Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта
Шаттық шеңбері: Ризашылық
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Мұғалім: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтін мен жұмыс «Алғыс» М. Төрежанов.
( Мәтінді оқып беру)
Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті. Сол қоржыннан шыққан хатты әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған)
Рахмет!
Жасың ұзақ болсын!
Таудай бол!
Өренің өссін!
Бақытты бол!
Білімді бол!
Өнерлі бол!
Бағың жансын!
Мұратыңа жет!
Өнерің өрге жүзсін!
Азамат бол!
Еліңе қорған бол!
Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт»
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Жаңа ақпарат
Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылықсезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғысдейміз.»
Дәптермен жұмыс тапсырма
Дәптерде берілген сұлбаға М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар. Бос жолақтарға не үшін алғыс айтқанын жазыңдар.
Қортындылау:
–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүректен жүрекке: Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.