kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында ашы? саба?. 9-сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында?ы ашы? саба? Жаратылыстану п?ндері бірлестігіні? онк?ндігінде 9-сынып о?ушыларымен ?ткізілді. саба? д?ст?рлі т?рде ?тті. саба? жоспарында ?лгерімі т?мен о?ушылар?а арнал?ан ?лестірмелі кеспе пара?тары, танымды? с?ра?тар,  сызбан?с?а, географиялы? диктант, диаграмма, с?йкестендіру кестесі, ?осымша м?ліметтер пайдаланылды. саба? барысында о?ушылар ?й тапсырмасы ретінде машина жасау к?сіпорындары туралы хабарлама даярлап, ?ор?айды, білімді жан-жа?ты тексеру кезе?інде ?лгерімі т?мен о?ушылар ?лестірмелі кеспе пара?тарымен ж?мыс жасайды, ?ал?андары танымды? с?ра?тар?а жауап беру ар?ылы ?й тапсырмасын бекітті, жа?а саба??а даярлы? кезе?інде шаруашылы?ты? салалы? ??рылымы сызбан?с?асын талдайды, саба?ты бекіту кезе?інде географиялы? диктантты толтырады, ?орытындыда с?йкестендіру кестесін, диаграмманы талдайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында ашы? саба?. 9-сынып.»

Сыныбы: 9 «А», 9 «Ә» Күні:

Сабақтың тақырыбы: §28 АӨК құрамы мен маңызы, кластерлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен, оның құрамы мен маңызы және кластерлері жөнінде білім беру.

Дамытушылық: тақырыптық карталар, диаграммалар, статистикалық материалдарды, сызбанұсқаларды талдау біліктіліктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: диаграммалар, сызбанұсқалар, тақырыптық карталар, үлестірмелі кеспе парақтары, географиялық диктант, сәйкестендіру парақшалары, қосымша материалдар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, иллюстративті-түсіндірмелі, салыстыру.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) Кезекші мәліметі бойынша оқушыларды түгендеу;

б) Сынып ахуалын ретке келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Өз облысыңда қандай машина жасау кәсіпорындары бар, олардың салыну себебі неліктен? Хабарлама даярлау.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:

    • Үлестірмелі кеспе-парақтарымен жұмыс.

Сұрақтар:

  • Елдің шаруашылығы дегеніміз не?

  • Шаруашылық қандай салаларға топтастырылады?

  • Өндірістік салаға нелер жатады?

  • Өндірістік салаға нелер жатады?

ІV. Жаңа сабаққа даярлық:

Оқулықтың 68-бетіндегі 5-сызбанұсқаны пайдаланып, Қазақстан шаруашылығының салалық құрылымына талдау жасау.

V. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақстандағы АӨК-нің құрылу кезеңі 1980 ж. соңына сәйкес келеді.

Республиканың АӨК бір-бірімен тығыз байланысты өндіріс бөлімдерінен тұрады:

  1. Өндіріс құралдарын шығаратын өнеркәсіп саласы мен АӨК-ті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын кәсіпорындар жүйесі.

  2. Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің негізгі ядросы, оған өсімдік, мал шаруашылықтары, фермерлік, жеке шаруашылықтары кіреді.

  3. Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау, қайт өңдеу, тасымалдауды жүзеге асыратын сала.

АӨК құрамына 2 ірі кешен кіреді:

  1. Азық-түлік кешенін құрайтын тамақ өнімдерін шығару, оны іске асыру.

  2. Ауыл шаруашылық шикізаттарынан тұтынатын өнеркәсіп заттарын шығару, оны іске асыратын кешендері, әртүрлі өндіріс орындары, АӨ бірлестіктер, шаруа қожалықтары.

АӨК негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

АӨК міндеттері:

  • Елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа шығаруды нығайту;

  • Ауылдық және шағын елді-мекендердегі өмір сүру сапасын арттыру;

  • Ауыл шаруашылығының барлық деңгейлеріне жүйелі түрде қолдау көрсету.

Қазақстанда ел экономикасын қайта құрылымдау үшін кластерлік тәсіл қолданылады. Кластер ұғымы ағылшынша белгілі бір қасиеттерге ие, жеке бірлік ретінде қарастырылатын біртектес элементтерді біріктіру деген мағынаны білдіреді. АӨК кластері деп бір-бірімен біртұтас технологиялық тізбекпен біріктірілген кәсіпорындар тобынан тұратын өндірістік жүйені айтады.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің орташа өсу қарқыны 19 %-ды, қайта өңдеу өнімдері 12,6 %-ды құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы – АӨК-нің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 ж қаңтарда 54,3 млрд теңгені құрады.

Еліміздегі 3,1 млн жерді пайдаланушылардың 2,8 млн астам жерді жекеменшікке пайдалану актілері бар.

Мелиорация – ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жерді құрғату мен суландыру шаралары.

ҚР-ның жалпы жер қоры – 272,5 млн га, оның 94,5 млн га-сы ауыл шаруашылығына жарамды жерді құрайды.

Ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп аталады. Оның құрамына мыналар жатады:

Жайылым дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын, ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.

Егістік жер дегеніміз – көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды жер.

Шабындық жер – шөп үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер.

Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – өсімдік және мал шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін-бірі толықтырып отырады.

VІ. Сабақты бекіту:

  • Географиялық диктант:

І нұсқа (АӨК-ке жақын салалар)

Жақын салалар:


1.

4.

2.

5.

3.

6.

ІІ нұсқа (АӨК-ке қолдаушы салалар)

Қолдаушы салалар:


1.

4.

2.

5.

3.

6.


VІ. Қорытынды:

    • Оқулықпен жұмыс:

Мәтіндегі диаграммаларға салыстырмалы талдау жасау.

    • Сәйкестендіру парақшасы:


Агроөнеркәсіптік кешен


1. АӨК-тің дамуын қамтамасыз ету

Жеңіл өнеркәсіп


2. Ауыл шаруашылығы..

Өсімдік шаруашылығы


3. Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу және сақтау

Ауылшаруашылық машиналарын жасау


Мал шаруашылығы


4. Минералды тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары

Тамақ өнеркәсібі




Сұрақтар:

  • АӨК-нің құрамына қандай салалар кіреді?

  • Кластер ұғымын қалай түсінесіңдер?

  • Ауыл шаруашылығына жарамды жер дегеніміз не?

  • Оның құрамына нелер жатады?

  • АӨК-тің жақын және қолдаушы салалары дегеніміз не?

  • Жергілікті жердегі АӨК салаларын атаңдар.


VІІІ. Бағалау, үйге тапсырма:

  • «Ауыл шаруашылығының басты проблемалары» тақырыбына хабарлама даярлау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында ашы? саба?. 9-сынып.

Автор: Азильханова Гульмира Азильхановна

Дата: 11.04.2016

Номер свидетельства: 317405


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства