Просмотр содержимого документа
«Жемістер (алма, алмұрт)»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: шығармашылық,
Түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Жемістер»(алма,алмұрт)
Мақсаты: пішінді мүсіндеудің басу,қысу,жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру
Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, көркем әдебиет, ТОҚ.
Билингвалдық компонент:
Әдіс тәсілдер; көрсету,сұрақ-жауап, әңгімелеу
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс- әрекеті.
Мотивациялық-қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Шаттық шеңбері:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріне,
Сенімді боламыз.
Екі деген екі дос,
Бірін – бірі қимайтын.
Артық-кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.
(Е.Өтетілеуұлы)
- Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
- Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?
- Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?
-Мынау қандай жеміс?
-Мынау ше?
-Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?
-Балалар,енді біз осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.
1.басбармақты басу арқылы алманың пішінін келтіреміз.Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз
2. жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігінг алып, алақанға салыпдомалақтаймыз,тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз
Сергіту сәті
Кәне,кімнің бойы ұзын
Паровозы ол пойыздың
Қатар-қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық
-Енді алмұртты жасаймыз.сары түсті ермексазды алып,алақанға салып жұмсартамыз.Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін келтіреміз
Балалар шеңберді айнала қимыл-қозғлыстар жасап, өлең жолдарын қайталайды.
Күн суытады
Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз
Күз мезгілі
Алма,алмұрт,жүзім
Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар
Орындарына отырып алма мен алмұртты мүсіндеуді үйренеді
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды
Рефлексивті реттеушілік.
Балалар жұмысынан көрме
Алма,алмұрт туралы сипаттап беру
Шаттық шеңбері
Жылу берген күнге рахмет.
Тіршілік берген жерге рахмет
Өсім берген суға рахмет
Бізге жеміс әкелген
«Күз аруына» рахмет
Балалар жұмыстарын аяқтап,келшен қонаққа көрсетеді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеміс-жидектер –табиғаттың сыйы екендігін
Игереді; пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді
Меңгереді: жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды