Просмотр содержимого документа
«Жәй және құрмалас сөйлем»
19.11.2016ж
Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Досқанаева Жанат Әлмағанбетқызы
Сабақтың тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру. Құрмалас сөйлем туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Құрмалас сөйлем құруға және оның тыныс белгісін қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру. Өз ойын ашық білдіруге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: көркем жазуға, ұқыптылыққа, топпен бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Сабақ аралас сабақ түрінде өтті.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, әр топқа берілген тапсырмалар, слайдтар.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі: оқушылардың назарын сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Сабақтың ұраны: «Бес» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Оқушылар үш топқа бөлінеді. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 36- жаттығу «Ұшқыр ой» ойыны
Ол бүгін ерте келіп,...
Лезде аспанды бұлт торлап,...
Жаз ыстық болса,...
Үй тапсырмасын бекіту.
“Қай пішінді қалайсың?” ойыны
ІІІ. Ой қозғау. І топ. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
ІІ.топ: Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгілері қойлады?
ІІІ. топ: Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндір:
VІ. Жаңа сабақ: Дәптермен жұмыс көркем жазу
“Ойлан, бірік, бөліс” Оқулықпен жұмыс 37 –жаттығу Сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, құрмалас сөйлем екенін айту.
І топ
Біздің сынып шәкірттері тәртіпті,
Білімді болса ұстаз қуанады
ІІ топ
туған жерге туың тік
туған жердей жер болмас
туған елдей ел болмас
ІІІ топ
мен өз елімді сүйемін
бірлік болмай тірлік болмайды
38-жаттығу «Жұбын тап» ойыны
38-жаттығу Кестені пайдаланып ойын дәлелдейді
1. Орманды үскірік жел кезді,бұталар судыр қақты.
2.Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
3. Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады
40-жаттығуДәлелдеу үлгісі: Лезде күнбұлттанып, сәлден соң жаңбыржауабастады-құрмалас сөйлем, өйткені ол екі жай сөйлемнен тұрады: бірінші жай сөйлем-Лезде күн бұлттанып, екінші жай сөйлем-сәлден соң жаңбыр жауа бастады. Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады жай сөйлемдері мағыналық жағынан байланысқан.
«Кір жайғыш» ойыны
Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті
Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен
Шолпан орысша сұрап еді, Таня қазақша жауап берді
41-жаттығу Шығармашылық тапсырма топтық жұмыс
Бір қарлығаш ұя салып балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көргенде қатты қорқып қорғап қалатын арашашы іздейді.
Ертегіні әрі қарай жалғастыр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қой.