kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жомарттық пен кеңпейілділік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жомарттық пен кеңпейілділік»

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiмі____________№ 1 сабақ


Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм:

Cыныбы 1 Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың адалдық, ақиқат, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

2. Оқушылардың бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерін ашуға ықпал ету;

3. Мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан, жақсыны жаманнан ажырата білуге, мейірімділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, жайлы әуен, ақ қағаздар, нақыл сөздер, тапсырма

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесімен таныстыру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Дәйексөз.

«Ақиқат-адалдықтың бастауы»


Балаларды сабақтың дәдәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын қортындылау.

- Ақиқат , шындық адамның өмірінде ең маңызды орын алатын қасиеттер. Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен адам адал өмір сүреді. Адалдық-адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті болады. Адалдықпен өмір сүру – өмірдің басты заңы.


Дәйексөздің мағынасын түсіндіру

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

- Ақиқат деген не?

- «Адалдық, шындық» дегенде ойларыңа не түседі?

- Ақиқат- парасатпен ой-санамен ақылмен айтылған сөз. Барлық болмыстың бастапқы болмысы-ақиқат. Ақиқат - ол дәл осы сәт. Қазіргі сәттің күші. Адамның болмысы өзі ақиқат. Ақиқат дәлелді қажет етпейді.

Мәтінмен жұмыс

«Елеместің адамгершілігі» ертегі

- Қарт Елемеске қандай кеңес берді?

- Елеместің өмірі қалай жалғасты?

- Елемес қандай адам?

- Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

- Адал болу не үшін қажет?

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

Ақиқат туралы аңыз.

Ертеде бір дана кісі өмірден кетіп,о дүниелік болған кезінде періштеге жолығыпты.

Періште дана кісіден:

- Жер бетінде қалай өмір сүрдіңіз,- деп сұрапты.

- Мен тірі кезімде өмір бойы ақиқат іздеумен болдым ,-деп жауап беріпті.

Аа,оныңыз дұрыс болған екен,- деп періште дана қарияны мақтапты.

- Сен ақиқатты табу үшін не істедің? Оған жету үшін немен айналыстың деп сұрапты періште.

- Мен ақиқатты табу үшін даналық туралы кітаптарды көп оқып, ақиқат жолын іздедім. Даналықтар адамдарға діни жолмен беріледі сондықтан мен қасиетті жазбаларды көп оқып, храмдарды араладым ,-деп жауап беріпті дана қария.

Сол кезде періште қарияға қарап жымиыпты.

Одан соң қария кісі мен осы саяхаттап жүрген кезімде оқыған даналықтарым туралы кездескен адамдармен әңгіме жүргізе отырып, ақиқатпен шындық туралы көп дауластым.

Сол кезде періште мейірлене күліпті.

Осы сәтте дана қария үндеми қалыпты.

Періштенің бетінен күлкі кетіп, мұңайған күйге түсіпті.

Осы кезде дана қария періштеден мен бірдеңені дұрыс жасамадым ба?- деп сұрапты.

- Барлығы дұрыс бірақ сен сүйіспеншілік туралы ештеңе айтпадың ғой деп жауап берді періште. Менің сүйіспеншілік іздеуге еш уақытым болмады. Себебі мен ақиқатты іздеумен болдым деп мақтана жауап беріпті. Сол сәтте періште дана қарияға: Сүйіспеншілік жоқ жерде ақиқатта жоқ деп жауап беріп, ең терең ақиқат, терең сүйіспеншіліктен туындайды деп мұңайған қалыпта көзден ғайып болыпты

Сұрақтар:

  • Қария өмір бойы нені іздепті?

  • Оны табу үшін ол не істеді?

  • Періште қарияға не деп жауап берді?

  • Ақиқатқа жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

  • Ал сендердің бойыларында ондай қасиеттер бар ма?

  • Өмірдекімге жақсылық жасадыңдар?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын.

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға айтып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)

Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс

- Дәптердегі суреттерді бояңдар. Ондағы балалардың іс-әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп айтыңдар.

Тапсырма

- Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып айтыңдар

Оқушылардың дәптерде тапсырманың орындауын қадағалау

  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер елінде»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№_2 сабақ


Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз.

Құндылық: Ақиқат құндылығы

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Жалпыадамзаттық ақиқат құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеті:

1. Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

2. Оқушылардың бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерін ашуға ықпал ету;

3. Оқушыларды мейірімділікке, шыншылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, жайлы әуен

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Дәйексөз.

Ақиқаттың кемесі сынбас


- Ақиқат, шындық адамның өмірінде ең маңызды орын алатын қасиеттер. Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен адам адал өмір сүреді. Адалдық - адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті болады. Адалдықпен өмір сүру –өмірдің басты заңы.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

М. Мақатаевтың «Шындық туралы» өлеңін оқып, мысал келтіріп, өлеңді талдаңдар .

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба?

Ар ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да

Ат жалынан мал тапқан жылымдар да,

Арамзаны, ұрыны жұлып түспей

Ақиқаттың алмасы суынған ба?

Шындық деген шымылдық біреулерге,

Қалқа қылып шындықты жүрер пенде

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бейшара кірер жерге.

Сұрақтар:

1. Адамды адам ететін қандай қасиеттерді білесің?

2. Адамның жағымды жақтарын қалай байқауға болады?

3. Өмірде өздерің үлгі тұтатын адамдарды атаңыздар?

4. Өмірде адамдарды байланыстыратын қандай күш бар?

Оқушылар өз ойымен бөліседі


Мәтінмен жұмыс

Түлкі мен ешкі Ыбырай Алтынсарин


Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

— Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.

— Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты

-Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?

-Әрдайым шындықты айтқан жөн бе?Неліктен?

-Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.

-«Түлкі мен ешкі»ертегісінен не үйрендіңдер? Айтып беріңдер.

Сұрақтар:

  • Түлкі қайда түсіп кетеді?

  • Ол ешкіге не деп айтты?

  • Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?

  • Түлкінің бойында қандай қасиеттер бар?

  • Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?

  • Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Дәптермен жұмыс

Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің суреттін салыңдар.



  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер елінде»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.












«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№_3 сабақ


Тақырып: ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Шыншылдық, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- «Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

- оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

- Оқушыларды шыншылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Дәйексөз


Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, үлгісімен қуантады түбінде.

Ж. Баласағұни


- Тәртіпті көріп өскен бала өзінің іс-әрекетімен көрсете алады. Тәртіпті бала отбасының, ұстазының көз қуанышы.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

4. Әңгiмелеу (сұхбат)

- Тәртіптілік деген не?

- Тәртіпті бала қандай болу керек?

- Тәртіпсіз бала қандай бала?

- Парыз дегеніміз не?

- Біздің қандай парызымыз бар?


Оқушылар өз ойымен бөліседі


Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы мағлұмат беремін.


- Сонымен балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішілікті, шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата - аналарымыз, ұстаздарымыз.

- Жақсы бала болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, тәртіпсізден аулақ болуға тырысуы керек.

- Тәртіп - орындалуы міндетті, барлығымызға ортақ ереже. Тәртіп-адамды жетістікке жеткізеді.

- Парыз - төлемді, өтемді талап етпейтін, бірақ әркімнің адамгершілік қасиеттеріне байланысты өзі біліп атқаратын қасиетті борышы. Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар. Адам өзін парызға арнап, парызға сәйкес әрекет етуі тиіс. Сонда барлық іс-әрекеті дұрыс болады.

Мәтінмен жұмыс

«Сыпайы қоян» Ертегі

Сұрақтар:

- Қоян неден қорқты?

- Ол қайда тығылды?

- Үңгірде не көрді?

- Қоянның бойында қандай қасиеттер бар?

- Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

- Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

- Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

- Өзінің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын.

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Топтық тапсырма.

1 тапсырма

- Оқулықтағы суреттерге қараңдар. Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер.

2 тапсырма

Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар.

Дәптермен жұмыс

Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің суреттін салыңдар.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

  1. Топпен ән айту.

«Атамекен»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады. Отан алдындағы парызды ұғыну мақсатында«Атамекен» әнін орындаймыз




















Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№ 4 сабақ


Тақырып: ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ

Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығының

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- «Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

- оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

- оқушыларды шыншылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. 3. Дәйексөз

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы


- Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.


  1. 4. Әңгiмелеу (сұхбат)


Оқушылар өз ойымен бөліседі

Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы мағлұмат беремін.

Мен тәртіпті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Анам нанға кеткенде,

Үйде ойнап қаламын.

Шкафтарды ашпаймын,

Кітаптарды шашпаймын.

Текшелерден үй жасап,

Қызық ойын бастаймын.

Мәтінмен жұмыс


«Алғыс» М. Төрежанов

- Балалар кімге алғыс айтты?

- Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?

- Балалар бұл оқиғадан қандай сабақ алды?

- Сендер кімдерге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?

- Адамның қандай парыздары бар?

- Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?

- Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс?Неліктен?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қараңдар.Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер (Отбасы,ұстаз,Отан)

2 тапсырма

Суреттерге қарап, олардың қасиеттері туралы әңгімелеп беріңдер.

3 тапсырма

Ата-баба мұрасын қастерлеу-ұрпақ парызы-дегенді қалай түсінесіңдер? Айтып беріңдер.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

  1. 6. Топпен ән айту.

«Атамекен»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады. Отан алдыңдағы парызын сезіну мақсатында «Атамекен» әнің орындаймыз




















Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№ 5 сабақ


Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру!

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сабырлық, қарапайымдылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Адамның сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулылық туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларды адамның жан-дүниесінен туындайтын қасиеттері арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашып түсіндіру.

- Оқушылардың бойында сабырлық, қарапайымдылық қасиетттерін дамытуға ықпал ету.

- Оқушыларды сабырлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

2. Дәйексөз


Арынды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта

Нақыл сөз

- Ар-ұждан - адамдықтың белгісі. Адамды істеген ісіне қарай бағалайды. Әрбір істі ұятқа қалмайтындай етіп, ойланып жасау керек. Ар-ұжданы бар адам әр уақытта дұрыс әрекет жасайды. Ал дұрыс әрекет жасаса ішкі тыныштық орнайды. Ар-ұжданына сай өмір сүру - әрбір адамның парызы. «Әдепті бала – арлы бала» деп халық бекер айтпаған.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.


3. Әңгiмелеу (сұхбат)


Мәтінмен жұмыс


«Әйнек адам» В. Сухомлинский

Сұрақтар:

- Баланың қандай досы болыпты?

- Ол балаға қандай не айтады?

- «Әйнек адам» неліктен кейде күңгірт тартады?

- «Әйнек адам» қайтадан мөп-мөлдір түске енуі неліктен?

- Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

- Ал сендердің бойларында сондай қасиеттер бар ма?

- Өздеріңнің дұрыс әрекет жасағандарынды қалайша сезінесіңдер?

- Өмірде кімге және қандай жақсылық жасадыңдар, әңгімелеп береңдерші.


Бақытсыз бай

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.

Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

— Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді “мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты.

Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.

Сонда жалшысы: Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым, қара күшім, осылар барда менің ішкі тыныштығым орнайды, ішкі тыныштығым болса мен нағыз бақытты адаммын. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді.

Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық

үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.

Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1 тапсырма

Суреттерді қараңдар. Өзіңді ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді тауып, әңгімелеп айтып беріңдер.

2 тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • «Әдепті бала – арлы бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Қандай жағдайларда «ұят болады» деген ескерту алып қалуларың мүмкін?


Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

5. Топпен ән айту.


«Бала тілегі» Әнін жазған: Ф. Жолдасова

Сөзін жазған: С. Молдасанұлы

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.








































Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№ 6 сабақ


Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: Шыдамдылық, сабырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығының мәнін ұғындыра отырып,сабырлылық,шыдамдылық,адами қасиеттерін меңгерту.

Міндеттері:

- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;

- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- шыдамдылыққа, сабарлылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

2. Дәйексөз


«Ақыл –адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»

М. Әуезов

Оқушыларға дәйексөзді қайталатып, оқушы ойын ортаға саламын. Қосымша дәптерге жазғызамын.


-Ақыл мен сабыр арқылы атқарылған іс қандай нәтижеге жетелейді?

-Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңызды рөл атқарады?

Сабырлы адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп, төзімділік танытады.

Сабырсыздық адамды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққы жол береді. Асығып қабылдаған шешім, сөздер барлық уақытты оң бола бермейді. Ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей, ойланып алу сабырлылықты білдіреді.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.


3. Әңгiмелеу (сұхбат)


Мәтінмен жұмыс


«Қайыңның көз жасы» Т. Әбдірайым

Сұрақтар:

- Қапан не істеді?

- Қапан қартқа қандай сұрақ қойды?

- Қарт қалай жауап берді?

- Қапан не үшін ұялды?

- Қапанның бойында қандай қасиет бар екенін байқадыңдар?

- Ар-ұжданымен өмір сүретін адамды қалай сипаттар едіңдер?

- Сендердің өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды ма? Неліктен?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

«Шыдамдылық пен сабырсыздық» аңыз әңгіме


Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді . Ақыл мен Шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешссе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс- керіс , болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздықкері бұрылып отырады.

Бір күні Шыдамдылық пен сабырсыздық кез болады ......./ары қарай не болады?/Өз ойларымызбен жалғастырайық/

  • Шыдамдылықтың ісі қандай болды?

  • Сабырсыздықтың ісі қандай болды?

  • Сабырсыздық шыдамдылықпен неге келіспеді?

  • Бұл мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  • Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  • Қандай қасиеттер бізді ақылға жүгіндіреді?

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау

Суреттерге қараңдар. Ондағы теріс қылықтарды қалай түзеуге болады?

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

5. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Әнін жазған: Ф. Жолдасова

Сөзін жазған: С. Молдасанұлы


Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.
























«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 7


Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақтың мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. оқушыларға риясыз сүйе білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру;

  2. оқушылардың қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қайырымдылық қасиетін дамыту;

  3. оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

  1. 2. Дәйексөз


Сүйіспеншілік - жүректе.

Халық даналығы


  • - Сүйіспеншілік, ол жалпыадамзаттық құндылықтарының бірі. Ол барлық адамдарда болады. Яғни біз біреуді жақсы көрсек, шын жүректен жақсы көреміз. Сондықтан сүйіспеншілік біздің жүрегімізде.

(дәйексөзді бірнеше рет топпен қайталау)


  1. 3. Әңгімелесу

  2. «Мейірбан әйел» (37 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Кімдер автобуспен жол жүрді?

  • - Олар автобустан түскен кезде неге тап болды?

  • - Кім балаға көмектесті?

  • - Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  • -Осындай жағдайларда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойлайсындар?

- Сендердің өмірлерінде риясыз сүйіспеншілі көрсеткен адамдар болды ма?

Сүйіспеншілік пен Өмір Сүйіспеншілік жайлы аңыз айту.



Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар: Байлық, Тәкаппарлық, Мұң, Бақыт және Сүйіспеншілік екен. Бір күні  аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

–   Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

–   Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

–   Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп  бара жатқанын көрді. Бақыттың  бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді:

  • «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.

Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.  Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен кім екенін сұрады. Сонда Білім:

– Ол– Уақыт,–деді.

–   Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектесті?–деді.

Білім күліп, ақылмен жауап берді:

– Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.



Риясыз сүйіспеншілік туралы әңгіме


- Риясыз сүйіспеншілік – асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сый талап етпейді. Риясыз сүйіспеншілік – адамға берілген сый.



4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс



Дәптермен жұмыс

Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар.

(балалар өз қалауы бойынша сурет салады)

Суретті салып болған оқушы, кімге арнап салды және не

салғаның айтады.



5. Топпен ән айту.

«Ақ мамам» өлеңі мен әні Сағит Садықовтікі










«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 8


Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет арқылы айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қамқорлық жасау керек екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

1. қамқорлық туралы түсінік беру;

2. жанашырлық, аяушылық сезімдерін дамыту;

3. қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз



Қайырымдылық – жылы жүректен

Халық даналығы

- «Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқатталған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған жақсылық қайрымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық – жылы жүректен», деп тегін айтпаған.


4. Әңгімелесу.



Оқушылар риясыз сүйіспеншілік туралы әңгіме айтады.

Сұрақтар:

  • - Риясыз сүйіспеншілік дегеніміз не?

  • - Сен кімге риясыз сүйіспеншілік жасадың?

  • - Ал саған біреу риясыз сүйіспеншілік жасады ма?

  • - Адамның бойында сүйіспеншілік болғанда ол қандай істер жасайды?

  • - Ол шың жүректен жасай ма, әлде қиналып па?

    1. - Ал саған адамдарға жақсылық жасаған ұнайды ма?


    1. «Асқан асыл сыйлық» Ертегі айту

(айналадағыларға сүіспеншілікпен қарау, мейірімді болу)

Сұрақтар:

  • - Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • - Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  • - Өздерің ата-аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер?


2. Ұлы бабаларымыздың ізгілік, қайырымдылық туралы айтқан сөздерімен таныстыру.


- Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.


Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Ж. Баласағұни


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Жағдаятты шешу. (сахналау арқылы)

«Мысал әңгіме»

  • Мысал әңгімедегі қыз қай ойын жүзеге асырғаны дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?



Дәптермен жұмыс

Тестілеу. Мұғалімнің көмегімен дұрыс жауапты тауып айт та дәптерге белгіле.


6. Топпен ән айту.

«Ақ мамам» өлеңі мен әні Сағит Садықовтікі



































«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№ 9 сабақ


Тақырып: Менің үйім.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, татулық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту;

- оқушыларды отбасын құрметтей отырып жауапкершілікке, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

2. Дәйексөз


ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ


- Отан дегеніміз не? Отан үлкен, әрқайсымыздың отбасымызды бірге қоссақ, сонда олардың барлығы Отан болады екен. Мысалы, сендердің сыныптарыңда 13 оқушы бар, әрқасымыздың отбасымыз бар, яғни 13 отбасы болады. Ал мектепте қанша оқушы бар, қаламызда, республикамызда қанша адам бар? Барлығынын өзінің отбасы бар, сонын барлығыны қосқанда бір Қазақстанды құрайды.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

3. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Отбасы татулығы» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның ашу.

Сұрақтар:

  1. - Ертегіде не туралы айтылған?

  2. - Отбасы қандай болған?

  3. - Ол туралы кім естіп қойыпты?

  4. - Содан кейін патша не істеді?

  5. - Ол не көрді?

  6. - Ол кімге сұрақ қойды?

  7. - Ақсақал отбасының қандай қасиеттерін атады?

  8. - Сендердің отбасыларын қанша адамнан тұрады?

  9. - Отбасында сендер бір-біріне қандай көмек бересіңдер?

- Ата, ана, бала, аға, апа туралы. Осыларды бір сөзбен қалай айтуға болады?

( Отбасы мүшелері)

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Олар кімдер?

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Мұғалімнің сыйы

Сүйіспеншілік жайлы аңыз айту.

«Жақсылық» ертегісі


Ерте заманда анасы мен баласы өмір сүріпті. Бір күні анасы ауырып қалады екен. Емші анасы шөп арқылы ғана жазылады депті. Ол шөп тек қана алтын бұлақтың жағасында өседі екен. Баласы сол шөпті іздеуге жолға шығады. Алдында бір кәрия ауыр арбаны зорға сүреп келе жатыр екен, сонда бала ақсақалға көмектесіп ауыр жүгін көтерісіп, үйіне жеткізіп тастайды. Жолға шығып келе жатса алдынан әрен келе жатқан әжені кездестіреді, бала әженін қолтығынан сүйемелдеп, үйіне шығарып салады. Ары қарай келе жатса, бір дауыс істиді екен «Менің көзімді ашып жіберші» деп алтын бұлақ өтінеді екен, бала алтын бұлақтың көзін ашады. Алтын бұлақ рахметін айтып, балаға шөпті сыйлайды. Бала шөпті анасына әкеліп береді, сонымен анасы жазылып кетеді екен.

Сұрақтар:

- Ертегіде кімдер туралы айтылады?

- Анасына не болып қалады?

- Баласы не істейді?

- Бала қандай әрекет жасады?

- Ол кімге жақсылық жасады?

- Баланың бойында қандай қасиеттер бар?

- Ал сендер өмірлеріңде кімге жақсылық жасадыңдар?

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту) Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтық тапсырма.

1 тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қараңдар. Отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынастарды тауып, әңгімелеп беріңдер. Өз отбасыларыңды да мысалға келтіріңдер.

2 тапсырма

Отбасындағы мінез-құлық ережесін жасаңдар.

3 тапсырма

Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріңе тенер едіңдер? Айтып беріңдер.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

5. Топпен ән айту.


«Мен әдепті баламын» Өлеңі Ә. Асылбеков

Әні И. Нұсіпбаев

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.








«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№_ 10 сабақ


Тақырып: Менің үйім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, татулық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту;

- оқушыларды отбасын құрметтей отырып жауапкершілікке, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу..

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Дәйексөз

Өз үйім - өлең төсегім


- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Әрине қонаққа барған жақсы, бірақ өз үйінде демалаған одан да жақсы екен. Өткені қасында жақсын адамдарын бар, өзіңнің сүйікті ойыншықтарын, заттарын бар.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат)


- Отбасы менің байлығым дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар өз ойымен бөліседі


Мұғалімнің сыйы

Сүйіспеншілік жайлы аңыз

Бір ананың жеті қызы

Бір ананың жеті қызы болады. Бірде ол алыста тұратын ұлының үйіне кетті.Үйге бір аптадан кейін оралады.Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

- Мен күн сәулесінен күткен көкнәр гүліндей сағындым,-деді біріншісі.

- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім,-деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдыған балапандай болып жыладым,-деді үшіншісі.

- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,деді төртіншісі.

-Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,-деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,-деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің туфлиін шешіп,аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

Сұрақтар:

- Қыздарының анасы қайда кетті?

- Қыздар анасына деген сағынышын қалай білдірді?

- Қыздардың іс-әрекеттері қандай болды?

- Сендерге қай қыздың іс-әрекеті ұнады?

- Сендер аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

-Өздерің риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Мәтінмен жұмыс

«Ғажайып»

- «Ғажайып» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз отбасыларыңда қандай адамгершілік қағидалар бар?

- Өлеңде неліктен ата,әже,анаәке,аға,апке,інінің іс-әрекеттерін ғажайыпқа теңейді?

- Өз отбасыңда сен үшін не ғажайып?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту) Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Бірлік 2-топ: Достық

3-топ: Болашақ 4-топ: Жалын

Топтық тапсырма.

Отбасы мүшелеріне арнап, ашық хаттың суретін салыңдар.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

  1. Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




















«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№ 11 сабақ


Тақырып: Менің достарым

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: достық, түсіністік, сыйластық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға достық ұғымының мәнін ұғындыра отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту;

- оқушыларды досың құрметтей отырып, достыққа, түсіністікке, сйыластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше,электронды оқулық.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

2. Дәйексөз


Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа


- Жақсымен жолдас болсаң, өзіне жақсы боласың, ал жаманмен жолдас болсаң жаман боласың. Сондықтан сендер кіммен жолдас болғанын қайлайсыңдар? Әрине жақсымен дос болу керек, сонда ңана сендер дұрыс ірекет жасайсыңдар, ал дұрыс әрекет жасасаңдар онда әдепті бала боласыңдар, бақытты өмір сүресіңдер.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

3. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Достар» (52 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның ашу.

Сұрақтар:

1. Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

2. Балалар қайда барды?

3. Кім жаман баға алды?

4. Оған кім көмектесем деді?

5. Ол баланың бойында қандай қасиеттер көрінеді?

6. Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

7. Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

8. Досыңмен өзінің қарым-қатынасың қандай?

9. Сендер достарына қандай көмек көрсеттіңдер?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

- Дос дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сенің достарын кім?

- «Достық қымбат өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Мұғалімнің сыйы

Достық жайлы әңгіме


«Жақсылықты есте сақта, жамандықты ұмыт» аңыз әңгіме


Бірде екі дос шөл даланы шарлап келе жатыпты. Кенеттен олар өзара дауласып, бір досы екіншісін шапалағынан тартып жібереді. Шапалақ алған досы ауырсынып тұрсада ештеңе білдіртпестен құмға былай деп жазады: «Мені бүгін ең жақын досым шапалағымнан тартып жіберді».

Олар ары қарай жүріп, бір көлге кезігеді. Көлге шомылғысы келеді. Шапалақ алған досы суға түсіп шомыла бастаған кезде кенеттен бала суға батып кетеді. Осы сәтте досы ойланбастан суға сүңгіп барып досын құтқарып алды. Суға батқан досы есін жиып, тасқа былай деп жазады:

«Мені бүгін ең жақын досым өмірімді құтқарып қалды».

Бетінен ұрған және оны құтқарған жігіт досынан :

- «Неге жаңа мен сені ренжіткен кезде оны құмға, ал құтқарған кезде тасқа жаздың?» деп сұрапты. Сонда досы былай дейді:-«Сен мені ренжіткен кезде оны құмға жазғаным, жел ұшырып әкету үшін. Ал маған жасаған жақсылығынды тасқа қашап жазған себебім, жел оны өшірмес үшін» деген екен.

Сұрақтар:

1. Әңгіменің мазмұнынан нені түсінуге болады?

2. Досының жасаған ісін дұрыс әрекет деп қабылдай аламыз ба? Неге?

3. Неге досының ренжіткенін бала құмға жазды?

4. Ал жасаған жақсылығын неге тасқа жазды?

5. Осы екі достың орнына өзімізді қойып көрсек, сіздер қандай әрекет жасар едіңіздер?

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін,мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтық тапсырма

Оқушылар дәптерге «Досыма сыйлық» тақырыбында сурет салады.

Оны әңгімелеп береді.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

  1. 5. Топпен ән айту.

«Дос боламыз бәріміз»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.













«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп_____48________Мерзiм____________№_12 сабақ


Тақырып: Менің достарым

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, татулық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға достық ұғымының мәнін ұғындыра отырып, шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы мейірімділік қасиетін дамыту;

- оқушыларды досың құрметтей отырып шыншылдыққа, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше,электронды оқулық.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


2. Дәйексөз


Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсың


- Дос дегеніміз кім? Ол қандай болу керек? Сендердің достарын көп па? Неғұрлым жақсы достарымыз көп болса, соғурлым бізге жақсы, өткені достар әрқашанда қасыңнаң табылып, кез келген жағдайда көмек береді. Ал досың болмаса, ақшаң көп болса қалай болады екен, ойланып көріңдерші. Әрине ақша барлық адамдарға керек, бірақ достар сияқты көмек бере алмайды. Достарын көп болса, ақшан да көп болады.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

3. Әңгiмелеу (сұхбат)


Үйге берілген «Құмырсқа» (55 бет) әңгімесі

бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

- Құмырсқа кіммен дос болады?

- Құмырсқа не тауып алады?

- Оған кім көмектеседі?

- Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер?

- Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма? Неліктен?

- Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады?

- Ал ескі достарының бойында қандай қасиеттер бар?

- Достарың көмек сұраса, өздерің не істер едіңдер?

- Досыңа қандай көмек көрсетіңдер?


Мұғалімнің сыйы

Достық туралы әңгіме

өздігінен өзі

29MAR

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады»,  дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады»,  дейді.


Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін,мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтық тапсырма

Суреттерге қараңдар. Сурет бойынша достарыңа қалай көмектесетіндеріңді сахналап көрсетіңдер.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

5. Топпен ән айту.

«Дос боламыз бәріміз»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.






















«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 13


Тақырып: Бір-бірімізге көмектесеміз.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық, ақпейілділік

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: оқушыларға көмек, көмектесу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1.оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;

2.оқушыларды айналадағыларға жанашырлыққа үйрете отыры, қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

3.оқушыларды ақпейілділікке, қамқорлыққа, жанашылыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз



Қайырымды іс жаса,

Қайырлы болар әр ісің.

Халық нақылы



- Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру, жақсы, жылы сөздер айтып, демеу, жақсылық жасау – ол қайырымды іс болады. Ал қайырымды іс жасасақ айналадағылар бізге ризашылығын білдіреді. Оларды риза ету бізге қуаныш сыйлайды.


3. Әңгімелесу

«Жай бір адам» (60 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • Кім әжеге көмектесті?

  • Баланың әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  • Ал қыздың ше?

  • Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің? Неліктен?

  • Басқалар саған көмектескенде не сезіндің?

- Айналадағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыңдар?


«Арыстан мен тышқан» Ертегі

  • Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Мені жібере салшы, мен де саған жақсылық жасармын», - дейді ол. Арыстан тышқанңың «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа танып тастайды.Тышқан арыстанңың ақырғанын естіп,жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне тышқанңаң да қайырымдылық келетінін көрдін» - депті.

- Көрдіңдер ме, балалар, кішкентай тышқанда арыстанға көмектесе алады екен.

Сұрақтар:

- Арыстан тышқанға қалай көмек көрсетті?

- Тышқан арыстанға қалай оны қайтарды?


Әңгімелеу

- Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек.

Дұрыс, ізгі ой-ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі.

Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады.

Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады.

Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектесеміз.

Әңгімелеп беру

Оқушылар өздеріңе басқалардың көмектескендерін немесе өздері біреуге көмектескенің естеріңе түсіріп, әңгімелеп береді.


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау «Достық көмек»

3 оқушы тақтаға шығады. (Алмат, Елжан, Әділет рөлін ойнайды.) Екуі есіктің сыртына шығады. Автор мұғалім.

Автор: - Бүгін Алмат көңілсіз. Математика пәнінен үй тапсырмасын орындамағаны үшін нашар баға алып қалды. Қанша тырысса да сол тапсырманы түсінбей ақ қойғаны. Үйге барғанда анасы не дер екен... Осылайша ой құшағында отырғанда сыныптастары кіріп келді.

Елжан: - Алмат, неге көңілсізсің? Мен қазір үй тапсырмасын тездетіп орындайын. Сен үзілісте менен көшіріп ала сал.

Әділет: - Алмат, қажет етсең, сабақтаң кейін біздің үйге барып, бірге дайындалайық. Мен саған есептің шығару жолдарын түсіндіріп берейін. Шығару жолын түсінбей, баған түзелмейді.

Автор: Алмат қай досының көмегін қабылдарын білмей, ойланып тұрып қалды.

Сұрақтар:

  • - Сендер Алматтың орнында болсаңдар, кімнің көмегін қабылдар едіңдер?

  • - Қай бала Алматқа шын достық көмек көрсеткісі келді?


    1. Жағдаятты шешу.

Жағдаятты оқып, өз көзқарасыңа сәйкес келетін жауапты таңдап алып, дәлелдеп беріңдер.



Дәптермен жұмыс

Суреттерге қара. Оларды боя. Балалар қандай көмек көрсетіп жатыр? Әңгімелеп айтып бер.



6. Топпен ән айту.

«Мен үлгілі баламын» өлеңі А. Байғожаевтікі

әні Ә. Молдағайыновтікі


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 14


Тақырып: Бір-бірімізге көмектесейік.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақтың мақсаты: Қамқорлық, жанашырлық үғымдарын дұрыс әрекет құндылық арқылы адам өміріндегі маңзыдылығын ашу.

Міндеті:

1. қамқорлық пен жанашырлық адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

2. қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

3. қамқорлыққа, жанашылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз



Бірлесе көтерген жүк жеңіл.

Мақал

- Бір істі бір адам жасаған жеңіл ме, әлде көп адам осылып жасаған жеңіл бола ма? Мысалы, үй жинағанда біреуіміз сыпырып, екіншіміз еден сүртіп, үшіншіміз жан сүртсек онай бола ма, немесе барлығын тек бір адам жасаған оңай ма? Сол үшін халық айтады екен бірлесе жасаған жұмыс жеңіл болады деп.


3. Әңгімелесу


«Отбасы татулығы» аңыз әңгемесі бойынша сұрақ қою арқылы

әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Зоя кімге көмектесті?

  • - Зояның жасаған әрекеті дұрыс па? Неге?

  • - Табиғатта кездейсоқ нәрсе бар ма? Себебін түсіндіріп беріңдер.

  • - Әңгімедегі кімге көмектесер едіңдер? Қалай?

  • - Өздерің табиғатқа қалай көмектесесіңдер?


Ертегі айту


- Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.


Әңгімелеу

Төмендегі сөйлемдерде көмектің қай түрі (ой, сөз, іс) айтылғаннын тауып, әңгімелеп беріңдер.


Суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастырыңдар.



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау

«Әрқашан көмекке әзірміз»

1. Ақылды бала

2. Елгезек бала

3. Пысық бала

4. Мейірімді бала

5. Жомарт бала

Оқушылар алдына ала суреттерге қарап, сосын тақтаға шығып сахналайды



Ойын «Біз де»


Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады. Мұғалі ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады. Балалар айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де» деп айтып қалған бала, өнерін көрсетеді.

Мұғалім: Мен әрқашан көмекке дайынмын.

Оқушылар: Біз де

Мұғалім: Мен көмек беруге асықпаймын.

Оқушы: Біз де десе қателеседі.

Дәптермен жұмыс

Мұқтаж жаңдарға көмек ретінде өз қолдарымен сыйлық дайындау.


6. Топпен ән айту.

«Мен үлгілі баламын» өлеңі А. Байғожаевтікі

әні Ә. Молдағайыновтікі






«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 15


Тақырып: Алғыс айту – игілік сыйлау!

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыпайылық, сыйластық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі алғыс айтудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1. оқушыларға алғыс айту, ризашылық білдірудің мәнін ұғындыру арқылы сыпайылық қасиеті туралы түсінік беру;

2. оқушыларды риясыз жақсылық жасауға баули отырып, сыйластық қасиетін дамыту;

3. оқушыларды сыпайылық, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз

Алтын алма, алғыс ал,

Алғыс деген – ел сыйы.

Мақал

- Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Адам алғыс алғанда қуанады. Сондықтан алтын алма, алғыс ал дейді, өткені алтын бағалы болғанымен ол жай ғана зат, ал алғыс ол жақсы тілек. Сені қаунтатын, жадырататын, сенің көңіл-күйінді көтеретін.


4. Әңгімелесу.

«Автобуста» (68 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Автобусқа кімдер мінді?

  • - Кім үлкен кісіге орын берді?

  • - Ол не айтты?

  • - Ол қандай сөздер?

  • - Сендер соңдай сөздерді білесіңдер ме? Күнделікті өмірде қолданасыңдар ма?

  • - Қандай адам алғысқа бөлене алады?

  • - Жақсылықты тек алғыс алу үшін жасау керек пе? Неліктен?

- Өз істеріңе алғыс алғанда қандайсезімге бөленесіңдер?

Ертегі айту «Сыпайы қоян»

   Бір күні мейірімді және сыпайы қоян  көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек бірақ қайда.Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті.Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді.Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.

  • Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сылағандай. Маған кіруге рұқсат етші, — дейді.

   Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның даусын естіп, оны шақырады. Жыланның даусынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

  - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, — деп қаша жөнеледі.

   - Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, — деп өкінеді жылан.

Сұрақтар:

  - Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі бар?

  - Жақыс сөз адамдарға қалай әсер етеді?

   - Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?


Әңгімелеу

Адам біреудің жасаған жақысылығына риза болғанда алғыс айтады. Алғыс айту әдептілікті білдіреді. Жақсылық жасау – әрбір адамның парызы. Адамға жақсылығы үшін алғыс айту игілік сыйлаумен тең. Алғысқа бөлену – бақыт.


Ағыс айту

Ата-анаңа, Отан-анаға, Жер-анаға ризашылықтарыңды білдіріп, алғыс айтыңдар.



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.

Енді балалар мен сендерді үш топқа бөлемін.Мен сендерге жағдаяттар беремін, сол жағдаяттарды пайдалана отырып көрініс көрсетесіңдер.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым қатынасы.

3-топ:Емханаға келген дәргер мен науқас арасындағы диалог.

    Ізетті, сыпайы болу, жақсы, жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана білу адамның жақсы қасиетін білдіреді.


Дәптермен жұмыс

Ата-анаңа, Отан-анаға, Жер-анаға ризашылық білдіріп,

сурет сал.

(балалар өз қалауы бойынша сурет салады)

Суретті салып болған оқушы, кімге арнап салды және не

салғаның айтады.



6. Топпен ән айту.

«Ризашылық әні» сөзі мен әні Луиза Хейдікі


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 16


Тақырып: Алғыс айту – игілік сыйлау.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, ізеттілік

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың “сөз”, “бақыт” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 

2. Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

3. Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсы сөз - жарым ырыс»

Халық мақалы

- Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.


3. Әңгімелесу

«Әдеп» (70 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Арман мен Аян қайда тұрады және қай сыныпта оқиды?

  • - Олар бірге қайда кетіп бара жатты?

  • - Кім әжеге орын берді?

  • - Ал Арман не істеді?

  • - Әжей неліктен екі балаға да алма берді?

  • - Арман не үшін қысылды?

- Адамды қандай іс-әрекет қуантады?

Әңгіме айту

Телефон шырылдайды. Телефонды Самалдың анасы алады.

Әсел:

- Самал үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші. Телефонды анасы Самалға береді.

- Әй,Самал,математика пәнінен қандай тапсырма берді?

Самал: -Сәлем, Әсел! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым.

Әсел: -Неге?

Самал: -Кеше кішкене қызуым көтеріліп тұрған соң анам бір күнге үйде бол, қызуың түссін, сабақта ауырып қаларсың деді.

Әсел: -Жарайды онда,басқа қыздарға телефон соғып білермін.

Сұрақтар:

  • Балалар бұл көріністе Әсел қандай кемшілік жіберді.(амандасуды, сәлемдесуді ұмытып кетті)

   Біздің мақсатымыз жақсы сөздерді қолдана білуге үйрету, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, жақсы сөздің адам өмірінде маңыздылығын білеміз.

Әңгімелеу

- Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттен, ұнамсыз қылықтан аулақ болуға тырысу керек.Әдепті, ақылды балалар қандай сөздер айту керек екенін мына күннің шуағындағы сөздерді оқып білуге болады.

 - Айналайын! Сәлеметсіз бе! Кешіріңіз! Рақмет! Бақытты бол! Сау болыңыз! Өркенің өссін! Көп жаса! Құлыным!

Сұрақтар:

  • Осы сөздерді көбіне біз қай жерлерде қолданамыз?

  • Қандай кездерде сендер жақсы сөздер қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Өздеріңе жақын адамдарға қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?


4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналық көрініс

- Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі)

Ойын

- Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Сахналау

Суреттегі ризашылық іс-әрекеттерді сахналап көрсету.

Дәптермен жұмыс

Тестілеу


5. Топпен ән айту.

«Не деу керек?» өлеңі Ә. Дүйсенбиев

әні Ө. Байділдаев


Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 17


Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: ізгілік, саналылық, риясыздық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1. оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғыныдыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру;

2. оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрету;

3. оқушыларды ізгігік, иясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз



Жақсылық жан азығы.

Мақал



  • Адам баласы бұл өмірге жақсы адам болу үшін келеді. Айналасына, қоршаған ортаға, басқаларға тек жақсылық жасау арқылы өзінің мерейін үстем ете алады. Өйткені жақсылық жолмен жүрген, жақсылық жасаған адамның жаңы тыныштықта болады. Ал жаңы тыныш болса, онда ол уайымдамайды, қобалжымайды, қайғырмайды, көңіл күйі жақсы болып, бақытты өмір сүреді.


3. Әңгімелесу



«Бір жұлдызды құтқару» (79 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Теңіз жағасында кім жүрді?

  • - Бала не істеді?

  • - Бір кісі оған не деп айтты?

  • - Бала қалай жауап берді?

  • - Баланың жасаған іс-әректін қалай сипаттар едіңдер?

- Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?

Ертегі айту «Жақсылық пен жамандық» 
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда  Жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: 
Адам, ана балыққа көмектесіп жібер- десе, Жамандық:
Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма- дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрғандай болады.  Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: 
Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру жаратылысың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
    Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
    Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аясының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара  жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол
     Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзіңнен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп –кішкене  тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.
Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді. 
 
Әңгімелеу

- Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа  кенеліп жүрейік.

Суреттер арқылы әңгімелеу


- Суреттерді мұқият қараңдар, Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болады? Айтып беріңдер.


4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Тапсырма

І. «Жақсылық тамшысы»  Оқушылар жасаған жақсы істерін естеріне түсіріп, тамшыға әрқайсысы бір-бір тамшыдаң қосады. Оны тақтаға іледі. .
ІІ. «Жақсылық ағашына» мына жердең бір суретті таңдап іліндер. 
- Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтар едіңдер.

Дәптермен жұмыс

- Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен

басталатын адами қасиетті білдіретін сөз жазыңдар.


Ойын. «Мен сені танимын»

       Ойынға қатысушылардың барлығы қол ұстасып тұрады. Әрбір ойынға қатысушы, жүргізуші  оң жағымен көршісіне бұрылады. Оның атын айтады да, мінез-құлқына сәйкес келетін сөздерді айтып,  мейірімді сезімдерін білдіреді. Сөз атының бірінші  әріпінен басталады. Мысалы: Анар-ақылды, Салтанат-сенімді, Мадина-мейірімді. 

5. Топпен ән айту.

«Бақыт әні» өлеңі Т. Молдағалевтікі

әні И. Нұсіпбаевтікі





























Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 18


Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ішкі тыныштықты сақтай отырып риясыз жақсылық жасауға үйрету.

Міндеті:

1. оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды

шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру, іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
2. жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

3. оқушыларды өзің-өзі алдамауға, шыдамдылық пен байсалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз


Жақсының жақсылығын айт нұры тассын.

Халық мақалы

- Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа  кенеліп жүрейік.


3. Әңгімелесу

Ү

«Қамқорлық» (82 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Мектепке бара жатқанда кімдер кездесті?

  • - Нақысбек кімді қолтықтап алған?

  • - Оған Назымбек не деп айтты?

  • - Нақысбектің жауабы қандай болды?

  • - Кішкентай баланың есімі кім екен?

  • - Оның аяғына не болды?

  • - Назымбек қандай іс жасады?

  • - Жақсылық жасау адамға парыз ба? Неліктен?

- Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады?


Аңыз айту

Бүркіт пен оның балапандары 

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

- Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.


4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. «Жылы шеңбер» ойыны
Балалар бір – бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды.     

2.  Тапсырма                         

- Дұрыс сөзді орнына қой: 

Қайырымдық

Өтірік айту

Мейірімділік

Ұру

Ізгілік

ұрлау

Қамқор

Жамандық

3. ойын «Жақсылық пен жамандық»

Мұғалім сөйлемдер оқиды, соған байланысты оқушылар жақсылық па ол жамандық па ажыратады.


6. Топпен ән айту.

«Бақыт әні» өлеңі Т. Молдағалевтікі

әні И. Нұсіпбаевтікі
















































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп______________Мерзiмі № 19

Тақырып: Қарым –қатынас әліппесі.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, риясыздық, саналылық.

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адами қарым-қатынас жасау ұғымын сыйластық қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру.

- оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып, ізгілік, тәртіптілік, сыйластық қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке, сыластыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсылықтан жақсылық туады»

халық мақалы

- Жақсылықты қалай түсінесіндер?

Адал ниет, шын көңілмен жасалған қарым-қатынас үйлесімді болады.

Қарым – қатынастың жақсы болу сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді , үйлесімді болады. Ол адамдардың өзара түсіністігін , сыйластығын туғызып, өзін және өзгеледі құрметтеуге жеткізеді.



3. Әңгiмелеу

«Мейірімнің күші» әңгіменің сұрақтар қою арқылы мәнін ашу.

- Бір адам не істеді?

- Оның досы қандай жақсылық жасады?

  • Жақсылық қалай жалғасын табады?

- Олардың бойларында қандай қасиет бар?

- Ал сендерде ол қасиет бар ма?

  • Адамдардың бақытсыздықтан құтылуының сыры неде?

  • Өзгелердің жақсылығын мен мейірімін қалай сезінесіңдер?

- Сендер біреуге жақсылық жасап көрдіңдер ма?



4. Шығармашылық жұмыс

«Қарлығаш пен дәуіт» мультфильмін көру.

Сахналау

Берілген мәтін негізінде сахналық көрініс дайындау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.

Қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау ережесін жасаңдар.


5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі» Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф. Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

















































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп______________Мерзiмі № 20

Тақырып: Қарым –қатынас әліппесі.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, тәртіптілік, сыйластық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адами қарым-қатынас жасау ұғымын сыйластық қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру.

- оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып, ізгілік, тәртіптілік, сыйластық қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсылықтан жақсылық туады» халық мақалы.

Жақсылықты қалай түсінесіндер?

Адал ниет, шын көңілмен жасалған қарым-қатынас үйлесімді болады.

Қарым – қатынастың жақсы болу сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді , үйлесімді болады. Ол адамдардың өзара түсіністігін , сыйластығын туғызып, өзін және өзгеледі құрметтеуге жеткізеді.



3. Әңгiмелеу

«Ақылды соқыр» әңгіменің маңызын ашу.

- Соқыр адам өзімен не алып шықты?

- Неге олай жасады?

- Қасынан өтіп бара жатқан біреу не деді?

- Соқыр адамның іс-әрекетін өмірде немен салыстыруға болады?

  • Адамдармен қарым-қатынас жасағанда өзгелерді түсіну қандай нәтижеге жеткізеді?

- «Өзгеге жарық қыл , өзіңе қақтықпас» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалімнің сыйы.

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме

Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:

- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді.

Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:

- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.

Досы сасып қалып:

- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.

Қарт:

- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.

Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:

- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен!

Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда. 



4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

1. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысы маңызды деп ойласыңдар? Ретімен айтыңдар.

2. Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі» Сөзі С.Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)



























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп __Мерзiмі №21сабақ

Тақырып: Көңіл күй шаттығы

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: ақниеттілікке,ақкөңілділікке,кеңпейілділік.

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш , шаттық екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды жағымды ойлауға баулу арқылы кеңпейілділік қасиетін дамыту.

- оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, ақкөңілділікке,кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды»

халық мақалы

- Осы мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Көңіл күйді басқару адамның өзіне байланысты. Жақсы көңіл күй адамға қанат бітіріп, қуат береді. Адам ішкі тыныштығын тапқан кезде шынайы, жағымды көңіл күйге бөленеді. Сөзі шын жүректен шығып, өз ісіне қанағаттанған адамның көңіл күйі шаттыққа толады. Ондай адамның денсаулығы да жақсы болады. Жақсы көңіл күйдегі адам айналасына да қуаныш сыйлайды.



3. Әңгiмелеу

«Таңғы сәулелер» әңгіменің сұрақтар арқылы мәнін ашу.

  • Нұрлы күн сәулелерін қайда таратты?

  • Күн сәулесі тағы қай жаққа түсті?

  • Шынайы көңіл күйге қалайша бөленуге болады?

  • Күннің барша тіршілікке деген риясыз сүйіспеншілігін қалай байқаймыз?

  • Сенің айналаңда күннің риясыз сүйіспеншілігіндей адамдар бар ма?


Мұғалімнің сыйы.

«Алты түлкі» ертегісі

Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтысыныңбіреуінін құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі, — «сенің құйрығьң жоқ»,— деп, келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: — «қалай мен осы бес түлкінің құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын», — деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:

- Бәріміз бір ойын ойнайық! —деп.

Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі бір биік таудың басына шығып, түлкілерге айтты:

- Мына жақта бүркіттер келе жатыр, — деп өзі қашты. Сонда бес  түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, барлығы  шолақ болып қалады.Сөйтіп,  шолақ түлкі басқаларын да шолақ кылып, өзіне серік қылды. Алтауы бірдей шолақ болғаннан кейін, ешкім ешкімді мазақ қылып күлмейтін болды.

Түлкінің көңілді болуының себебі неде?


4. Шығармашылық жұмыс

«Күн сәулесі» ойыны

Нұсқау:Күнге қарай қолымызды созайық.Күн сәулесі сенің көзіне түсті. Көзіңді жұм. Ол ары қарай сенің бетіңе түсті, алақаныңмен маңдайыңды, мұрныңды, ауызыңды сипала. Бетінде, тамақ асты, мойныңда, ішінде, қолыңда жүр, жәй ғана үркітіп алмай сипала. Онымен достасып ал.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма

  • Суретке қараңдар. Ондағы адамдардың неліктен шынайы көңіл күйге бөленіп тұрғанын айтыңдар.

  • Суреттерге қарап, риясыз қызмет арқылы адамның көңіл күйін қалайша көтеруге болады? Сахналау.


5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі»Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 22 сабақ

Тақырып: Көңіл күй шаттығы

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: ақниеттілікке,ақкөңілділікке,кеңпейілділік.

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш , шаттық екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды жағымды ойлауға баулу арқылы кеңпейілділік қасиетін дамыту.

- оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, ақкөңілділікке,кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Көңіл табу - көргенділік»

халық мақалы

  • Көңіл-күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, бақытты, қайғылы деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың көңілін табу жақсы болады. Оларда сол кезде солай жасайды.



3.Әңгiмелеу


«Ақ тиін мен қасқыр» ертегінің мәнінашу.

Сұрақтар:

  • Ақ тиін не істеді?

  • Ашулы қасқыр ақ тиінге не деді?

  • Қасқыр неліктен әр уақытта ашулы жүреді?

  • Ал ақ тиіндер неліктен әр қашан да көңілді жүреді ?

  • Қалай ойлайсыңдар, адам қандай жағдайда қуанышта, шаттықта болады?

  • Өздерің аңдардың қайсысынан үлгі алар едіңдер?

  • Ал сен үнемі қандай болып жүресіңдер? Неліктен?

Мұғалімнің сыйы.

«Обал» әңгімесі

Жаз күнi. Таңертең Әсет iнiмдi ертiп, бұзауларды өрiске айдап тастап, үйге беттеп келе жатқанбыз. Алдымыздан қанаты сынған ба, әлде, топшысы үзiлген бе, бiр үйрек жерден көтерiле берiп, таяқ тастам жерге барып құлап түстi. Тұра қудық. Бiз жақындағанда ұша жөнеледi де, ұзамай қайта қонады. Үйректi қуалап жүрiп, ауылдан ұзап кетiппiз. Үйрек аспанға көтерiлiп, алғаш ұшқан жерiне қайта барып қонды. Балапандарын өзенге апара жатқан құс екенiн сонда бiлдiк. Бiзден балапандарын қорғау үшiн қолданған амалы екен.Жүр, балапандарын ұстап алайық, – дедiм Әсетке. Жүгiрiп отырып үйрек қонған жерге келдiк. Балапандар өзеннiң жарқабағына таяп қалыпты. Бiздi көрген үйрек: «Өлтiрiңдер, менi өлтiрiңдер, балапандарыма тие көрмеңдер!» дегендей жолымызды бөгеп, қалшиып тұр. Әсет жерден тас алып, жiберiп қалып едi, үйректiң басына тиiп, құлап түстi. Үйректi ұрып алғанымызға қуандық. Үйге келген соң, екеумiз жарыса сөйлеп, апамызға айттық. Апам қынжыла сөйледi:

-Байғұс ана-ай!.. Баласы үшiн отқа да, суға да түсiп, өлiмге де барады-ау. Мына үйрек те балапандарын қорғау үшiн өлiмге басын тiгiп, тайсалмаған. Бұл қылықтарың бекершiлiк болған. Шешесiнен айырылған балапандар қалай күн көредi, қайтiп жан сақтайды?..

Қателiгiмiздi мойындадық. Балапандарды аяп, мұ-ңайып қалдық. Қап, әттеген-ай!.. Обал болды-ау.


4. Шығармашылық жұмыс

«Алдар Көсе » мультфильмін көру.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма

  • Сендердің көңіл күйлеріңді кімдер көтереді, нелер қуантады? Суретін салындар.

  • Жақсы көңіл күйге бөленудің жолдарын құрыңдар.


6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі»

Сөзі С.Молдасанұлының.

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)






















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_ _____Мерзiмі № 23сабақ

Тақырып:Менің Отаным

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Отансүйгіштік, жауапкершілік,татулық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға Отан ұғымы туралы түсінік бере отырып,отансүйгіштік қасиетін ұғындыру.

- оқушыларды Отанды сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту.

- оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке,жауапкершілікке,татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Отан- оттан да ыстық»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.


3. Әңгiмелеу

«Отан деген...»әңгіменің мәнің ашу.

Сұрақтар:

  • Сыныптастар неге сөз таластырды?

  • Салтанат қандай сөз айтты? Оның бойында қандай қасиет бар деп ойласыңдар?

  • Самалдың бойынан қандай құндылықтарды көріп тұрсыңдар?

  • Сен үшін Отан деген не?

  • «Отан», «Қазақстан» дегенде ойыңа не түседі?

  • Сен Отанынды сүйеін бе?

Мұғалімнің сыйы.

«Менің Отаным» әңгімесі

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

- Менің Қазақстаным тақырыбына сурет салу.

- Қазақстаннды жер картасынан көру.

Дәптермен жұмыс.

  • Жер шары картасындағы Отанынды және барлық мемлекеттерді өзіңе ұнайтын гүлдерді салып, безендіріңдер.



5.Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

Отанымыз-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтамыз.

Сөзі:Ж.Нәжімеденов. Н.Назарбаев. Әні:Ш.Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны-

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой!

Менің елім,менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін елім,

Туған жерім менің –Қазақстаным.

Балалардың жауаптары тыңдалады.












Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_ _______Мерзiмі__ __________ № 24 сабақ

Тақырып: Менің Отаным

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отансүйгіштік, жауапкершілік, татулық, бірлік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға Отан ұғымы туралы түсінік бере отырып,отансүйгіштік қасиетін ұғындыру.

- оқушыларды Отанды сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту.

- оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке, жауапкершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Отан- оттан да ыстық»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.


3. Әңгiмелеу

«Туған жер туы» әңгіменің сұрақтар арқылы мәнін ашу.

  • Әжесі мен Асылзат туған жерге сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?

  • Әжей өзінің қарттығына қарамастан , неліктен туған жерге риясыз қызымет етуге асықты?

  • Өздерің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірекіңдер?


Мұғалімнің сыйы.

«Менің Отаным» әңгімесі

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Отаныңа алғыс хат жазыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Менің Қазақстаным»



































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп ______Мерзiм__ ______ № 25 сабақ

Тақырып: Туған табиғат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық

Мұғалiм:

Сынып:

Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға табиғатқа риясыз қызмет ету арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушылардың табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыруда ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Табиғат- әсемдік айнасы»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Бізді қоршап тұрғанның бәрі – туған табиғат. Табиғат адамға берілген сый. Табиғат сұлулығының сыры оның тазалығы мен мөлдірлігінде. Күллі тіршілікке риясыз қызмет етуінде.

Адамда риясыз қызмет еткенде, ойы, сөзі, ісі таза болғанда сұлулана түседі.


3. Әңгiмелеу

«Табиғат деген не?» әңгімесін оқып келу.

  • Жан-жануарлар неліктен өз мекендерін мақтады?

  • Олардың бәрін біріктіретін не?

Ал адамдарды не біріктіреді?

Мұғалімнің сыйы.

«Күн, ай және қораз» ертегісі

- Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Аспанда айынды үшеу:Күн,Ай, және Қораз тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашауға кеткенде,үйде Ай мен Қораз қалыпты.ай барып тұрған сотанақ екен.Қоразға тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жібереді.Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.

Ойланып отырып,былай депті:

-Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып,тыныш отыра алатын түрің жоқ екен.Қайтып бетіңді көрмейін.Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін,ал,сен тек түнде шығасың,- депті.

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо- қо -қо!» деп айқайлайтын болыпты.Онысы «Қайрлы таң,мейремді аға!»-дегені екен.

Ал Күн батып,Ай көріне бастағанда,Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Менің Қазақстаным тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Жас дәуірдің түлегіміз!» Өлең: Ермек Өтетілеуов

әні: Ибрагим Нүсіпбаев

1. Бау-бақша, белдер,

Орман тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

2. Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.






























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп___ ___Мерзiмі__ _______ № 26 сабақ

Тақырып: Туған табиғат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ақпейілділік, қамқорлық, сезімталдық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға табиғатқа риясыз қызмет ету арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушылардың табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыруда ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз


«Табиғат- әсемдік айнасы»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Бізді қоршап тұрғанның бәрі – туған табиғат. Табиғат адамға берілген сый. Табиғат сұлулығының сыры оның тазалығы мен мөлдірлігінде. Күллі тіршілікке риясыз қызмет етуінде.

Адамда риясыз қызмет еткенде, ойы, сөзі, ісі таза болғанда сұлулана түседі.


3. Әңгiмелеу

«Бұлақ көрсең, көзін аш!» әңгіменің мәнін ашу.

  • Бастаудың, бұлақтың суы неліктен тап – таза, мөп- мөлдір болады?

  • Ал адамның бастау бұлағы қайда деп ойлайсыңдар?

Өз бастау бұлағыңды қалай таза ұстауға болады?


Мұғалімнің сыйы.

«Екі түп алма ағашы» /аңыз әңгіме/

Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі

-Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екеншісі болса:

-Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, – дейді.

Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді.

-Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?

-Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

- Туып өскен табиғаттың суретін салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Табиғат - жаратылыс пернесі» Өлең: Қадыр Мырза Әли

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Ұлың боп ойлап барам да,

Құлын боп ойнап қайтамын.

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Солған Ай болып барам да,

Толған Ай болып қайтамын.






































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_ _________Мерзiмі № 27 сабақ

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушылаға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту.

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады.Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күшжігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.


3. Әңгiмелеу

«Жақсылық» ертегісінің мәнін ашу.

  • Бала бұлаққа жету жолындағы сынақтардан қалай өтті?

  • Адам қандай қасиеттері арқылы мұратына жетеді?

Адамның денсаулығына қандай қасиеттер қуат береді?


Мұғалімнің сыйы.

- Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.

Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі:

- Денсаулық дұрыс тамақтану.

- Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

- Денсаулық таза ауада көбірек жүру.

- Денсаулық тазалық сақтау.

- Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

- Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

- Оқулықтағы берілен суреттерге қарап,ондағы қай балаға ұқсағылары келетінін,неліктен екенін айтып береді.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Денсаулық»


Денсаулық ол – шыныққан 
Барлық денең мүшесі. 
Денсаулық ол - тыныққан 
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің 
Көңіл – күйің жадырай, 
Денсаулық ол – жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай.
Балалардың жауаптары тыңдалады.





































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_________Мерзiмі____________№ 28 сабақ

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушылаға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту..

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады.Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күшжігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.


3. Әңгiмелеу

«Өсиет әңгіме» әңгіменің мәнің ашу.

Сұрақтар:

  • Қарттың жаны мен тәнінің саулығының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  • Қарт неліктен бірінші орынға ой – сана тазалығын қойды?

Өздерің ой – сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?


Мұғалімнің сыйы

«Алтын бала»

- Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:

Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!..

Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.

- Әлгi жүгермек қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?!

– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен Ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:

– Зәукенге кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

– Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмiрi ұзақ болсын! – деп Нағима апай да, ақ тiлеуiн айтып жатыр. – Кеше су ала алмай жатыр ем, жүгiрiп келiп су алып, үйге жеткiзiп бердi.

Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.

– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.

– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып.


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Денсаулық тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі» Сөзі С.Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

Балалардың жауаптары тыңдалады.




























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_ _________Мерзiмі № 29 сабақ

Тақырып: Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: құрметтеу, сыйластық, ақкөңілділік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларға әрдайым көмектесу , ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, ақкөңілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтеуарқылы сыйластық қасиетіне баулу.

- оқушыларды жақсылық жасау жолында сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасам!» халық мақалы.

Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды.

Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама.


3. Әңгiмелеу

«Аңыз» аңыздың мәнің ашу

Сұрақтар:

  • Жолаушы түйе мінген адамның жақсылығын неліктен түсінбеді?

  • Түйе міеген адамның өзгелерді көп ойлауының себебі неде?

Неге ол жолаушыға ренжімей, тек жай ғана өтініш айтты?


Мұғалімнің сыйы.

«Қасқыр мен кісі» ертегісі

- Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені   қабыңа    салып,    арқалап   жүре    бер»,— дейді. 
   Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды: 
- Қашып     бара    жатқан     қасқыр     көрмедің    бе?—деп.
     Кісі:

- Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді.      Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:
- «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:

- «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді.
     Егінші байғұс сасқалақтап:
- Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете  ме  екен, олай  болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді.
     Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады. Түлкі:
- Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді.
     Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:
- Қапқа   кірмей   сенбеймін,— дейді.  
Қасқыр   сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:
- «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын   кезің  келді,   қане   мен   көрейін,  күздігүні   егінді қалай соғып жүрсің?»-дейді.
    Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
- Енді қаптың аузын аш,— дейді.
    Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі:
- «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті.
     Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты. -


4. Шығармашылық жұмыс

Оқулықтағы суреттерге мұқият қара,онда көрсетілгендердің қайсысын көмек деп айтуға болады?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

«Бала тілегі» Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф. Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

Балалардың жауаптары тыңдалады.






















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 30 сабақ

Тақырып: Әрдайым көмектес, ешқандай зиян келтірме

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: Сыйластық, жауапкершілік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларға әрдайым көмектесу , ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, сыйлапстық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру.

- оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтеу арқылы сыйластық қасиетіне баулу.

- оқушыларды жақсылық жасау жолында сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасама!»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды.

Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама.


3. Әңгiмелеу

«Адалдық жолы» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Баланың қандай әрекеті қарақшыларға сабақ болды?

  • Адамдар біреуге немесе бір нәрсеге неліктен зиян келтіреді деп ойлайсындар?

  • Зиян келтірмей , қиянат жасамай өмір сүруге бола ма ? Қалай?

  • Саған өмірде өзіңді дұрыс әрекет жасауға сабақ болған жағдайлар болда ма? әңгімелеп бер.


Мұғалімнің сыйы.

- Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да соны айтады. -Қидым,-дейді кедей. -Неге?-деп сұрайды хан. -Менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей. Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты досым депті.


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Жақсылық тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



6.Топпен ән айту.

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б.Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп





















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 31 сабақ

Тақырып: Жер –ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жердің ортақ үй екенің түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушыларды Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..»

Абай Құнанбаев

- Құнанбаевтың сөзін қалай түсініп отырсыңдар?

Жер шарында өздерің сияқаты балалар тұрады. Олар сендер сияқты ойнайды, оқиды, армандайды. Олардың түрі, тілі, діні әртүрлі болғанымен, жүректері бізбен бір. Жер бетіндегі барлық бала достықта , тату – тәтті өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.


3. Әңгiмелеу

«Бір ананың баласымыз» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Адамдардың тұратын жері әртүрлі болса да , ақын өлеңде неліктен «БІР адамның баласымыз» дейді?

  • Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық болуының маңызы қандай?

Өзіңнің бүкіл әлемнің бір бөлшегі екеніңді қалайша сезінесің?


Мұғалімнің сыйы.


Асан қайғы

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай

шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол

жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да,

жаман қонысқа да баға беріп отырады. Түркістанның қасында ескі қорған қала

Сауранды

көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен.

Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», -

деген екен. Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Асанның екі баласы:

«Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?» - дегенде, Асан қайғы: «Түбінде мал

баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - депті. Жетісуды көргенде:

«Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен»,

- депті. Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қойсемірмес», - деп, Асан

қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

Қаратал өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан Қаратал, артың кең, алдың

тар-ау!» - депті. Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен.

Осы күнгі Мерке ауданындағы Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол,

шөбіңе суың жетер!» - деп жүріп кетіпті. Шу өлкесін көргенде: «Ей, Шу, атыңды теріс

қойыпты! Тегінде бір шулағаның болмаса, ну қамысың еліңді жұтқа бермес», - депті.

Шудың аяғында Сарысу елі шөп жимай, Шудың қамысын қыстап, жаз Арқаны

жайлайды екен. Әулие-Атаның (қазіргі Тараз қаласы) шығысынан аққан Талас,

батысынан аққан - Келес дейтін өзендерді көргенде, малға жайлы екенін біліп: «Ей,

екі Талас, бір Келес, малсыз күнің кенелмес. Жері де жайылған малға жұт болмас!»

- деген екен. Жуалы жеріндегі Ауан дейтін қара топырақты, егістік аймақты көргенде:

«Шөбің семіз, қарың мол, топырағың май екен, кәдіріңді егін салған ел білер», - депті.

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің

шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас,

малыңның көзіне сақ бол!» - депті. Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз

екен,тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар,

жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті. Нарын - Самар аймағын көргенде: «Е, Нарын,

тайың

айғырдай, тайлағың бурадай екен! Қысың ұзақ: шаруаңа сақ бол!» - депті. Шыңғырлау

өзенін көргенде, түсе қалып, Желмаясын оттатып: «Жылқының өзі өскен жоқ,

Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!» - деп, қонып кетіпті. Бірақ Асан ол кезде шұрайлы,

қоныс, нулы өлке таба

алмапты. Ол Ұлытау жаққа келіп өліпті.



5. Топпен ән айту

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б. Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп



Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 32 сабақ

Тақырып: Жер –ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, ынтымақтастық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жердің ортақ үй екенің түсіндіре отырып, ынтымақтастық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қасиетін дамыту.

- оқушыларды Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..»

Абай Құнанбаев

- Сөзін қалай түсініп отырсыңдар?

Жер шарында өздерің сияқаты балалар тұрады. Олар сендер сияқты ойнайды, оқиды, армандайды. Олардың түрі, тілі, діні әртүрлі болғанымен, жүректері бізбен бір. Жер бетіндегі барлық бала достықта , тату – тәтті өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.


3. Әңгiмелеу

«Жер – біздің ортақ үйіміз» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Жер қалайша ортақ үйіміз болады?

  • Жер – ананың риясыз қызыметін неден байқауға болады?

  • Жер- анаға риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады?

Жер-ананың алдындағы парызымыз қандай?



4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

- Жер – ана тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.


5. Топпен ән айту

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б. Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп











































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі № 33 сабақ

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға баққытты өмір сүрудің мәнін түсіндіру арқылы ізгілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды риясыз қызмет етуге үйрете отырып ,бақыт туралы түсініктерін дамыту.

- оқушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке, баққыттың мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Татулық – табылмас бақыт»

нақыл сөз

- Нақыл сөзді қалай түсініп отырсыңдар?

Балалар, өзін-өзі тану сабақтарынанкөп нәрсе білдіңдер.

Ақиқат, Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет , Тыныштық, Қиянат жасамау мәңгілік жалпыадамызаттық құндылықтардың мәнін ашуға талпындыңдар.

Адал, шынщыл, мейірімді, қамқоршыл, бауырмал, әдіпті болуды үйрендіңдер.

Отбасын, Отанды сүйесіңдер. Табиғатқа қамқор бола аласаңдар.

Әрқашан тату-тәтті , бақытты болыңдар!


3. Әңгiмелеу

«Асыл тас» әңгіменің мәнің ашу

Сұрақтар:

  • - «Үшкір, әрі өткір қырлары жоқ» адамда қандай қасиеттер болды?

  • - Қалай ойлайсыңдар, адам мінезіндегі «үшкір, әрі өткір қырларынан» құтылуына не көмектеседі?

- «Үшкір, әрі өткір қырлары жоқ» тегістеуге сыныптағы жағдайлар қалай көмектеседі? Мысал келтіріңдер


Мұғалімнің сыйы.

Аңыз айту

Асыл тас

-Үшкір,әрі өткір қырлары жоқ адамда қандай қасиеттер болады?

-Қалай ойлайсыңдар,адам мінезіндегі үшкір,әрі өткір қырларынан

құтылуына не көмектеседі?

- Үшкір,әрі өткір қырларды тегістеуге сыныптағы жағдайлар қалай

көмектеседі?Мысал келтіріңдер.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Жауаптарын тыңдап, қорытындылау:


4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Сахналап көрсетіңдер.

1. Шындықты айту-парызым

2. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол!

3. Әдептілік-әдемілік

4. Мен отанымды сүйемін!


Тапсырма

  • Суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.


Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.



5. Топпен ән айту

«Мен бақытты баламын»

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Жомарттық пен кеңпейілділік

Автор: Алшора Динара Бақтығалиқызы

Дата: 14.05.2019

Номер свидетельства: 510277

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ке?пейілділік пен жомартты? "
    ["seo_title"] => string(32) "kien-pieiildilik-pien-zhomarttyk"
    ["file_id"] => string(6) "235904"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443882873"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) ""Ке?пейілділік пен жомартты?"  ?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(67) "kien-pieiildilik-pien-zhomarttyk-ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "315464"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459879234"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ке?пейілділік пен жомартты?."
    ["seo_title"] => string(34) "kien-pieiildilik-pien-zhomarttyk-1"
    ["file_id"] => string(6) "303273"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457498382"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Өзін-өзі тану. Кеңпейілділік пен жомарттық 5 сынып"
    ["seo_title"] => string(54) "ozin_ozi_tanu_kien_pieiildilik_pien_zhomarttyk_5_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "418958"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495908444"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Ке?пейілділік пен жомартты?" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(47) "kien-pieiildilik-pien-zhomarttyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "251820"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447305467"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства