kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жатыс септігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Жатыс септік.

Саба?ты? ма?саты:

  1. Жатыс септіктегі с?здерді? ?андай с?ра?тар?а жауап беретінімен ж?не оны? жал?ауларымен таныстыру;
  2. О?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, с?здік ?орларын дамыту;
  3. ?стамдылы??а, жылдам ойлау?а, ?демі с?йлеуге, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?.

Саба?ты? ?діс-т?сілі : С?ра?-жауап, т?сіндіру, баяндау, ?здік ж?мыс, топты? ж?мыс.
Саба?ты? к?рнектілігі : интерактивті та?та, сызбалар, семантикалы? карта.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жатыс септігі »


Ашық сабақ

Күні: 30 қаңтар 2015 жыл.

Пәні: қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Жатыс септік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру;

  2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

  3. Ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, өздік жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнектілігі : интерактивті тақта, сызбалар, семантикалық карта.
Пән аралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Оқушылар хормен:

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан.

Амансың ба, достарым,

Амансыз ба, ұстазым.

Қонақтарға бұрылып:

  • Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

ІІ. Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің жан жылуын береді.

- Балалар, енді, алақандарымызды біріктіріп, бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

  • Рахмет, балалар.

Дайынсыңба ба, сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа.

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітапта, - демекші, енді, сабағымызды бастайық. Олай болса, сабағымыздың ережесін еске түсірейік.

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз.

  • Толықтырамыз.

  • Қатемізді түзейміз, көмектесеміз.

  • Сабақ бойына осы ережелерді ұстанып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. 103 бет 53 жаттығу. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрап жаз. Оқушыларға оқыту.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

ІV. Жаңа сабақ:

- Балалар, байқап отырған шығарсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жатыс септігі». Сабақтың мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жеті септіктің бірі жатыс септігінің сұрақтары және жалғауларымен кеңірек танысамыз.

Актуализация. (өткенді еске түсіру)

  • Балалар, өткен сабақтарда септіктің қандай түрлерімен танысып едік?

  • Атау, ілік, барыс, табыс септіктері.

  • Олай болса, балалар, өткен сабақтарға шолу жасап кетейік. Ол үшін жеті санына қатысты 7 ұяшық берілген. Сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақтарда алған білімдерімізді тексерейік.

  1. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата. (7 септік бар)

  2. Зат есімнің септелуі дегеніміз не? (Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі)

  3. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қалай атаймыз? (Септік жалғаулары)

  4. Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

  5. Барыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын ата. (Кімге? Неге? Қайда?, -ға, -ге, -қа, -ке)

  6. Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады?(Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді?)

  7. Табыс септігінің жалғауларын ата. (-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті)

  • Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ болмақ, алған білімімізді тобымыздың игілігі үшін жұмсайтын боламыз. Қазір қыс мезгілі болғандықтан, әрбір жетістігімізге мынадай қар ұшқындарын жинаймыз, сабақ соңында қар ұшқыдарына байланысты жеңімпаз топты анықтаймыз. Топтар өздеріңнің атауларыңмен және ұрандарыңмен таныстырып өтсеңдер.

І. «Достық». Достығымыз тым ыстық, мақсатымыз тыныштық.

ІІ. «Бірлік». Күш – бірлікте.

1 кезеңіміз «Игерейік білімді» деп аталады.

55- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың жалғауларын тап. Бұл сөздер қай септікте тұр. Жұмбақты бірінші шешкен топқа қар беру. Топ мүшелері жаттығуды талдайды.

Шөлде гүлдейді, құлпырады,

Суда өмірі қырқылады. (Сексеуіл)

Ережемен таныстыру. (бір оқушыға оқыту)

Мұғалімнің түсініктемесі.

Жатыс септіктің сұрақтары: Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде? Қайда?

Жалғаулары: - да, -де, -та, -те.

V. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазғызу.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық.

2 кезеңіміз «Мақалдар әлемі». 56 жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.

Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.

І топ. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

ІІ топ. Ерлік білекте емес, жүректе.

Қай топ бірінші болса, сол топ жаттығуды талдайды. Қар беру.

3 кезеңіміз «Біліміңді байқап көр». «Есте сақтап, сөз құра» ойынын ойнаймыз. Тақтамен жұмыс. Әр топ мүшесі құраған сөздерін жазу.

Шарты: оқылған сөздердің ретін сақтай отырып, бірінші әріптерінен жаңа сөз құрау.

Кереге, ірімшік, тауық, аспан, палуан. (кітап)

Бал, ішік, лақ, іскер, мақта. (білім)

Сөздерді жатыс септігінде септеп, сөз құрамына талдау. Марапаттау.

VІ. Сергіту сәті. Видиоға қарап қимылдар жасау.

4 кезең «Ойланайық, кім білгір». 57 жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта. Марапаттау.

5 кезең «Орнын тап». 59 жаттығу.

Өзен, жайлау, қыс, көген*, бесік.

Көген – қозы-лақтарды мойындарынан желі арқанға қатар түзеп байлайтын ілмек жіптер тізбегі.

Сөздерге жатыс септік жалғауының тиістісін жалғап, әрқайсысымен сөйлем құрап жаз. Кестені пайдаланып дәлелдеу. Көген сөзінің мағынасымен таныстырып өту.

6 кезең «Өздік жұмыс». Семантикалық карта тарату. Топ басшылары қорытындысын анықтайды.

VІІ. Бекіту.

7 кезең «Модель құрастыру». Әр топ бүгінгі сабаққа байланысты модель құрастырып, қорытындылайды. Тақтамен жұмыс.

Рефлексия. Гүл суретіне бүгінгі сабақ «ұнады» қызыл түс, «ұнаған жоқ» сары түс, «білмеймін» жасыл түс, деген сөздерді әр түрлі стикерлерге жазып магнитті тақтаға жабыстыру. Өз пікірлерін жазу. Қай түс басымырақ болғанын анықтау.

Үйге тапсырма.

Күнделікті ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Септіктен алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық.

104 бет 60 жаттығу. Ережеледі қайталау.

Бағалау.

«Төрт» дегенің – жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«Бес» дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана. Жинаған қар ұшқындарын санап, қай топтың білімі басым болғанын анықтайық.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жатыс септігі

Автор: Ыбрайханова Асем Калкамановна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174043

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Қазақ тілі.Жатыс септік"
    ["seo_title"] => string(26) "k_azak_tili_zhatys_sieptik"
    ["file_id"] => string(6) "452728"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516973991"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Жатыс септік "
    ["seo_title"] => string(14) "zhatys-sieptik"
    ["file_id"] => string(6) "165960"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422892265"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Конспект урока на тему ":Жатыс септік""
    ["seo_title"] => string(34) "konspiekturokanatiemuzhatyssieptik"
    ["file_id"] => string(6) "330513"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464281762"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жатыс септігі Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(28) "zhatys-sieptighi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "179055"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424941021"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Саба? та?ырыбы: ?лібек , б?л – к?к?ністер. Жатыс септігі . ? дыбысы. "
    ["seo_title"] => string(65) "sabak-tak-yryby-libiek-bu-l-kokonistier-zhatys-sieptighi-o-dybysy"
    ["file_id"] => string(6) "202049"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429175631"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства