kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаным толған жақылық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Жаным толған жақсылық"

3 сынып

Өзін-өзі тану сабағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаным толған жақылық"»

Сабақтың тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу
Міндеттері: 
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
-оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру;
- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу;
- іс әрекетті сабырлықпен,байсалдылықпен шешуге үйрету.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.
3. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.
4. Өз ойын еркін жеткізе алады.
Сілтеме: Оқулық,өзін-өзі тану әдістемесі,слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, тамшылар, жүрекшелер.
Негізгі идеялар:
"Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!" Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық,жанашырлық,мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек.Сонда ол жаман әдеттен жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.Қолыңнан келгенінше жақсылық жасауға тырыс. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта; «Жақсылық бастауы» қойылым, слайдтар;
дәйексөздер, бейнефильм:"Ұлыма өсиет";

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 
-Қайырлы күн,менің сүйікті шәкірттерім!Сендердің жүздерің қуаныштың нұрын көріп тұрмын.Әсем жүздерің сынып ішін нұрлы шуаққа толтыратыны анық.Сондықтан бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жымиып,күлімсіреп қарап,бір сәт тыныштық сақтап көзімізді жұма отырып ,сиқырлы ізгілікке толы әлемге саяхат жасаудан бастайық: Балалар,көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестейік.
«Тыныштық сәті» 
"Қане ,балалар,ыңғайланып отырыңыздар"...Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық!Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше жаны жақсылыққа толы адамдар,тату,адал,ақылды олардың жанында біз өзімізді еркін сеземіз.

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. 
Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз.

Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 3-4 рет, баяу жасалады. 
2.Топқа бөліну: 
-Ал ендеше,балаларым,сіздердің өмірлерің , балдаурен балалық шақтарың қызықты әрі балдай тәтті болсын деп мен сіздерге тәттілер үлестіргім келіп отыр.Осы тәттілер түріне қарап,топқа бөліне қояйық:
(Оқушылар тәтті кофеттердің қағаз түстеріне қарап, топқа бөлінеді) 

3.«Таныс болайық» тренинг
Шарты: Әр бала өз есімін атайды да,оны жақсы бір құндылықпен толықтырады .мысалы: белсенді Бекжан,ажарлы Аяла т.б
-Балалар,қазір сендер барлықтарың бір-біріңді танисыңдар Бірақ әр топ өзінің тобында отырған оқушылардың,жанында отырған оқушылардың өздерінің жақсы қасиеттерімен таныстырады.
4.Әңгімелесейік, Пікірлесейік
- Жақсылық,жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? Сабақ барысын талдау:
5.Дәйексөз.
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе! (Ы.Алтынсарин)
-Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?
-Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сахналау
"Жақсылық бастауы"қойылым 

(-Бұл оқиға мектебімізде болыпты.Бөлме іші тап-таза,жинақы. Балаларға оқу бөлмесіне керемет жағдай жасалған.Дегенмен де Сынып ішінде дауласқан балалар.
(Сынып ішіне ақыл,сабыр,шындық,ашу-ыза,өтірік,мақтаныш, мейірім,жақсылық кіреді. Олар кіре салысымен өз ойларын жарыса айта бастайды):
Ұят: Тынышталып тыңдаңыздаршы. Осы балалар бізге көңіл бөлмейді. Ата-аналарының тілін алмай, сөз қайтарғандарын көргенде, жерге кіріп кете жаздаймын.

Татулық: Иә, дұрыс айтасың, достым. Балалар бірін-бірі ренжітіп, кейде болмашы затқа жұдырықтасып та жатқаны. Татулық, достық дегенді ұмытты.
Мейірім: Тыңдаңыздаршы, Мейірмандық-жүректен, Қайырымдылық-біліктен деген атадан қалған асыл сөз бар емес пе? Ал, бұл балалар мейірім дегенді білмейтін сияқты. Қашан болсын төбелесіп, жұдырықтасып жатқаны.
Мақтаныш: Мейірім, сен қателесесің. Бұл балалар сен ойлағандай мүлдем мейірімсіз емес. Олардың жақсы жақтары да бар ғой. Айталық, бұл топтың балаларының көпшілігінің білімі жақсы, тәртіпті. Сол себепті де мен оларды мақтан етемін.
Өтірік: Сендер білесіңдер ме. Мені көп бала жақсы көреді. Олар үнемі мені ауыздарынан ауыздарынан тастамай айтып жүреді.
Шындық: Әй, өтірік, сен тағы әдетіңе бастыңба? Ақ адамды қара деп саған не болған, тәйірі. Мен балаларды бес саусақтай білемін. Әрине, ішінара кездеседі өтірік айтатындар, бірақ барлығы емес қой. "Шыншыл адам-шырайлы" деген. Сондықтан мен балаларды үнемі үнемі шындықты айтуға шақырамын. Ал сен болсаң балалар мені жақсы көреді деп масаттанып тұрсың. Бұл сөзіңе мен қарсымын.
Ашу мен ыза: Біздің осы балаларға ашу, ызамыз келіп тұрғаны. Бұл балалардың басқаларға жасағанын, өздеріне жасау керек. Көрсін, тартсын сазайларын!
Сабыр: Тынышталыңыздар достар. Сабыр сақтаңыздар. Жамандық та, жақсылық та өз ісіңнен басталады. Мүмкін, бұл балалардың осындай болуына біз кінәлі шығармыз. Ашу, ыза сендер босқа ашулана бермеңдер. Онда да ақылға салып ойланайық.
Ақыл: Сабыр дұрыс айтады. Жамандыққа жақсылық деген бар. Менің оййымша, бұл балаларды әлі де тәрбиелеуге болатын сияқты. Тек қана біз олардың қасында үнемі бірге жүруіміз керек, ата-аналарының да қасында жүрейік. Олар да ашу мен ызаға салынбай, балаларға көбірек көңіл бөлсін. Сонда ғана нәтиже шығады деп ойлаймын. Ал ол үшін достарым, бізді басқарып, бағып беріп тұратын басшы сайлап алуымыз керек. Ол мына Жақсылық болсын
Жақсылық:: Маған сенім артқандарыңа рақмет достарым. Мен сендердің есімдеріңді ақтаймын деп уәде беремін. Ол үшін сендердің де көмектерің қажет. Сендер әрдайым балалардың қасынан табылатын болыңдар. 

Мұғалім:-Көргеніңіздей, жақсылықтың үлкен-кішісі деп емес, оның бар болғаны ғана пейілімізді жақсылыққа бұруға көмектесе түседі. Өмірде жақсы адамдар бар, олар көп...


5.«Жақсылық тамшысы» тренинг 

Айтылған ойды «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітейік.
Шарты: Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалган тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға бір жақсы істі жазып ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына жасаған ізгі жақсылықтарын жария етеді. 
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.


6.Ой талқы .ПОСТЕР ҚОРҒАУ
1-топ: Жақсылыққа жету жолдары
2-топ: "Жақсылық "гүлі

7. Ой түйін. "Ұлыма өсиет" бейнефильм

8.Рефлексия Мейірімділік гүлін себейік!
Біздің алаңқайымыз қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз. 


9.Соңғы тыныштық сәті. 
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. 
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

  • 0




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жаным толған жақылық"

Автор: Бегешова Бағижамал Мухамедқалиқызы

Дата: 14.03.2017

Номер свидетельства: 400322

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жаным тол?ан жа?сылы? "
    ["seo_title"] => string(27) "zhanym-tolg-an-zhak-sylyk-1"
    ["file_id"] => string(6) "158888"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421827871"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?зін-?зі тану: "Жаным тол?ан жа?сылы?""
    ["seo_title"] => string(39) "ozin-ozi-tanu-zhanym-tolg-an-zhak-sylyk"
    ["file_id"] => string(6) "252248"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447347722"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жаным толған жақсылық"
    ["seo_title"] => string(23) "zhanym_tolgan_zhaksylyk"
    ["file_id"] => string(6) "550652"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1589986168"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "« Жаным тол?ан жа?сылы?» "
    ["seo_title"] => string(27) "zhanym-tolg-an-zhak-sylyk-2"
    ["file_id"] => string(6) "203861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429550941"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Жа?сылы? жасау "
    ["seo_title"] => string(17) "zhak-sylyk-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "206974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430313771"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства