Оқушылармен амандасу,психологиялық дайындық Ерте тұрып күнде мен, Терезені ашамын. Сәлем деймін күнге мен, Шаттық әнге басамын. Жыл мезгілдері арқылы оқушыларды топтарға бөлу Бұл қай кезде болады? Оқушылардан өлеңді сұрау, бағалау. -Өлеңде жылдың қай мезгіл суреттелген? -Ақын өлеңінде қысты қалай суреттеген? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінің өзге мезгілдерден айырмашылығы қандай? -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Кәне, бір сәт өзімізді сыртта-таза ауада тұрғандай сезінейікші. Айнала қандай? -Қар қандай? Неге ұқсайды? Балалар қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп атайды екен. Қар кішкентай мұз кристалдарынан тұрады. Күн жылы болса қар жапалақтап жауады, ал аязды күндері ол қиыршық түрінде түсіп, аяқпен басқан сайын ол сықырлайды. -Балалар, бүгінгі сабағымызға қонаққа Әтеш пен Үйрек қонаққа келіпті. - Олар неге келді екен? Қалай ойлайсыңдар? -Олар сендердің қар туралы білетіндеріңмен бөліскелі келген екен. Қане, білімдерімізбен бөлісеміз бе? -Олай болса, «Қар қандай?» мәтінін оқып, қар туралы мәліметтерімізді толықтырайық. Мәтінді оқу, түсіндіру. -Мәтін кейіпкерлері қарды қандай деп сипаттады? -Топтардан кейіпкерлердің қалай суреттегенін сұрау. Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан. -Оқыған мәтіннен білгенімізді қайталау үшін топта тапсырмалар орындайықшы. І топ. Мәтінді сахналау ІІ топ. Мәтіндегі сөздерді пайдаланып қарды сипаттау. ІІІ топ. Қардың жақсы жақтарын айту. ІVтоп. Қардың жаман жақтарын айту. Жаңылтпашты жатқа жазу, бір сөздің дыбыс санын анықтау. Қырда қырау, Қызыл ала бұзау. І топқа.Балықтарға жазылған әріптерден сөз құрау. ІІ топқа. Сөздердің бір дыбысын өзгерту арқылы басқа сөз жазу. Өрнек, жас, бет ІІІ топ. Қыс туралы эссе жазу. ІV топ. Қыс тақырыбына сурет салу. Бес жолды өлең 1.Қар 2.Аппақ, жұмсақ 3.Жауады, қатады, ериді 4. Қар-табиғат құбылысы 5.Қар- қыс мезгілінің көркі. Тақтаға жартылай қиылған аққаланы жапсырылған. Ал, қалған бөліктері шелек, сәбіз мұрны, көзі үстел үстінде жатады. бөліктерді көзді жауып тұрып орналастыру. Топтарды бағалау .Стикерлер таратып, сабақтың қалай өткендігін бағалату. | Амандасу Қимыл қозғалыс арқылы дайындық жүргізу. Қыс, көктем, жаз, қыс топтарына бөлу Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Балалар жауап береді, ой қозғайды. Сахналайды, постер қорғайды |