Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа ат қойылып, тапсырма беріледі. Оқу құралдарын дайындап, сабаққа зейіндерін аудару.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды кұрметтеп,
Бас иеміз біз
Топқа бөліну
1.Әдептілік тобы
2.Сыйластық тобы
3.Құрмет тобы
II.Үй тапсырмасын сұрау.
20 30
40 50 60
Отан туралы мақал
Еңбек туралы мақал
Білім туралы мақал
III.Жаңа сабақ. Күй ойнап тұрады. Әуеннің сүйемелдеуімен өлең оқылады.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалаң!
Сенде бір кірпіш дүниеге
Тетігін тапта ,бар қалан! (Абай )
“Ой шақыру” стратегиясы.
Балалар мен оқыған өлең не жайында айтылған?
«Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен» деген сөз.Ата-анаңның тілегі –сенің жақсы адам болып,азамат болуың.
Сенің отан сүйгіштігің,оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт.Ата –анаңның алдында шыншыл бол!Кішіге мейірімді,досыңа қайырымды бол !Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен ,өзінен байқалады.
.
Жаңа ақпарат
Адамдар бір-бірін сыйлап,түсіне білсе жақсы қарым -қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір-бірін кешіре,түсіне білгенде ізгілікке жетуге болады. Өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.