| 1.Ұйымдастыру (2–3 минут) Амандасу. Мейірімді жүрекпен Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық. Алдымыздан кездескен. Көп қонақты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз Жұмбақ шешу. Көп әңгімем өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). Не білеміз?. Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады? Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді. Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды. 1оқушы Кітап сенің қазынаң Кітап сенің жан досың Біліміңді асырар Кітап сенің бақ құсың 2 оқушы Оқулықты құрметте Күтіп ұста, кірлетпе Кішілерге табыс ет Дақ түсірмей бір бетке 3оқушы Кітап оқу бұлағым Оқытатын ұстазым Кітапта бар даналық Оқып білімалайық 4 оқушы Саған білім жемісін Оқулығын береді Талай адам сол үшін Маңдай терін төгеді. «Мақал-мәтелдер»аялдамасы. “Жалғастыр”. Ойынын ойнайық. 1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Оқу инемен (құдық қазғандай). 5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы ) Сергіту сәті «Асықтар» «Папирус» аялдамасы. 1-топ «Кітапхана» 2-топ «Оқулықтар 3-топ «Қоңырау» Ертегілер аялдамасы. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі «Бауырсақ» ертегісі «Шалқан» ертегісі Көрініс: «Кітаптар мұңы» Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті. Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды. -Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің? -не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой. -Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Математика » оқулығы боламын,. Сотқарбай деген баланың қолына тидім. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, беттерімді жыртып желге ұшырып жіберді. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, тастап кетті --Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді. -Сыртымды қайтесің?! Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Менің атым Ана тілі . Мен Адырбай деген баланың қолына түстім .Мені жыртып тастады,шимайлады,сызды,тіпті үстіме су құйды.Мені ұқыпты ұстаса болмас па еді. Келесі жылы басқа балаларда оқидығо.Шаршадым мен.Адырбай өте ұқыпсыз,тәртіпсіз бала екен.Ол мүлде сабақ оқымайды. -Бізді Сотқарбай,Адырбай,Жалқаубек деген ұқыпсыз балалардың қолына түстік .Олар бізге мүлдем қарамайды -Ал менің атым Жаратылыстану. Мен Жалқаубек деген баланың қолына түстім. Ол сондай жалқау.Сабақ оқымайды. Сабақтан көп қалады. Менің тапсырмаларымды орындамайды. Бетімді тек сызады одан қалды беттерімді жыртып қайық жасап ұшырады.Жалқаубекте тәртіпсіз,әдепсіз бала. -Ма достар ана жерде бір кітап кетіп бара жатыр.Өзі тап-таза,қандай әдемі кітап. -Салем достарым сендерге не болған. Үстерің лас,сия-,жыртылғансыңдар.. -Бізді Сотқарбай,Адырбай,Жалқаубек деген ұқыпсыз балалардың қолына түстік .Олар бізге мүлдем қарамайды. Ал мен Ақылбек деген баланың қолына түстім .Өзі сондайақылды.Тәртіпті,әдепті.Сабақты жақсы оқиды.Ұқыпты бала. Кітап беттерін жыртпайды.Кітапты таза ұстайды. Онда мен сендерді фабрикаға апарамын.Сендерді тазартып,қайтадан өңдеп шығарады. Рахмет достарым. Қорытынды . 1.Кітапты немен қорғауға болады? 2.Кітапты бүлдіргенде не істеу керек? 3.Сен қандай кітапты ең бірінші ұмытпайсың? |