Сабақ тақырыбы: Әлібек , бұл – көкөністер Жатыс септігі . Ө дыбысы
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың тақырып бойынша тілдесім әрекетін жандандыру.
Олардың оқылым ,тыңдалым, айтылым , жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту.
2. Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу ,сөйлеу ,жазу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыларды сабақ барысында тәртіптілікке , бір –біріне көмек қолын беруге даярлыққа тәрбиелеу .
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, өз бетінше жұмыс, аударма, сөздікпен жұмыс, суреттермен жұмыс, ойын элементтерін қолдану
Сабақ көрнекілігі : тақырыптық суреттер, сызбалар ,әліпби , қима қағаздар
Сабақ байланысы: орыс тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару .
Гимн орындау
Қорыту
2.Тіл дамыту сұрақтары:
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
2.Сенің досың бар ма?
3.Қазір қай жыл мезгілі?
4. Қазір қандай ай?
5.Мектепте асхана бар ма?
6.Қандай жемістерді білесің?
7.Қорыту
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үлгерімі төмен оқушылар: оқушылардың қосымша дәптерлері бар, сол дәптерлерге берілген үлгі бойынша тапсырмаларды орындап шығады .
(тапсырмалар өткен тақырыпқа қатысты)
Тақтада: суреттермен жұмыс (оқушылар суреттегі заттардың атауларын атайды, аударады, сол сөздермен сөйлем құрастырады.)
Үйге берілген жаттығу бойынша сұрақтар қою,үлгерімі төмен оқушының жазуын тексеру
Үлгерімі жоғары оқушылар: қима қағаздармен жұмыс
Қима қағаздардағы тапсырмалар
Суреттегі жеміс атауларын жазып шық, олардың түстерін ата.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының астын сыз.
Берілген жеміс атауларымен сөйлем құрастыр, орыс тіліне аудар
Жуан дыбыстардың астын сыз.
Берілген суреттегі жемсітердің санын анықта, сөйлем құрастыр.
Жіңішке дыбыстардың астын сыз.
Қорыту
Сергіту сәті «Бір,екі ,үш»
4.Жаңа тақырып .
Көркем жазу минуты : қияр
Сөздікпен жұмыс: тақтадағы жаңа сөздерге назар аударту
КӨКӨНІС – овощи
ОРАМЖАПЫРАҚ - капуста (сөздің жазылуына назар аударту)
ҚИЯР- огурец
ПИЯЗ - лук
Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында тақтадағы сызбалар, суреттер арқылы көкөністермен таныстыру, қазақша атауларын оқушылармен қайталап айтып шығу.
Кітаппен жұмыс:
127-бет № 1 тапсырма Суретпен жұмыс – үлгерімі төмен оқушы
Үлгерімі жоғары оқушы: 128-бет ,№4 тапсырма Сөз тіркестерін аударып айтады.
Барлық оқушылар орындайтын тапсырма: 128-бет ,№5 Сызба бойынша сөйлемдерді оқу, жазу (Тақтада орындалады)
5.Қорыту
«Кім көп біледі?» ойынын ойнату арқылы , оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру дәрежесін анықтаймын. Допты лақтыра отырып, сөздің орысшасын атаймын, оқушылар қағып алып, сол сөзді қазақшаға аударып, допты өзіме қайтарады.
Ән айтайық! Оқушылар хормен «Жазда апамның аулына» әнін айтады.