Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі І.Қызығушылықты ояту. – Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып «Күн шуағы» атты психологиялық тренингпен сабағымызды бастайық. Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. Мұғалім : Қазақ тілім - өз тілім дана тілім. Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым қазақ тілім -Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы? (қазақ тілі) - Қазақ тілінің қыр-сыры туралы қай сабақтан оқып білеміз? (Қазақ тілі ) -Олай болса, балалар қазір біз қазақ тілі сабағын бастаймыз. І. Үй тапсырмасын тексеру - Біз қандай сөз табымен танысып жатқанымызды сөзжұмбақ арқылы білеміз. ІІ. Сөзжұмбақ шешу 1. Үй құсы (қаз) 2. Қыстың соңғы айы (ақпан) 3. Сөздің өзгермейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз. (түбір) 4. 1-ден кейінгі сан (екі) 5. Математикалық амал (қосу) 6. Өзеннің аты (Есіл) 7. Матаны неден жасайды (мақта) Зат есім сөзі шығады Зат есім туралы білетінімізді еске түсірейік. жалпы заттың аты жалқы ЗАТ ЕСІМ кім? не? Өзіңді тексер 1. Зат есім дегеніміз не?. 2. Зат есімнің сұрақтарын атау. 3. Жалқы, жалпы зат есім туралы не білесің? ІІІ. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. ІҮ. Дәптермен жұмыс 1. Бүгінгі ай-күнді жазу 2. Көркем жазу Ү. Мағынаны тану. - Суреттен зат есімідерді білдіретін сөздерді теріп жазу. Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Сөздерді екі топқа бөлу. (1- кім? не?, 2- кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді). Олардың айырмашылықтарын атау. - Зат есімнің тағы да қандай түрлері бар екен? Оқушылардың өздеріне қорытынды шығарту. Зат есімнің жекеше, көпше түрі болады. Кім? Не? зат есімнің жекеше түрі, кімдер? нелер? деген сұрақтарға зат есімнің көпше түрі жауап береді. 2. Жұмбақтар шешу 1. Зулап түстім төменге, Шықпас менсіз төбеге. (шана) 2. Қос аяққа байладым Таудан - тауға зырладым. (шаңғы) а/ Сөздерге сұрақ қою ә/ Қандай сөз табына жатады? б/ Көпше түріне айналдыр -Түбір сөзге не жалғанды? Бұл қосымшалар қалай аталады? Бұл қосымшаларды көптік жалғау деп атайды. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер-көптік жалғаулар. ІҮ. Оқулықпен жұмыс : 1. 2-жаттығу 2. 4-жаттығу Ү. Сергіту сәті "Көңілді күн" ҮІ. Өткенді пысықтау. 1. Өлеңді жатқа жазу Кім? не? кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып астың сызыңдар. Сенің атың - балапан, Менің атым – балақан. Балапандар шоқуда, Балақандар оқуда. 2. Берілген суреттерден кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді жекеше, көпше түрде атау Ү. Шығармашылық тапсырма 1. 5-жаттығу "Салақ бала" өлеңінің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру 2. Дарынды баламен жұмыс. Өлең мазмұны бойынша сурет салу ҮІ. Өткен тақырыпты қайталау 1. "Алтын балық" ойыны арқылы жалқы және жалпы есім туралы білімдерін қайталау. Сөздері екі бағанға бөліп жазу ҮІІ. Сабақты қорыту - Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық? 1. Венн диаграммасы арқылы Жекеше Көпше - Көптік жалғауларды атау. 2. Семантикалық карта | -лар | -лер | -дар | -дер | -тар | -тер | Гүл | | | | | | | Оқушы | | | | | | | Кітап | | | | | | | Ұстаз | | | | | | | Іні | | | | | | | Жігіт | | | | | | | Х. Өзін-өзі бағалау: балалар жапырақ түстері арқылы өздерін-өздері бағалайды. Жасыл-5 (қате жоқ) Сары -4 (1 қате) Қызыл -3 (3-4 қате) Сабаққа рефлексия жасап, мұғалімнің бағасымен ортақ баға қойылады. (сумативті, формативті бағалау жүреді) Кері байланыс қызыл немесе көк гүлді тақтадағы вазаға салады. Үйге тапсырма: 3-жаттығу, 141-бет | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Шеңберге тұрады, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар мұғалім оқыған әр сөзге көңіл бөліп отырады. Ойға беріледі. Өлең мазмұнын түсінеді. Өткен сабақ топтастыру арқылы бекітіледі. Сұраққа жауап береді. Оқушылар бой сергітеді. Суреттегі заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазады. Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі күннің тақырыбын ашады. Оқушылар зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы мағлұматтарды оқиды. Сөздерді көпше түрге айналдыра отырып, көптік жалғаулармен танысады. Өтілген тақырыпты бекітеді Дарынды баламен жұмыс: салған суреті бойынша әңгімілеп береді. Жалпы, жалқы есімдерді ажыратады. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін салыстыра отырып, айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін жазады. Көптік жалғаулардың тиістісін белгілейді. Сабақ басында берілген критерийлер бойынша сабақ барысында әр тапсырма бойынша өздерін өздері бағалап отырады. Оқушылар өздерін-өздері бағалайды. |