Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Жіктік жалғау»
Жіктік жалғауы
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.
Жалғану жүйесі мен формалары Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топ Бірінші топқа отыр, тұр,жүр,жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады.
Екінші топ Екінші топқа -а, -е, -й ( бара, келе, сөйлей ) формалы және -п, -ып, -іп ( қарап, айтып, келіп ) формалары көсемшелер жатады; олар ә) үлгісі бойынша жіктеледі.
Үшінші топ Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы ( бар-ды, кел-ді ), мен шартты рай формасы ( барса, келсе ) жатады; бұлар б) үлгісі бойынша жіктеледі.
Төртінші топ Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы ( бар, кел ) жатады да, в)үлгісі бойынша жіктеледі
Пайдаланылған әдебиеттер: А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.