1. ?йымдастыру кезе?і: О?ушылар к??ілін саба??а аудару. Балалар бізде б?гін ерекше саба?. Б?гін сендермен ?аза?станны? ?алаларына саяхат?а шы?амыз. Саяхат деген с?зді ?алай т?сінеміз? Саяхат?а шы?у ?шін бізге электропоезд керек. Міне бізді? пойызымыз. Ендеше пойыз?а отыру ?шін бізге не ?ажет деп ойлайсы?дар? ?рине билет керек. Билет алу ?шін ?ткенді ?айталайы?.
Просмотр содержимого документа
«Жер - су аттары .саба? жоспары »
Шалдай орта білім беру мектебі
Ана тілі
1 сынып
Өткізген : Алибекова К.Т
Сабақтың тақырыбы: Жер-су аттары.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік. Жер-су аттарының бас әріптен басталып
жазылатынын түсіндіру, мәтін мазмұнын ашу, сапалы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру, балалардың сөздік қорын байыту.
2)Дамытушылық.Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік.Оқушылардың сауатты, көркем жазудағдыларын қалыптастырып, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, бағыттар, белгілер, макеттер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар көңілін сабаққа аудару. Балалар бізде бүгін ерекше сабақ. Бүгін сендермен Қазақстанның қалаларына саяхатқа шығамыз. Саяхат деген сөзді қалай түсінеміз? Саяхатқа шығу үшін бізге электропоезд керек. Міне біздің пойызымыз. Ендеше пойызға отыру үшін бізге не қажет деп ойлайсыңдар? Әрине билет керек. Билет алу үшін өткенді қайталайық.
2. Өткенді қайталау: - Өткен сабақта не өттік?
- Қандай мәтінмен танысып едік?
- Кім түсінгенін айтып береді?
- Мәтін кім туралы?
/ 1-2оқушыдан сұрау/
3. Жаңа сабақ:1- інші аялдама-Павлодар қаласы. Тапсырма ережемен жұмыс. Бүгін сендермен «Жер-су аттары» деген тақырыппен танысамыз.Бүгін сабақта: мәтінмен жұмыс, дәптермен жұмыс және тапсырмалар орындаймыз.
Кесте: Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады: Қазақстан, Астана, Алатау, Жетісу, Нұра.
2-інші аялдама- Алматы қаласы .Тапсырмасы – дәптермен жұмыс.
1.Балалар дәптерімізіді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. 100-жаттығуға назар аударамыз. Шартын оқушыға оқыту.
Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
2. – Бұлар қандай сөздер?
- Ненің атын білдіреді?
3-інші аялдама –Астана. Тапсырмасы кітаппен жұмыс.101-жаттығуа қарайық. Ертіс оқу /ауызша/
Авторы Е.Ерботин. Ертіс деген не екен?
Ертіс өзені қай жақта, кім біледі?
Сергіту сәті.
4-інші аялдама –Есіл өзені . Тапсырмасы «Екі соқа » мәтіні.
а/Мұғалімнің оқуы.
Соқа дегеніміз не? / түсіндіру суретін көрсету/
Авторы Спандияр Көбеев – қазақтың белгілі педагогі, жазушысы. Туған жылы 1878-1956.
Мәтінді оқу – мұғалімнің оқуы.
- тізбектеп оқыту.
- түсінгенін айту.
3.Екі соқаны салыстыру. Венн сызбасы.
ескі
жаңа
4.Көктемгі еңбек жайында әңгімелеу. / шығармашылық тапсырма/
5.Мақалды оқу.
Еңбек түбі- береке. /мағынасын ашу/
5-інші аялдама - Қызылорда қаласы. Тапсырмасы 102 жаттығу. / ауызша/
Кісі, жер-су аттары қалай жазылған?
6-ыншы аялдама – Ертіс өзені .Тапсырмасы- Сөздік диктант.
Алатау, Сарысу, Нұра, Шет.
4. Қорытынды: 7-інші Атырау қаласы .қаласына келіп жеттік.
Картадан Қарағандыны кім көрсетеді?
- Нені білдік?
- Нені білеміз?
- Нені білгіміз келеді?
5. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.