бастауыш сынып м??алімі Еликбаева Альмира Сафиуллаевна
Сынып: 2
П?ні: ?аза? тілі
Саба?ты? та?ырыбы: Сан есім ж?не оны? аны?тамасы, с?ра?тары.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: сан есім ж?не оны? аны?тамасы, с?ра?тарымен таныстыру, с?йлем ішінен сан есімді тауып д?рыс с?ра? ?оя білуге да?дыландыру, ?ай с?збен байланысып т?р?анын ажырата білуді ?алыптастыру;
Дамытушылы?: тапсырмаларды орындау ар?ылы о?ушыларды? ойлау, талдау, ал?ан білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, ?зіндік пікір айту?а, ?з ойын жеткізе білуге ?йрету;
Т?рбиелік: білімділікке, ?йымшылды??а, шы?армашылы??а, ту?ан елін, жерін с?йе білуге т?рбиелеу;
Ж?ппен ж?мыс: о?ушылардан ережелер бойынша с?ра?- жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
ІV. Жа?а саба?.
- Балалар, б?гін ?тетін жа?а саба?ымызды ертегі айтудан баста?ым келіп т?р. Б?рын?ы ерте заманда с?з таптары атты ?ария бол?ан екен. Оны? бірнеше баласы болыпты. Оны? ?лдарыны? мінездері бір- біріне ??самайтын ?р т?рлі ж?не ?асиеттері де ?р т?рлі екен.
Зат есім затты? атын білдірсе, Етістік ?имылды, Сын есімі затты? т?р- т?сін, сынын білдірсе керек. Ал Сан есім атты ?лы затты? санын, ретін, м?лшерін білдіріп неше? ?анша? нешінші? деген с?ра?тар?а жауап береді.
Аны?тамасы Затты? санын, ретін білдіретін с?здер.
Сан есім
С?ра?тары ?анша? Неше? Нешінші? Нешеу?
Мысал келтіру.
?орытынды ереже: Екі с?зден т?ратын сан есім б?лек жазылады.
Бір к?ні С?з табыны? ?лдары Зат есім, Сын есім, Етістік ж?не Сан есім орман?а серуенге шы?ады. Сол с?тте ?атты жа?быр жауып Сан есім адасып ?алады. Жа?быр басыл?ан со?, аспан ?лемінде жер бетін жеті т?рлі т?ске боял?ан кемпір?оса? пайда болады. Сан есім кемпір?оса?тан к?мек с?райды. Ал кемпір?оса? мені? жеті т?сімні? ма?ынасын тауып, тапсырмаларымды орындаса? са?ан к?мектесемін деген екен.
- Ал, балалар, Сан есімге к?мекке келейік. Кемпір?оса?ты? тапсырмаларын орындайы?.
бастауыш сынып мұғаліміЕликбаева Альмира Сафиуллаевна
Сынып: 2
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сан есім және оның анықтамасы, сұрақтарымен таныстыру, сөйлем ішінен сан есімді тауып дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру;
Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, өзіндік пікір айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
Тәрбиелік: білімділікке, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, туған елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу;
-Сәлеметсіздер ме? Құрал-жабдықтарыңды алыңдар. Қазір қандай сабақ? Ендеше, қазақ тілін қалай құрметтейміз?
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткенді пысықтау.
Жұппен жұмыс: оқушылардан ережелер бойынша сұрақ- жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
ІV. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін өтетін жаңа сабағымызды ертегі айтудан бастағым келіп тұр. Бұрынғы ерте заманда сөз таптары атты қария болған екен. Оның бірнеше баласы болыпты. Оның ұлдарының мінездері бір- біріне ұқсамайтын әр түрлі және қасиеттері де әр түрлі екен.
Зат есім заттың атын білдірсе, Етістік қимылды, Сын есімі заттың түр- түсін, сынын білдірсе керек. Ал Сан есім атты ұлы заттың санын, ретін, мөлшерін білдіріп неше? қанша? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.
Анықтамасы Заттың санын, ретін білдіретін сөздер.
Сан есім
Сұрақтары Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
Мысал келтіру.
Қорытынды ереже: Екі сөзден тұратын сан есім бөлек жазылады.
Бір күні Сөз табының ұлдары Зат есім, Сын есім, Етістік және Сан есім орманға серуенге шығады. Сол сәтте қатты жаңбыр жауып Сан есім адасып қалады. Жаңбыр басылған соң, аспан әлемінде жер бетін жеті түрлі түске боялған кемпірқосақ пайда болады. Сан есім кемпірқосақтан көмек сұрайды. Ал кемпірқосақ менің жеті түсімнің мағынасын тауып, тапсырмаларымды орындасаң саған көмектесемін деген екен.
- Ал, балалар, Сан есімге көмекке келейік. Кемпірқосақтың тапсырмаларын орындайық.
Сары түс. 1- тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу. (ауызша) Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіріп тұр?
Көк түс. 2- тапсырма: Жұмбақтың ішінен сан есімдерді тауып, жұмбақ жауабын шешу.
V. Сергіту сәті.
Қызыл түс. 3- тапсырма: Мақал- мәтелдердегі көп нүктенің орнына жоғалған сан есімді тауып жаз.
1. Батыр ....... өледі,
Қорқақ ...... өледі.
2. ........ теңге ақшаң болғанша,
........ досың болсын.
3. Білекті ....... жығады,
Білімді ...... жығады.
4. Ел құлағы ......... .
Жасыл түс. 4- тапсырма: «Кім тез ойлайды? » ойыны. Саны бар сөздердің шешуін тез тауып, екі- үш сөйлем құрастыру.
к + 3 + ік = күшік
жел + 90 = желтоқсан
6 + бақан = алтыбақан
9 + құмалақ = тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ- қазақтың ұлттық ойыны.
Желтоқсан жылдың соңғы айы.
Көгілдір түс. 5- тапсырма: Өздік жұмыс. (Оқушылардың білім деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі).
Берілген зат есімдерге тиісті сан есім тауып жаз: бес саусақ,
екі бәйтерек, он екі ай, төрт мезгіл.
Мақалдарды сан есімдердің өсу ретіне қарай көшіріп жаз.
Бес саусақ бірдей емес.
Ердің екі сөйлегені өлгені.
Екі жақсы қақ болмас, екі жаман дос болмас.
Төрт түліктің төресін түйе дейді.
Сан есімдерге зат есім тауып жаз: үш дәптер, бес кітап, он екі бұзау, он оқушы, жеті күн.