Просмотр содержимого документа
«Ода?ай 4 сынып ?аза? тілі »
Сабақтың тақырыбы: Одағай оның тыныс белгілері Мақсаты: Білімділік: Одағай, оның түрлері, жазылуына жаттығу,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуі, диалог, білім мен дәстүрді ұштастыру. Дамытушылық:Синтаксистік талдау, одағайды тауып, түрлеріне қарай талдай білуі, шығармашылықпен айналысуы, дауыс ырғағы орфоэпия заңдылығына сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу. Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-баба мұрасын қастерлеу, кітап оқуға құштарлығын арттыру. Көрнекілік: кестелер.қоржын, асықтар. Әдісі: практикалық шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгіме т.б Сабақтың өтілу барысы:
1.Психологиялық дайындық ( шеңбер құру)
2.Өткенді пысықтау.
- Сөзтаптары дегеніміз не?
- Сөзтапрын атайық.
- Одағай дегеніміз не? Мысал келтір
- Неге сөйлем мүшесі бола алмайды?
Қызығушылығын ояту:
Топтық жұмыс: «Білім мен дәстүр» ойыны арқылы тексерілмекші. Шарты: қоржындағы асықтарды суырып, осы сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс. I-топ: – а/Жеті қазынаны ата (жүйрік ат, құмай тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ) ә) – Наурыз жырына байланысты одағайы бар өлең жолдарын айт. ( одағай болсын) -Наурыз келді,балақай , Алақай-ау, алақай! II – топ: Арзан не,қымбат не, дауасыз не? (Арзан-өтірік, қымбат-шындық, дауасыз-кәрілік) - Үлкен адаммен амандасқан кезде қай одағайды қалай пайдаланар едің? (Ассалаумағалейкум, сәлеметсіз бе?) III –топ: Тұсаукесер жырын айта аласың ба? - Қаз-қаз балам, қаз балам! Қадам бассаң, мәз болам. Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін Мақал-мәтел Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын... (кен) IV- топ: Дүниеде не адал, әлемде не мықты? - Адал болсаң - судай бол,су арамды кетіреді, Мықты болсаң - жердей бол, жер жиһанды көтереді. - Бесік жырынан одағайға мысал келтір. - Әлди-әлди, бөбегім, Әлдилесін өлеңім. Ү Шығармашылық жұмыс: Үйге одағайға байланысты өлеңдер ,диалог-тар жаттап келу тапсырылған соны тыңдайық. (дауыс ырғағына мән беріледі) Одағайлар – ертегіде «Қаңбақ шал»ертегісі бойынша - Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді. - Ойбай, немізді береміз? - Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер келеді) Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ? - Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін ас,болмаса, досым дәудің өзін ас! Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді) -Одағайларды қалай ажыратуға немес табуға болады екен? Дәлелдеу керек. Жалпы түсінік. Одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген.Мысалы, бір ғана «тәйт!»деген одағай сөз баланың артық кеткен ісіне тыйым салған. Оны бала түсіне қойып, өз қателігін қайталамауға тырысқан.
1/ Қосарланған одағайлар дефис арқылы жасалады.
2/ Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді.
3/ Одағайлар сөйлемнің басында, ортасында және соңында да келе береді
Немесе сәйкес тыныс белгілері де өзгеріп отырады.
Тақтамен жұмыс: 1/ Тақтадағы өздерің толтырып шыққан кестеге мән берелік. Жазылуына көңіл аударалық.Сөйлемнен соң леп белгісі, кей жағдайда одағайдан кейін де ,сөйлем соңынан да леп белгісі қойылады. Одағай түбір күйінде тұрып сөйлемнен оқшауланады, яғни сөйлем мүшесі бола алмайды. Тек қана жалғау, жұрнақтар қабылдап барып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 2/ Одағайдың басқа сөз таптарынан ерекшелігі: 1. толық лексикалық мағынасы жоқ 2 .сөйлемдегі басқа сөз таптарымен байланысқа түспейді,оқшау тұрады. 3. белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды. 4 .одағай түрленбейді.
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс:
жаттығу.Оқы,назар аудар, көшіріп жаз.
2-жаттығу.Өзбетімен жұмыс.
4-жаттығу. Тақтада орындау
5-жаттығу.Ойын « Тез шақыру»
Жұптық жұмыс. Ойын: « Тапқыр жұп» Көңіл-күй... шақыру... жекіру... тұрмыстық... Берілген сөздері өз қатарына жаз. Пай-пай! Түу! Пәлі! Бәсә! Әп-бәлем! Мәссаған!Ә! Ойпырым-ай! Алда-ай! Әй! Оллаһи-беллаһи! Моһ-моһ, шөре-шөре, сорап-сорап, көс-көс, шәуім-шәуім, әукім-әукім, Айтақ! Әй! Ей!Тәйт! Жә! Сап-сап! Марш! Стоп! Кәне! Тек! Тәк! Мәлік келгір! Хош! Хайыр! Рахмет! Кеш жарық! Ассалаумағалейкум! Құп! Шығармашылық жұмыс: Терме диктант құру Сабақ қорытындыланып, бағаланады. Ойын: «Одағайды сен тап, басқасын біз айталық!»
Одағайларды тауып түрлеріне ажырату. 1 ... келгенің жақсы болды ғой! 2 ...Айдос, бері қарашы! 3 ... сен не істеп қойғансың?! 4 ...Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз! 5 ... нағыз әнші мұнан шықты, міне! 6... ондай сөзді айтпа! 7 ... осынша кешіккендерің-ай! 8...Беріктің бет-аузын қара! Үйге тапсырма:
3-жаттығу. Берілген сөздері өз қатарына жаз.Ережелерді қайталау.