kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер тағдыры – Ел тағдыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы».

Табиғатың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер тағдыры – Ел тағдыры»

Жер тағдыры – Ел тағдыры

Сабақтың тақырыбы: Жер тағдыры – Ел тағдыры.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Туған жер табиғатты қорғауға.

Сабақтың түрі: Әдеби – монтаж.

Сабақтың көрнекілігі: Ел туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы: Әдеби – монтаж. «Заман-ай» әнімен ашылады.

1-жүргізуші: «Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы».

Табиғатың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!

2-жүргізуші: Ей, адамдар,

Күн мен гүлден жаралған

От сезім мен мейірім содан таралған.

Тіршілік иесі –

Жер Анаға қараңдар!

Зор қайғыдан күрсінгенде

Ах, ұрады дүние

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

1-жүргізуші: «Бүгінгі біздің арамызда қасиетті Жер - Ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби, Асан Қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күңіренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып отыр. Сөз кезегі сіздерде, асыл бабалар!»

Жер – Ана: Оу, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, көк шалқар көлдер мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік», - деп, толғана үн қатты.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер.

Аяғы жоқ, жалы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер.

Қорқыт ата: - Қара тауларың құламасын,

Саялы ағаш сынбасын,

Қанаттарын қырқылмасын!

1-оқушы: «Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. «Табиғи байлықты игердік, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп» өзімізге - өзіміз қастандық жасадық, Семейді палигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық. Тың жерді эрозияға душар еттік. Өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық. Осыған кім кінәлі? Өзіміз»

2-оқушы: - Қамқоры кім жерімнің,

Панасы кім?

Даласы мұң елімнің,

Ауасы мұң

Тап болды бір заманға

Сәбилері

Уланатын сүтінен анасының.

3-оқушы: «Қазақстанда экологиялық жағдайы төзімсіз халге жеткен бірнеше қала бар. Бұл ел мен жерді ойламай, ешкіммен санаспай, есептеспей жасалған әрекеттердің жемісі».

Жерұйықты бабамның қойған аты

Осы жерде қойылған ай қанаты.

Құрбан болды бәрі де,

Адамымен

Қоса шегіп зардапты хайуанаты.

2-жүргізуші: «Көне Үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» атты аңызын еске түсіре кету керек сияқты. Ерте кезде бір патшалық мол байлықта өмір сүрген. Оның тұрғындарының да байлығы күннен-күнге таси берген. Бір кездерде олар табиғат анадан қол үзе бастаған, тәкәппарлық пайда болған. Табиғаттың даналық заңдарын елемеуге шығып, ойына келгенін істеген. Ойланбастан - ақ жануарларды жойып, өсімдіктерді қуратып, құнарлы жерді аздырып, тоздырған, ең ақыры өзендердің ағысын басқа жаққа, бағытқа бұрған. Найзағай мен түн қараңғысын бағындырып, аспанның биігіне бүркітпен де ұшқан. Бірақ осы байлықтың, шат өмірдің көзі табиғат байлығы екенін патшасынан бастар жеке тұрғындарына дейін бірде-біреуінің ойына келе қоймаған. Бірде ойламаған жерден аспаннан қанаты жоқ қара-құрым құстар қаптап келіп, оларды бас салған. Тоғыз күндей патшалықтың қалаларын от пен судың тасқынымен қиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберген».

1-жүргізуші: «Табиғатты қорғауда ата-аналардың ескерткен тиым сөздерін еске түсірейік». Олар:

«Обал болады» деп, егінді, шалғынды бейсауыт бастырмайды;

«Көктей соласың» деп, жамандыққа жорып, көкті жұлғызбайды;

«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды;

«Қарағай кессең, қаңғырып қал» деп, өсіп тұрған ағашқа тигізбейді;

«Қарғысы қатты» деп, жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді;

Құмырсқаның илеуін бұзғызбайды;

2-жүргізуші: «Аңшы мен бала» көрінісін тамашалайық.

Аңшы: Құс аулауға шығамысың?

Бала: Шығамын.

Аңшы: Атқаныңды жығамысың?

Бала: Жығамын.

Аңшы: Мә, мылтығым, атамысың?

Бала: Атамын.

Аңшы: Сен атып қайт, мен демалып жатамын.

Аңшы: Құсың қайда қарағым - ау?

Бала: Атпадым.

Аңшы: Таппадың ба тоғайдан құс?

Бала: Таппадым,

Аңшы: Көп еді ғой көлде құс.

Бала: Көп екен.

Аңшы: Я, неге атпадың?

Бала: Түк дәлелім жоқ екен.

Аңшы: атуға сен қимадың ба?

Бала: Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.

2-жүргізуші: «Табиғаттың адамсыз күні жоқ» деген. «Нағашы мен жиеннің» шешендік жарыс сөзін тыңдалық.

Нағашы: Ассалаумағалейкум!

Жиен: Уағалейкум салам!

Нағашы: Уа, қайдан келесің, жиен жан? Ауыл, ел аман ба?

Жиен: Ой, нағашы еке – ай, қайдағы амандықты сұрап тұрсыз. Немене газет оқып, теледидар көрмейсіз бе?

Нағашы: О, немене болып қалыпты?

Жиен: Ойбай – ау, мына Асанның маңында Ерназар әкеміздің 29 жылқысы бір күнде, тал түсте қырылып қалған жоқ па? Туу аңғал нағашым – ай, мына зауыттардың кесірі емес пе?

Нағашы: Ей, осы атам қазақ көзін тырнап ашқалы ел, жер туралы небір өсиет қалдырған, соны біздің басшылар білмеген – ау.

Жиен: Нағашы – еке, онда мына жас балалардың құлағында қалсын, екеуміз бір шешендік сөз жарыстырайық.

Нағашы: Мен басын бастағанмен аяғын аяқтай алмаймын.

Жиен: Мен керісінше, басына шорқақпын, аяғын қатырамын.

Нағашы: Мен бастайын.

«Орман, тоғай – жер сыны ,

Бетеге, жусан – бел сыны.

Жиен: Көкорай шалғын – көл сыны,

Ебелек - ермен – жол сыны.

Нағашы: Дуадағы болмаса, шөлдің көркі бола ма?

Жиен: Орман тауы болмаса жердің көркі бола ма?

Нағашы: Нулы, сулы болмаса, қоныс әсем болар ма?

Жиен: Қаз, үйрегі болмаса, көлдің көркі болар ма?

Нағашы: Ел ағасыз болмаса,

Жиен: Тон жағасыз болмас.

Нағашы, жиен: Әлі талай заман өзгерер, өткен қателіктер жөнделе берсін. Сыйласа берсек өмір де, маржандай думан күй кешер. Иә республикамыздың

экологиялық жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді тастап, қайсы бір ұлт - ұлыс өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ. Не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр экологиялық апатқа қарсы күресу - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

1-оқушы: «Ана мен балаға сөз жүзінде емес бүкіл дүние жүзіндегі озат тәжірибелер көрсеткендей, шын мәнінде қамқорлық жасау керек.

2-оқушы: «Ел бірлігі керек».

3-оқушы: «Бейбітшілік керек».

4-оқушы: «Ұрпақтың амандығы керек!»

1-2 – жүргізушілер қосылып:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз.

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

2-жүргізуші: «Қадірлі, асыл, абзал бабалар ұрпақтарына қандай өсиет қалдырар екен». (Бабалар бата береді)

Асан Қайғы: Пайғамбардың бағын берсін,

Сүлейменнің тағын берсін.

Әзірет алының айбатын берсін,

Жамбылдың жасын берсін.

Әл-Фараби: Бата бер, балам, бата бер,

Батаңды бер де жата бер.

Ақ торғын жерім маужырап,

Ақ таңым күліп ата бер.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жер тағдыры – Ел тағдыры

Автор: Бекбулатова Шынар Жанбаевна

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357652

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жер та?дыры-ел та?дыры "
    ["seo_title"] => string(27) "zhier-tag-dyry-iel-tag-dyry"
    ["file_id"] => string(6) "203968"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429587339"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Жер та?дыры – ел та?дыры"
    ["seo_title"] => string(29) "zhier-tag-dyry-iel-tag-dyry-1"
    ["file_id"] => string(6) "282545"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453713741"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) ""Энергияны ?немдеу ж?не энергия тиімділігін арттыру"  та?ырыбында?ы баяндама презентациясы"
    ["seo_title"] => string(105) "enierghiiany-uniemdieu-zh-nie-enierghiia-tiimdilighin-arttyru-tak-yrybyndag-y-baiandama-priezientatsiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "302228"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457093929"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) ""Ризашылық пен Алғыс!" тақырыбында 1 наурыз Алғыс айту күнінде өткізілген тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(80) "rizashylyk_pien_alg_ys_tak_yrybynda_1_nauryz_alg_ys_aitu_kunindie_otkizilghien_t"
    ["file_id"] => string(6) "464359"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522428345"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Бір халы? –  бір ел – бір та?дыр»"
    ["seo_title"] => string(32) "bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr-2"
    ["file_id"] => string(6) "249850"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984655"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства