-жауап,талдау ,іздендіру, рефлексия.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Зейіндерін аударамын. Оқу құралдарының түгелдігіне назар аударамын.
Сабақтың ұраны: Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену. Еңбектену арқылы Беске қолды жеткізу
Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
291-жаттығу «ҚЫСҚЫ ЕҢБЕК» тақырыбына әңгіме құрау. Дәптерлерін жинап, таратамын.
Миға шабуыл
Өткенді тақырыпты еске түсіру.
Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіргендері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне – бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?
Иә алғымыз келеді.
Ендеше, бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?
Дайынбыз.
1.Аяғы жоқ жүреді, ауызы жоқ сөйлейді. (хат)
2.Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды. (сандық)
3. Байлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеске. (білім)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.
Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?
Түбір сөз дегеніміз не?
Жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не?
Дәптерді ашу ,бүгінгі күнді жазу. Көркем жазу.
Жұппен жұмыс.
Терме диктант .
Мына сөздердің ішінен тек қана косымшалы сөздерді теріп жазу керек.
Көкшіл, ойыншық, қойшы, әнші, бастық, балада, көйлектің . ІІІ. Жаңа оқу материалын пысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс)
292-жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.
2.Қарамен берілген сөздерді теріп жазу.
Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады. Шоқан туралы не білесің? Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады.
Шоқан Уалиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шын есімі Мұхаммед Қанафия 1835-1865 –қазақтың ұлы ғалымы, ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,географ,ағартушы.Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен,”Шоқан” аталып кеткен.
әдебиетші зерттеуші
тарихшы Шоқан заңгер
жаратылыстанушы саяхатшы
этнограф ғалым
3.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле.
293-жаттығу.1.Мәтінді көшіріп жаз.
2.Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.
Бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқалары да дәптерлеріне көшіріп жазады. Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады.
- Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па?
- Жалғау.
- Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар?
- Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
294-жаттығу. Оқушылар бірігіп ребусты шешеді. Шешуінде шыққан
балықшы деген сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
Сергіту сәті. (электронды)
295-жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандардың жалғау екендігін дәлелде.
Наурыз ді
- Бала ға
Қала ның
Көмір да
- Не себепті жалғау жалғанып тұр?
- Себебі жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.
IV. Шарадалар шешу.
- Қазір балалар біз сендермен мынандай логикалық жұмбақтарды шешеміз.
-Жақсылап ойланып жауап береміз.
1. Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір әріп,
Шыға келдім шал болып. (ат - ата)
2. Үш әріптен құралып,
Ұшып жүрген құспын,
«Ақ» жұрнағын жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)
3. Алғашқыда балық аулар,
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір әріп,
Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа
2.«Алма»жинау ойыны.
Кел,балалар,ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістердіжинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді ұл балаға , жалғау жалғанған сөзді қыз балаға береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.