kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсы сөз- жарым ырыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсы сөз- жарым ырыс»

Жақсы сөз жарым ырыс

Мақсаты: оқушыларды сәлемдесуге, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаймағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «Сізге нұр жаусын» деген сөз. Сәлем алушы «Уағалейкуміссалам!» дейді. Мағынасы «Сізге де нұр жаусын». Таңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар «Қайырлы таң» деп тілектестік білдіреді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын», «төрт түлік ақты болсын» деп айтуды ұмытпаған жөн.   Жаңа жылда «Жыл құтты болсын», «Бақыт, табыс жылы болсын» деп құттықтайды. Халық әдетінде әрбір істі, тамақты «біссімілла» деп бастайды. Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп, «хош келдіңіз», «төрге шығыңыз» деп ілтипат көрсетеді. Кешкілік үйге келгендер «кеш жарық» деп кіреді. Қазақ әрбір сәтті күнде, қуанышта, мәжілісте, тойға келгенде «құтты болсын» деген игі сөзді қосып айтады. Тойға жиналғандар «той тойға ұлассын» деп құттықтайды. Мұны қабыл алғандар «айтсын», «айтқаның келсін», «бірге болсын» деген жылы сөздермен қарсы алады. Мәжіліске немесе бірнеше адам бас қосқан жерге келген адам «орта толсын» дейді. Үйдегілер «кемісі сізбен толсын» деп орын ұсынады. Жұмыс немесе іс басына келген адам «іске сәт» десе, оған «айтсын-ақ» деп жауап береді. Жаңа үйленген жастарға «құсың құтты болсын», «отау берік болсын» дейді. Ас үстіне келгендер «ас тәтті (дәмді) болсын» деп айтады. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жөн сұрасады. Көшіп бара жатқандарға « көш өң болсын», «көш көлікті болсын» деп тілек білдіреді. Жолаушыдан «қайда барасыз?»  деп сұрау дұрыс емес. «Жол болсын», «жолдасың Қыдыр болсын», «сапарың сәтті болсын» деу керек. Ол «әлей болсын» деп жөнін айтады. Зат, бұйым сатып алғандарға «игілігіңе тұтын» делінеді. Киім сатып алғанға «киімің күйрек, жаның берік болсын» деп айтады. Соғым сойған үйге «бұйыртып жегізсін» дейді. Жаңа туған айды көргенде «ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды. Ағып түскен жұлдызды көргендер «менің жұлдызым жоғары» деп тәубаға келеді. Алғаш күн күркірегенде «жер көк болсын», «ақ көп болсын» деп тілек тілейді. Мал төлдетіп жатқандарға «төл көбейсін» дейді.
Қазақтың ырым тиым сөздері

Дастарханды, тамақты баспа. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме. Малды, ыдысты, тамақты теппе.  Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме. Көкті жұлма, шашыңды жұлма. Үй айнала жүгірме. Босағаны керме, құшақтама. Табалдырықты баспа, отырма. Үйді сабама, малды басқа сабама. Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе. Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма. Итке ожаумен ас құйма. Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме. Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба. Шашыңды жайма.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жақсы сөз- жарым ырыс

Автор: Алдоңғарова Камилаш

Дата: 20.02.2018

Номер свидетельства: 458548

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Жа?сы с?з жарым ырыс"
    ["seo_title"] => string(19) "zhaksysozzharymyrys"
    ["file_id"] => string(6) "261113"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449070754"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Жақсы сөз - жарым ырыс"
    ["seo_title"] => string(25) "zhak_sy_soz_zharym_yrys_1"
    ["file_id"] => string(6) "425287"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1502530898"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жақсы сөз - жан азығы"
    ["seo_title"] => string(25) "zhak_sy_soz_zhan_azyg_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "388749"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486415886"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?зін-?зі тану саба?ы "Жа?сы с?з жан?а ?уат береді""
    ["seo_title"] => string(44) "ozinozitanusabagyzhaksysozzhangakuatbieriedi"
    ["file_id"] => string(6) "283153"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453799970"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Жа?сы с?з - жан?а ?уат"
    ["seo_title"] => string(27) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat-3"
    ["file_id"] => string(6) "319852"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460969459"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства