kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жол ж?ру ережесін са?таймыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Жол  ж?ру  ережесін  са?таймыз»                                                                                                     Ма?саты:1.Балаларды  жол  ж?ру  ережесімен  таныстыру.                                                                           2.Жол  ?ауіпсіздігін  есте  са?тау?а, білу.Жол  ережесіні?  белгілерімен  таныстыру.                                                                                                                                                                3.Балаларды  к?шеде  д?рыс  ж?ріп, жол  ережесін  са?тау?а  т?рбиелеу.                                  К?рнекілік: Ба?даршам, жол  белгілері  салын?ан  суреттер.                                                                  Саба?  барысы: ?йымдастыру  кезе?.                                                                                                                    Кіріспе  б?лім: «Жол  ж?ру  ережесін  са?таймыз»  атты  іс-шарамызды  баста?алы  отырмыз.                                                                                                                                                    Жол  за?ы  д?рыс  ж?ріп, абай  болуды  талап  етеді. Жол  т?ртібін  б?зба,  ол  ?атер  тудырады.  Жолды?  ?алыпты  ?оз?алысы  к?бінесе  балаларды?  жол  бойында  ?алай  болса  солай  ж?ріп,  доп  ?уалайтыны,  ж?ріп  бара  жат?ан  машина?а  жабысатыны,  ?алтарыстан  жол?а  шы?ып  келетін  салдарынан  б?зылады.  Жол  т?ртібін  б?з?анды?тан, кейбіреулер  машина  д??гелегіне  ілініп  ?аза  тауып, кейбіреулер  жара?ат  алады, ал  кейбіреулер  ?мірлік  м?гедек  болып  ?алады. Сонды?тан,  ?рбір  балалар,  о?ушылар  жол  ж?ру  ережесін  біліп,жолда  м??ият  болу  керек.?лгілі,  т?ртіпті  бала  к?шеде, жолда  ж?ру  ережесін,  за?ын  б?збайды.                                                                                                                

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жол ж?ру ережесін са?таймыз»»

Тақырыбы: «Жол жүру ережесін сақтаймыз» Мақсаты:1.Балаарды жол жүру ережесімен таныстыру. 2.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білу.Жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 3.Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезең. Кіріспе бөлім: «Жол жүру ережесін сақтаймыз» атты іс-шарамызды бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан, кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады, ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан, әрбір балалар, оқушылар жол жүру ережесін біліп,жолда мұқият болу керек.Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды? Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала. Тәрбиеші: Ал енді, балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын шешуін табыңдар. 1.Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, ысқырықпен түзеткен. «милиционер» 2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. «Жол» 3. Жоқ өзінде баста, ауызда, құлақта. Бақырайған үш көзі бар бірақ та. «Бағдаршам» 4.Өзі сөйлей білмейді. Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді «Бағдаршам» Тәрбиеші:Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. . НЕГЕ? Біз қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені үлкендерде, оқушыларда, яғни жүргізушілерде бұлжытпай орындау керек. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме? Мынандай сұрақтарға жауап беріңдер. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол. Жаяу адамдар қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. . Тақтада: Қызыл-Тоқта! Сары- Сақтан! Жасыл-Жол ашық! Балалардың тақпақтары. Дамира:Қызыл көзі жанғанда, қалт тоқтай қал табанда. Даниал:Сары көзі жанғанда, сақ абай бол қашанда. Нұрсайн:Жасыл көзі жанғанда, жүгіре бер,бел асып. Үшеуі бірге:Бас аяқты ойлап, бол ұқыпты жолда. Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары» Инспектор: Медбике апамыз бәрімізді емдейді, . Ауырса адамды да, аңды да емдейді. . Отырған мынау Медбике апаға . Айтыңдаршы, қане кімдер келмейді? «Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған, сыртынан қан шып-шып шыққан аю өкіріп келе жатады» Инспектор: Апа қараңыз мына сұмдықты, маймақты кім қынжылтты? Медбике: Маймағым, не болған өзіңе, көкпеңбек ісінген бас-көзіңде? Аю: Айтайын мен жасырмай шынымды-ай, сақтап қал апа жанымды-ай. Жармасып балтасыр машина үстіне, домалап түсіп шыңғырдым құлындай. Медбике: Бір асар тәтті бал үшін, тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін. Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят,-ақ. Тәртіп керек, біліп ал,жан үшін. Аю: Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын, кешіріңіздерші мені. Тәрбиеші:-Бағдаршам жоқ көшелермен қалай өтеміз? Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, жолдан өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Жол ортасына жеткенде оңға қараймыз,егер ол жақтан машина келе жатса, сол орында өтіп кеткенше күтеміз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік. Балалар Қалай өтетініндерін көрсетеді. Балалардың тақпақтары. Ерназ: Сапар шексек сіз бен біз, сан көлікке мінеміз. . Троллейбус, трамвай, автобуспен жүреміз. Ясмин:Көлік, көлік, көлік, көліктерге мінеміз. . Көшелермен, көшелермен,күнде тынбай жүреміз. Ерболат: Тәртіп бұзсақ абайсыз, жағдай туар қолайсыз. . Маи қызметкерлерінен, сан кешірім сұраймыз. Айым: Жол жүрудің тәртібін, ережесін білеміз. . Сақтағанда қатерден сау-саламат жүреміз. Даниал: Көреген дәу қырағы, көшемізде тұрады. . Оның аты- бағдаршам, жол сілтейді әрқашан. . Ол бергенде команда, бағынамыз қашанда. Диана: «Мына жерге кірмегенің жөн» дейді. . «Мына жермен жүрмегенің жөн» дйді. . Кері бұрып, тоқтама не бұрылма, . Сонда саған ешбір қауіп төнбейді. Қарлығаш: Ашса кезек үш көзін, айтты деп ұқ үш сөзін. . «Тоқта, Сақтан, Жол ашық!», . Жүрме жолға таласып. Аяжан: Жол жүрудің тәртібін, ережесін білеміз. . . Сақтағанда қатерден сау-саламат жүреміз. Гүлназ: Көшеде біз сақ болайық, қаймықпасын ата-ана. . . Жолда сен бол лайық ,жас ұлан деген атқа. Мерей: Жолда жүру әліппесін, білген жөн бес саусақтай. . . Сонда ғана жүре аласың, сен өзіңді сау сақтап. Қортындылау: Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі іс-шарамызды қорыта келе «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман-есен жүрелік. Қорыта келе: Ирек-ирек көшелер,көше деген мың ирек. . Қиындыққа әйтсе де, үйренесің біртіндеп . Барар жерге асықпа, бәйге алмайсың бұрын кеп.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жол ж?ру ережесін са?таймыз»

Автор: Дюсенова Динара Агыбаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279648


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства