kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жердің ауа қабаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары. Жаңа жас мұғалімдерге көмек ретінде берілген№ Белсенді оқыту әдістері еңгізілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жердің ауа қабаты»

Пән: Жаратылыстану

Мектеп:

Сынып: 2 «А»

Мұғалім:

Күні:

Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы: Жердің ауа қабаты

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты:

2.3.2.1. Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың бәрі орындай алады: ауаның құрамын оның қасиеттерін айта алады; біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсінеді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: ауаның қасиетіне байланысты тәжірибе жүргізе алады; ауаның ластану себептері мен атмосфераны қорғау шараларын біледі.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен тәжірибе жасай алады және тәжірибе бойынша ауаның қасиеттерін дәлелдеп бере алады; тақырып бойынша қорытынды ой-пікір айта алады;

Бағалау критерийлері

  • Топта, жұпта және жеке жұмыс жасай алады;

  • Жан-жағымыздан ауа қоршап тұрғанын біледі;

  • Жердің ауа қабаты атмосфера аталатынын біледі;

  • Тәжірибе жасау арқылы ауаның қасиеттерін біледі;

  • Ауаның тірі ағза үшін маңызын түсінеді

Сөздікқор

Атмосфера – жердің ауа қабаты, ауа, воздух, air

Құндылықтарды дарыту

Ұйымшылдық, белсенділік, қоршаған ортаға қамқорлық

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысқан және оны сақтай алады.

АКТ қолдану дағдысы

Интербелсенді тақта, компьютер, презентация, бейнежазба

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Денеге қалай күтім жасаймыз ?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

С абақтың басы



Сабақта жоспарланған іс-әрекет



I.Ұйымдастыру кезеңі 1. Психологиялық ахуал орнату

Біз ұқыпты баламыз, Беті-қолды жуамыз.

Күнде ерте тұрамыз. Жаттығу да жасаймыз.

Тісімізді тазалап, Сабақтан еш қалмаймыз.

Ресурстар






II. Үй тапсырмасын сұрау

а) Перфокарта әдісі

Перфокартаға оқушылар тістің түрлерін жазады.

ә) «Желпуіш» әдісі Қағазды желпуіш пішінінде бүктеп, барлық оқушыға тарату. Оқушылар желпуіштің ішіндегі сұрақтарға «Иә», «Жоқ» деп жауап жазады.

Перфокарта

желпуіш пішінінде бүктелген парақшалар

Сабақтың ортасы


20 минут








III. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа кіріспе. Көрінбейтін сиқыршы.

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Ол сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (Ауа)

Сергіту сәті. «Ауада жазу».

Оқушылармен бірге «ауа» сөзін үш тілде айту, ауада жазу.

Ауа Воздух Аir

Саусақпен мұрын қысайық, Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысын, Қандай екенін ұғайық.

  • Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

  • Ауа аузымыз арқылы шығатындықтан дыбысымыз өзгереді.

2) Оқулықпен жұмыс. Енді бәріміз оқулықтың 40-41 бетін ашайық. Мәтінді ішімізден оқып шығайық.

Атмосфера - Жердің ауа қабаты. Ол Жерді қатты суып, не ысып кетуден сақтайды, сондай-ақ зиянды әсерлерден қорғайды.

Ауаның түсі, иісі болмайды. Ол жеңіл әрі газ тәрізді. Ауа барлық тірі ағзалардың тыныс алуы үшін қажет.

Енді оқулықтағы мәліметтерді пайдаланып, оның ақиқаттығына көз жеткізу үшін тәжірибе жүргізіп көрейік.

3) Тәжірибе жасау. 1 тәжірибе. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең бөліп, әрқайсысын жағып, үстел үстіне қою. Оның біреуін стаканмен жабу. Екіншісін банкімен жабу. Үшіншісін ашық қалдыру. Қай май шам сөнер екен? Қорытындыны жасату. (Алдымен стакандағы майшам сөнеді. Себебі, ол жерде ауа жоқ).

2 тәжірибе. Алдымен терең тыныс ал, содан кейін деміңді шығар. Не сездің? Қайта тыныс алып, деміңді шығармай, ішіңде ұстап тұр. Енді не байқадың? (ауасыз тіршілік жоқ).

3 тәжірибе. Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине, сен ештеңе көре алмадың. Себебі, сенің алақаның мөлдір емес. Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығында тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің. Ауа қандай екен ? (мөлдір)

4 тәжірибе. Допты қолымызға ұстап, бүйірінен қысамыз. Не байқадың? (доп ішіндегі ауа сығылады). Допты жерге ұрсақ секіреді. Неге? (Доптың ішінде ауа болғандықтан ол секірді. Бұл ауаның серпімділік қасиеті).

5 тәжірибе. Кейде гүлдің, әтірдің немесе түтіннің иісін сеземіз. Неліктен? Ауаның иісі шықпайды ғой. (таза ауаның иісі жоқ, бірақ иістер ауа арқылы таралады).

6 тәжірибе. (Жұппен орындайды) Келесі тәжірибелерді жұппен орындаймыз. Шарды үрлеу. Шарды екі бүйірінен қысу. Не байқадың?(ауаның ығылуы).

7 тәжірибе.(Жұппен орындайды) а) түтікшені алып, алақанға үрлету. ә) Стакандағы суды түтікшемен үрлеу. Не байқадың? (судағы көпіршіктер судың ішінде де ауаның бар екенінің дәлелі).

4) Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптердің 26 бетіндегі тапсырмаларды орындайық.

  • Сонымен, ауаның қандай қасиеттерін білдік?

Ауаның қасиеттерін топтастыру арқылы дәптерлеріне жазады. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Егер пештегі ағаштың, көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауа мол кіретіндей ету керек. Мысалы, ақырын жанып жатқан отты үрлесең, ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең, ол сөнеді.

5) Бейнежазба. Ауаның ластануы және маңызы. Бейнежаз-баның мазмұны бойынша топтарға тапсырма беріледі.

6) Постермен жұмыс. Топпен орындайды

1-бала: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау шаралары.

2-бала: Лас ауадағы және таза ауадағы тіршілік.

3-бала: Тіршілік иелерінің атынан (жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтардың) хат.

Интербелсенді тақта, компьютер, презентация, әуен










оқулық








майшам, стакан, банка





сурет



доп



әтір


шар


түтікше, суы бар стакан

жұмыс дәптері













бейнежазба


А3 қағаздар, суреттер, желім, маркер

Сабақтың соңы


11 минут



IV. Қорытынды. «Композиция құрастыру». Оқушылар карточка-лардың артындағы сұрақтарға жауап беріп, плакатқа жабыстыру арқылы композиция құрастырады.

  • Жердің ауа қабаты қалай аталады?

  • Ауаның қандай қасиеттері бар?

  • Ауаның маңызы неде?

  • Ауа қайда кездеседі?

  • Ауаның құрамында қандай газдар бар?

  • Ауа неліктен ластанады?

  • Ауаны қорғау үшін қандай шаралар жүргізілуде?

  • Лас ауа адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады. Біз ауаның барлық тіршілік иелері үшін қаншалықты маңызды екенін білдік. Енді қоршаған ортаны таза ұстап, ағаш отырғызып, ауаның таза болуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Себебі, таза ауамен дем алу бізге көтеріңкі көңіл-күй мен мықты денсаулық сыйлайды.

Рефлексия. Оқушылар стикерге өздерінің сабақтан алған әсерін жазып, әуе шарлары-на салады.

«Сабақ қатты ұнады» – жасыл әуе шарына,

«Сабақтан көп нәрсе үйрендім» – көк әуе шарына,

«Тапсырмаларды орындауда қиналдым» – сары әуе шарына,

«Сабақ қызықсыз болды» – қызғылт сары әуе шарына стикерге жазғандарын салу, ойларымен бөлісу.

Үй тапсырмасы

1) Оқулықтан 40-41 бетті оқу, мазмұндау.

2) «Ауасыз өмір жоқ» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау. Оқушылардың бағалау парақшасын жинап алып, қорытындысын жариялау. Белсене қатысқан баланы бағалау, мадақтау.

Сұрақтар жазылған суреттер, табиғат көрінісі бейнеленген плакат










Стикер, шарлар





Оқулық, қосымша әдебиеттер

Бағалау парақшасы, смайлик




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жердің ауа қабаты

Автор: Жавгаштенова Турсынай Ибраевна

Дата: 06.12.2019

Номер свидетельства: 530537

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Атмосфера жерді? ауа ?абаты "
    ["seo_title"] => string(31) "atmosfiera-zhierdin-aua-k-abaty"
    ["file_id"] => string(6) "182519"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425547136"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Атмосфера ауа ?абаты"
    ["seo_title"] => string(22) "atmosfiera-aua-k-abaty"
    ["file_id"] => string(6) "252728"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447431906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Сабақтың тақырыбы: "Жердің ауа қабаты" жаратылыстану пәні"
    ["seo_title"] => string(60) "sabak_tyn_tak_yryby_zhierdin_aua_k_abaty_zharatylystanu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "452588"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516910489"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Атмосфера -жердің ауа қабаты"
    ["seo_title"] => string(33) "atmosfiera_zhierdin_aua_k_abaty_1"
    ["file_id"] => string(6) "434914"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509101233"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ауа ж?не оны? ?асиеті "
    ["seo_title"] => string(25) "aua-zh-nie-onyn-k-asiieti"
    ["file_id"] => string(6) "136049"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417020505"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства