Сабақтың мақсаты 1.Білімділік; Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту,емлесін меңгерту. Жатыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын меңгерту.
2.Дамытушылық; Оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту , ауызша,жазбаша жаттығулар жүргізе отырып сауаттылығын арттыру,тез ойланып, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды өз міндеттерін тиянақты орындауына , еңбекқорлыққа үйрету.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Я сижу в классе.В библиотеке есть много книг. Летом поеду в ауыл. Урок начинается в восемь часов. Мне 11 лет.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында; Әр топқа (жұппен жұмыс) карточка тарату. Диалогты толықтырып бір-бірімен сөйлесу.Жатыс септігінде тұрған сөздерді табу.
Сабақты қорытындылау. Оқушылармен бірге жатыс септігі нені білдіреді, қандай сұрақтарға жауап береді,жалғаулары қандай екенін тағы бір қайталап түсіндіру.
Үй тапсырмасын түсіндіру 2 сөзді септеу, 5 сөйлем құрастыру.
Сабақты аяқтау. Бағалау.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Егер барлығы түсінікті болып сұрақтарың жоқ болса алдарыңдағы стикердің жасыл түсін,
Егер бәрі түсінікті, бірақ әлі де түсінбеген тұстары бар десеңіз сары түсті
Егер ештеңе түсініксіз,әлі де көп сұрағым бар десеңіз қызыл түсті таңдап тақтаға ілулеріңді сұраймын.
Сабақ аяқталды.Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.