Б) «?андай жануар?» дидактикалы? ойыны. Шарты: бір бала хат?алтадан жануарларды? суретін алады. Сол жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі туралы ??гімелейді. ?ал?ан о?ушылар жауабын табады.
Просмотр содержимого документа
«Жабайы жануарды? ?ыс?ы тіршілігі »
Пән: Тіл дамыту
Сынып: «Мектеп алды даярлық тобы»
Мұғалім: Досмагамбетова Ж.Ж.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты:
1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер. Жануарлар костюмдері, оқулық,хатқалта,
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберін құру.
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеткендер
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Иіліп сәлем береміз
Әдепті боп өсеміз.
1.Кіріспе бөлім.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.
- Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары) Аңдардың суреттерін көрсете отырып:
- Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
2.Негізгі бөлім.
А) Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
- Қыста аңдар немен қоректенеді?
Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп, күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы-тышқан. Ал аю қысқа азық жинамайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып, табанын сорады.
Ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Суыққа дірдектеп- қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын- жайлып жатқан су алабы.
Б) Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.
В) Ә.Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: мұғалім мәнерлеп оқиды, балпаң-балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (балпаң-балпаң – теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.
4. Жануарларға байланысты өлеңдер айту.
Қоян. Аю
Ұзын құлақ сұр қоян Аю отыр партада
Естіп қалып сыбдырды Екі қолы қалтада
Ойлы-қырлы жерлермен А деді,Б деді
Ытқып-ытқып жүгірді. Р-ға тілі келмеді
5.Сабақты қорытындылау.Жұмбақтар
Жылқы тұмсық, Мынау оған керегі,
Ешкі құйрық. Балды жақсы көреді.
Есек құлақ, Қыс бойы жылы апанда,
Қорқақ өзі, қыли көзі.(қоян) Ұйықтау оның өнері.(аю)
Ит сияқты ит емес, Бұтадан- бұтаға секірген,
Ұнатпайды ол кісіні.(қасқыр) Кішкентай ғана шапшаң аң.(тиін)
А) «Ақ аю» өлеңін бір-екі балаға жатқа айтқызу.
Ә) жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.
1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
2. Ал қандай жануарлар азық жинамайды?
3. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
Б) «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді. Қалған оқушылар жауабын табады.
В) Жабай аңдардың суретін салу
7. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызшалар тапсыру.