Күні: 3.05 Сынып: 1 а Сауат ашу | Мектеп: Б.Момышұлы ОМ Мұғалім : Сейтбай Е Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дені саудың – жаны сау Денсаулық-зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер. |
Сабақтың мақсаттары | 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз пікірін жай сөйлеммен білдіру. |
| Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Денсаулық |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 8 минут | 1-жаттығу Суретке қара. 2-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. 3-жаттығу ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? СҰРАҚТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ. 4-жаттығу Өлеңді қатесіз көшіріп жаз. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут | 5-жаттығу Суретке қарап, балалардың көңіл-күйлерін анықта. Сенің бет әлпетіңді өлең мазмұны бойынша өзгертіп, әртүрлі көңіл күйді көрсет. Оны сыныптастарың тауып көрсін. | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Смайликтер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |