Сабақ тақырыбы: | Мектепке баратын жол | Мектеп: Жасыл ауылының негізгі мектебі |
Күні :13.10.16. | | Мұғалімнің аты-жөні: Кушекова Айнур Тайлаковна. |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: 10 | Қатыспағандар саны:- |
Оқу мақсаты: | |
| |
|
Тірек сөздер: | қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian; бағдаршам – светофор – traffic light. |
Ресурстар: | Бағдаршам макеті, жол қозғалысы белгілері-тақташалар, ала құланның суреті (А4 форматы), қаладағы жол суреті (А4 форматы), жаяу жүргінші өтпесінің суреті, жануарлар таптаған жолдардың суреті. |
Сабақтың мақсаты: | 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер |
Қаладағы қозғалысты алғашқы реттеу әрекеттері Ежелгі Римде қолданылған болатын. Гай Юлий Цезарьдің жарлығы бойынша б.з.д. 50-жылдары қала көшелерінде бір жақты қозғалыс енгізілді. Жолда жүрудің қазіргі заманғы ережелерінің тарихы Лондоннан бастау алған. Парламенттің алдындағы алаңда механикалық темір жол семафоры орнатылған. Бұл 1868 жылғы 10 желтоқсан еді. Оны Джон П. Найт ойлап тапқан. Құрылғының екі семафор қанаты болды және ол қолмен басқарылды. Семафорды қызметші басқарып, таяқшаны көтеріп, түсіріп, фонарьды бұрып тұрған. | Психологиялық дайындық Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен. Сабақты сонымен қатар «Қашан? Кіммен? Қайда? Қалай? Не үшін?» және т.б. сұрақтардың көмегімен мектепке баратын жолды сипаттаудан бастаймын. Бұл тапсырмада оқушылардың жеке тәжірибесі маңызды болып табылады. Менің бағытым Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр. Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам. Анықтаймын. Оқушыларға мынадай сұрақ қоямын:«Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген тақташаларды көрсетемін, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұраймын. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастырамын. Ойын үшін үстелде теріс жағымен қойылған тақтайшалар тұрады. Санамақ көмегімен оқушыны таңдаймын және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұраймын Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс. Зертте. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақсуретін көрсетемін. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушылар түсіне бастағанда «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылаймыз. Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушігеде, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған. |
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Сұлба сыз Үйден мектепке баратын жолыңды еске түсір. Бос шаршыларға жол бойы байқаған нысандардың суретін ретімен сал. Үйден мектепке дейінгі жолдың суретін сал. Бұл – сенің бағытың. | Бұл сабақтың тірек сөздері барынша күрделі, сондықтан олардың мағынасын оқушылардың жақсы түсінуі маңызды. Олардан «жаяу жүргінші» сөзінің мағынасын сұраймын.Тақтаға бұл сөзді жазылып тұрады және оның қандай екі сөзден тұратынын сұраймын. Оқушылар бұл сөздің «жаяу жүру» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осылайша, «бағдаршам» деген тірек сөзді талқылаймын. Мысалы, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді. |
Пәнаралық байланыс Математика. «Зертте» тапсырмасын орындаған кезде оқушылардан суреттегі жаяу жүргінші өтпесінің ақ жолақтарын санауды сұраңыз. Жаратылыстану. Оқушылар көшедегі машиналарды бақылап, «Қозғалыс деген не және ол қалай пайда болады?» деген сұрақ төңірегінде ойланады. Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «Сұлба сыз» тапсырмасын орындайды. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолды, онда орналасқан нысандарды салуы тиіс. | Қосымша тапсырмалар «Оқушы-мұғалім-ата-ана» арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін оқушыларға ата-аналарымен бірге «Сұлба сыз» тапсырмасында үйден мектепке дейінгі жолда кездесетін нысандардың дұрыс орналасқанын тексеруге тапсырма беремін (жұмыс дәптері, 12-бет). Байқау жүргізгеннен кейін оқушылар сызған сұлбаларына өзгеріс енгізе алады. 1.Ала таяқ ұстаған Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус) 3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген , Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол) 4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та , Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) |
Бағалау | Оқушылар – «жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді; – «қауіпсіз жол» ұғымын түсінді; – бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді. Оқушылар – үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды; – үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды; – қарапайым бақылау жүргізуді; – сұрақтар қоюды үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беруге болады: Жаяу жүргінші – бұл .... Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын. ....түс «өте бер» дегенді білдіреді. Мен .... көшесінде тұрамын. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Оқушыларға карточкамен мимика келтіру ойыны табысты және қызықты өтті 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Оқушылар жол ережелері туралы біледі және өз мектепретінен үйлеріне дейін баратын жолды көрсете алады. 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Оқушылардың сөздік қорларын молайту жолдарын іздестеріп, ұйымдастыру. Күрделі тапсырмаларды молдап алу Жанел және Санжар,Қайсар деген оқушыларға |