kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсы сөз - жанға қуат

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознание  на казахского класс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсы сөз - жанға қуат»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом

Мерзiмі:9.11.18 ж

 №9 Тақырып:Жақсы сөз-жанға қуат.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік,ізеттілік 

Мұғалiм:Г.Абуева

Сынып:4«ә,б,в» Оқушылар саны:18-24


Сабақтың мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет құндылығын қалыптастыру.

1. Білімділік:  - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2.Дамытушылық:  - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  - ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

АмандасуОқушылырдың сабаққа қатысуын тексеру.

Тыныштық сәті.Теңізге саяхат.Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: құралдар, мәлiметтер,Интербелсенді тақта,оқулық,дәптер,түрлі-түсті бояу.

2.Үй тапсырмасы:

«Мен елімді сүйемін» С.Мәуленовтің мәтінін оқып,сұрақтарға жауап беру. «Таза тақта» әдісі арқылы.-«Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенді нені түсінесіңдер?-Сендерге өз елің несімен ыстық?-Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?-Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?



3.Дәйексөз

Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? 

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады».Науаи.

• Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласындар?

•Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

4.Әңгімелеу Сыйқырлы сөз

/Орыс балалар жазушысы В.Осивадан аударылған/ В.Осива

Орындықта отырған ақ сақалды үлкен қарт құмда қолшатырмен бірдеңелер сызып отырған.-Кішкене ығысасыз ба?- деп Павлик шетке қарай отырды.Қарт бұның қып — қызыл ренішті жүзіне қарап:— Саған не болды? — деді— Оның сізге қажеті қанша? — Павлик оған ала көзімен қарады.— Маған ештеңе қажет емес. Бірақ сен біреумен ренжіскен сияқтысың.— Көп ұзамай мен үйден кетемін,- деп күңк етті Павлик.— Үйден қашамысың?— Ия. Бір ғана Ленька үшін кетемін. Өзінде қанша бояу бар.Ал маған біреуін де бермейді.— Тек сол үшін үйден кетуге бола ма?— Тек сол үшін ғана емес. Бір сәбіз үшін әжем мені асханадан еден сүртетін шүберекпен қуып шықты.— Бәрі бос нәрсе. Біреуі ұрысады, екіншісі алдайды.— Мені ешкім аямайды. Ағам қайықпен қыдырады, мені ертпейді. Мен оған: «Одан да бірге алып кет, бәрібір қалмаймын, қайыққа өзім мінемін, ескегіңді алып қашамын,» — дедім.Павлик ашуланғаннан жұдырығын бір түйді. Бір уакыт үнсіз қалды.— Ағаң неге сені ертпейді деп ойлайсың?— Неге сіз бұның бәрін сұрап отырсыз?Қарт сақалын сипады.— Мен саған көмектескім келеді. Бір сиқырлы сөз бар… . Есіңде болсын: көзіне тіке қарап, жай дауыспен айту керек.Павлик аузын ашып калды.— Ол қандай сөз?Қарт баланың құлағына сыбырлады.— Бұл сиқырлы сөз. Бірақ оны қалай айту керектігін ұмытпа.— Мен қазір барып байқап көрейін.Павлик атып тұрып, үйіне қарай жүгіреді.

Кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін білу.— Балалар, қарт Павликке қандай сөз айтты екен?Балалар ойларын айтады.Лена үстел үстінде сурет салып отыр. Жасыл, көк, қызыл бояулар алдында жатыр.Павликті көріп бояуларын жинап, қолымен баса қойды.» Қарт мені алдаған екен? Бұл қыз сиқырлы сөзді қайдан ұқсын?,» — деп ойлады. Павлик.Павлик оның жанына келіп, жаймен жеңінен ұстады. Қарындасы жалт қарады. Павлик оның көзіне тіке қарап, жай дауыспен:— Лена, маған бір бояу берші, өтінемін. Лена аузын ашып қалды. Қысылғанынан жай күбірледі:— Саған қайсысын?— Жасылын — Павлик батылсыздау айтты. Оған бояу қажет емес еді. Ол енді тек сиқырлы сөзді ойлап тұрған.«Әжеме барайын. Бірдеңе пісіріп жатқан. Қуып жібере ме екен?» Ол асханаға жақындады. Әжесі табадан ыссы бәліштерді алып жатыр екен. Немересі оны екі қолымен өзіне тартып, сыбырлады:— Әже, маған бір бәліш берші, өтінемін. Әжесі таң қала қарады. Сиқырлы сөз оның жүзінде, көзінде, күлкісін бәрін — бәрін жаулап алғандай.— Ыссы, бәліш керек екен ғой ботама, — деп әжесі қуанғаннан ең жақсы піскен бәлішті таңдап берді.— Қарт Павликтің қандай жүзін көрді?— Павлик неге үйден кетемін деді?— Қарт Павликке қандай сұрақ қойды?— Қарт сыйқырлы сөзді қалай айту керек деді?— Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар?— Жақсы сөз естігенде адамдар қандай сезімде болады?— Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?— Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір — бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік



5.Сахналау! Оқулықтағы күн сәулесі шапақтарында берілген сөздерді пайдаланып,сахналап көрсету.




6.Жаңа ақпаратЖақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қол жеткізеді.




7. Шығармашылық жұмыс. 1.Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, алғыс және т. б.) екендігін табуы тиіс.1. Құрметті ұстаздар!Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз.2. - Апа, аман-есенсіз бе? Қал жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді, айығып кеттіңіз бе?Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау.3. - Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 Наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рақмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру2.Өздерің жиі қолданатын жылы сөздерді айтып беріңдер?



8.Топпен ән.Кел, балалар,күлейік ! Сөзін жазған Ш. Смаханұлы Әнін жазған И. Нүсіпбаев



9.Үй тапсырмасы.Сыпайы қоян Мексика ертегісін оқып келу.

10.Сабақты қорытындылау.

11. Соңғы тыныштық сәті

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді еске түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар.





Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жақсы сөз - жанға қуат

Автор: Абуева Гулбану Егизбаевна

Дата: 09.11.2018

Номер свидетельства: 484492

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?зін-?зі тану саба?ы "Жа?сы с?з жан?а ?уат береді""
    ["seo_title"] => string(44) "ozinozitanusabagyzhaksysozzhangakuatbieriedi"
    ["file_id"] => string(6) "283153"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453799970"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Жа?сы с?з - жан?а ?уат. / ?зін - ?зі тану. 4- сынып/ "
    ["seo_title"] => string(47) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat-ozin-ozi-tanu-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "162586"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422372165"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Жа?сы с?з жан?а ?уат"
    ["seo_title"] => string(25) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "248225"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446699552"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Жа?сы с?з - жан?а ?уат"
    ["seo_title"] => string(27) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat-3"
    ["file_id"] => string(6) "319852"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460969459"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "урок по самопознанию «Жа?сы с?з- жан?а ?уат»."
    ["seo_title"] => string(47) "urok-po-samopoznaniiu-zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "301386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456914909"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства