kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лгі саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Е?бек ?тілім-24 жыл. "О?у мен жазуды сын т?р?ысынан дамыту" технологиясын пайдалана ж?мыс жасаймын.?р саба?та балаларды?  таным белсенділігін дамытуды, шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау?а к?п к??іл б?лемін.О?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру ар?ылы білімге ??лшынысын к?теру-  ?азіргі м??алімні? басты міндеті деп есептеймін. ?стаздар ?аымына шы?армашылы? табыс тілеймін. Ш?кірт ал?ысына б?лене бері?іздер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лгі саба? жоспары»

Математика

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты: Теңдеу ұғымын танып біледі. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
2) Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады.
3) Топпен жұмыс: Оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.
Көрнекілігі: Математикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірме парақшалар, сызба плакаттар.
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың жүру барысы:
Сабақ мазмұны:
1Қызығушылықты ояту:
А) Үй тапсырмасын тексеру
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ» шешу
2. Мағынаны тану;
а) Түсіне біл! Сабақ түсіндіру
ә) Тақтамен жұмыс:
б) Есептейік
в) «Ой шақыру» Мазмұнды есеп
3. Еске түсір! Периметрін тап
4. Ой толғаныс; а) Талдау жасайық!
Ә) «Біз не үйрендік?»
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау:

I. Қызығушылықты ояту: -Сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді орнатайық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

                   Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                   Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

                   Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.


А) Үй тапсырмасын тексеру: ( №6 тапсырма)
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ шешу»
72 - 12= Е
46+13 = Ш
32+11 =Ң
64 - 40=Т
98 - 23=У
27+40=Е
27+2 =Е
35 - 15 =Ш
53+20 =У
48 - 8 = Д
20 -- 60 -- 50 -- 40 --- 67 -- 73 -- 62 -- 31 --- 27 --- 75
Т ---- Е --- Ң ---- Д ---- Е ---- У --- Ш ---- Е ---- Ш ---- У

II. Мағынаны тану: Теңдеу шешу:
Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Олай болса, мына суретке назар аударайық:
- Бұл не? - Таразы.
- Ол қайда қолданылады, не үшін?
- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.
Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:
- Бұл таразы. Таразының сол жағында 10 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?
- Бұлар тең. 10+х=30
- Бұл не?
- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?
Ол үшін не істейміз? №1

10+х=30
х=30 - 10
х=20
---------------
10+20=30
30=30
Ә) Топпен жұмыс Тақтада орындалады:
1 топ:№3

64-х=4

53+х=56


2 топ:
81-х=80
х+70=100

3 топ:
45-х=40
х+4=12
Б) «Ой шақыру» : №4 Есепті шығар
1 топ а)

Дариға 60 теңгеге қалам және одан 20 теңге арзан тұратын қалың дәптер сатып алды. Дариға сатып алған заттары үшін барлығы неше теңге төледі?
2 топ:

ә)Сызғыш 55 теңге , ал жай қарындаш одан 30 теңге арзан тұрады.Барлығына неше теңге төлеу керек?
3 топ: б) «Қолөнер»үйірмесінің мүшелері қағаздан 25 ойыншық жасады. Ал матадан одан 10 ойыншық кем жасады. Үйірме мүшелері барлығы неше ойыншық жасады?

  Логикалық есеп               

  • Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр.    (5 қоян)

  • Таразы табақшасына  2  аяғымен тұрғанда, тырна 2 кг болды.  Бір аяғымен тұрса, оның массасы қандай болады?  (2кг)

  • Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше  тәулік  боран соқты?  (4)

  • Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?  (1)


В) Өрнекті жаз және оның мәнін тап:№5
1 топ:,,,,, 50-ге 4 және 2 сандарының айырмасын қос;

2 топ:---40-қа 5 және 3 сандарының айырмасын қос;

3 топ......30-ға 9 бен 6 сандарының айырмасын қос

Г) № 6. Мәндері сәйкесінше 13-ке және 15-ке тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жаз. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын жаз. Олардың мәндерін тап.

9+4=13 13-4=9 13-9=4 9+6=15 15-6=9 15-9=6

8+5=13 13-5=8 13-8=5 8+7=15 15-7=8 15-8=7

7+6=13 13-6=7 13-7=6


III. «Еске түсір!»
Периметр табу деген не?
- Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметр деп аталады.
А) а=3 см шаршының периметрін тап
Р=?
1) Р= 3см+3см+3см+3см=12см
Ә)Қабырғалары 5 см және 2см тіктөртбұрыштың периметрін тап) Р=5+5+2+2=14 см
Б)Қабырғалары 3 см үшбұрыштың периметрін тап

Логикалық тапсырма. Жұмбақты шешу:

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/

IV: «Ой толғаныс: Сұрақтарға жауап беру

1. Қосудың компоненттерін ата?

2.Азайтудың компоненттерін ата?

3. Бір таңбалы сандарды ата?

4. Толық ондықтарды ата?

5. 1 сағатта неше минут бар?

6. 1 тәулікте неше сағат бар?

7. 1 ғасырда неше жыл бар?

Сәйкестендіру

Талдау жаса!
Ә) Біз нені үйрендік?
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

теңдеу шешу Күрделі теңдеу шешу тәсілі Есепке теңдеу құруды

V. Үйге тапсырма беру:№7 107-бет
VI. Бағалау: Белсенді қатысқан оқушылар бағаланды.










































Математика 2-сынып/



Оралбекова Ардақ Турсынқызы

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: Теңдікті жазу, теңдеу шеше білуге үйрету.

Дамытушылық: Ой-өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, үлестірмелер.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Ауызша қосу және азайту тәсілдері. (Екінші кезең) Теңдеуді шешу.

ІІІ. Жаңа сабақ. а/ Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

№ 1.

а) Теңдікті жазу. ә)сынап көру тәсілімен теңдеуді шеш: х+2=29

3 + 2 = 5 х=29-2

(3+2)-2=5-2 х=27

3 = 3 27+2=29

29=29

№ 2.

а) Таразының сол жақ табағында ұн бар, ол х кг. Оның қасында 2кг гир тасы бар. Таразының оң жақ табағында 2кг,2кг,1кг-дық гир тастары бар. Олардың қосындысы 5кг. Онда осыны пайдаланып теңдеуді өзіміз құрап көрейік

х+2=5


ә) х кг ұнның қасындағы 2кг гир тасын алып тастағанда, 2кг,2кг,1кг-дық гир тастары бар оң жақ табақ басып кетті. Таразы басы тең болмады. Оң жақ табақтан да 2кг гир тасын алып едік, таразы басы теңелді. Ендеше ұнның салмағы 3 кг екен.

х+2=5

Ендеше, х=5-2

Бұдан, х=3

Тексеру: 3+2=5

5=5

Қортынды: Теңдеуді шешу үшін, оның екі бөлігінен де 2-ні азайттық.

Б) Сергіту сәті.


ІV.Білімдерін тексеру.

№ 3. Шешімдері бірдей теңдеулерді тап.

х+7=14 16-х=9 25-x=20 х+24=25 х+6=11 15-х=14

х=14-7 х=16-9 х=25-20 х=25-24 х=11-6 х=15-14

х=7 х=7 х=5 х=1 х=5 х=1

7+7=14 16-7=9 25-5=20 25-1=24 5+6=11 15-1=14

14=14 9=9 20=20 24=24 11=11 14=14


4.

Акварель-60 теңге Акварель-60 теңге

Бояу қарындаш-?,30 теңге арзан ? , теңге Бояу қарындаш-?,30 теңге арзан

Шешуі: 60+(60-30)=90 теңге Шешуі: 60-30=30 теңге

Жауабы: Екеуі 90 теңге тұрады. Жауабы: Бояу қарындаш 30 теңге тұрады


№ 6. Мәндері сәйкесінше 13-ке және 15-ке тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жаз. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын жаз. Олардың мәндерін тап.

9+4=13 13-4=9 13-9=4 9+6=15 15-6=9 15-9=6

8+5=13 13-5=8 13-8=5 8+7=15 15-7=8 15-8=7

7+6=13 13-6=7 13-7=6



Логикалық тапсырма: Балапанға көмектес:(7-4)-2=1 (7+4)-10 = 1


V. Қорытынды: 1. Үйге тапсырма: 113 беттегі № 5,7. 2. Бағалау.




66-2. Күні:

Тақырыбы: Теңдеуді шешу.

Мақсаты:

Білімділік: Теңдікті жазу, теңдеу шеше білуге, құрылымы күрделі өрнекті жазып, мәнін таба білуге үйрету.

Дамытушылық: Ой-өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Алғырлыққа, ауызша жылдам есептеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, үлестірмелер бойынша

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, іздену.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5, 7. 113-бет

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Құрылымы күрделі өрнектер.

ІV. Жаңа сабақ. Оқулық бойынша жұмыс.

№ 1. 6-2 =4 2+4= 6 4+2=6

ә/ теңдеуді жазу.

х – 40 = 9

х = 40 + 9

х = 49

49 – 40 =9

9 =9 тура санды теңдік.


V. Білімдерін тексеру.

№3

а) Сатылды-30кг

Қалды-?, 7кг артық болды-?

Шешуі: 30+(30+7)=67 кг

Жауабы: Дүкенде 67 кг көкөніс болды.


ә) Сатылды-30кг

Қалды-7кг артық болды-?

Шешуі: 30+7=37 кг

Жауабы: Дүкенде 37 кг картоп болды.


б) Қағаз ойыншық-25

Мата ойыншық-?, 10 кем болды-?

Шешуі: 25+(25-10)=40

Жауабы: «Қолөнер» үйірмесі барлығы 40 ойыншық жасады.


№ 4 38 + / 40 + 20 / = 98

а+(30+10), мұндағы а=56. 56 + (30 + 10) = 96

45 + (20+а), мұндағы а=30. 45 + (20+30) =95


Сергіту сәті.


№ 5

6 + 6=12 12 – 6=6 9 + 9 = 18 18 – 9 = 9

7+ 5=12 12 – 5=7

8 + 4=12 12 – 4=8

9 + 3=12 12 – 3=9

№7. 8+8=16 16-8=8 38+8=46 46-8=38

18+8=26 26-8=18 48+8=56 56-8=48

28+8=36 36-8=28 58+8=66 66-8=58


VІ. Қорытынды:

1. Үйге тапсырма: 115-бет № 6. 2. Бағалау


Тақырыбы: «Амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Жақшалар»

Мақсаты: а) білімділігі:. Жақшалы өрнектердің шығарылу тәртібін пысықтау, жақшалы өрнектер алдымен орындалады

ережесін бекіту, топтық, жұптық және жекелеген тапсырмалар орындау;

ә)дамытушылығы:. Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау

қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелілігі. Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа,жылдам ойлауға, өз ойын қорыта айта

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың типі: интеграциялық, ертегі сабақ, ОҮӨӘЖПТ

Пәнаралық байланыс: ана тілі,

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, интерактивті тақта (слайд), ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2. «Көпір» аялдамасы . Өткенді қайталау

8. Үй тапсырмасы №6 тапсырма тексеру

3. Көркем жазу жолы.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық.

Сабағымыз «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша өтеді. Біз бауырсаққа көмектесуіміз қажет

ІІ. Негізгі кезең. Тірек білімді еске түсіру.

1. Математикалық диктант. Әжеге бауырсақ илеуге көмектесеміз

90 мен 50-дің айырмасына 8-ді қос.

80мен 30-дың айырмасына 7-ні қос.

60 пен 50 – дің айырмасына 40-ты қос.

70 пен 40-тың айырмасынан 20-ны азайт.

50-ге 90мен 80-нің айырмасын қос

60-қа 50мен 30-дың айырмасын қос.

2.Өздік жұмысы. Қоянның тапсырмасы

6 сағ + (3сағ + 1сағ) * (6сағ + 3сағ) + 1сағ

(3тәул + 7 тәул) – 2тәул * 3тәул + (7тәул – 2тәул)

(10мин – 6мин) +1 1мин * 10мин – (6мин + 1мин)

3.Жеке оқушылармен жұмыс Қасқырдың тапсырмасы 3 тапсырма Теңдеулерді шешу

4.Аюдың тапсырмасы Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

5 тапсырма 27 мен 32-нің арасындағы сандарды өсу ретімен жазу.

Әр санда неше ондық және бірлік барын көрсет


5.Түлкінің тапсырмасы:

№4 52 бет (Есепті оқушылар оқиды, шартын құрады)

1-ыдыста – 2л ? 2 л

2-ыдыста – 5л 5 л ?

Барлығы - ? 7 л 7 л

Шешуі: 2+5=7(л) – шырын 7-5=2 7-2=5

Жауабы: екі ыдыста 7литр шырын Ж: 1 ыдыста 2 литр Ж: 2 ыдыста 5 л

8. Бауырсақты ата мен әжеге жеткізіп салайық. Кел,ойнайық. Әр машинаны уйіне жеткізейік.


9. Ата мен әженің тапсырмасы. Шығармашылық тапсырма


ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей

Теңдіктер тура болатындай жақшалар қой.

8-2+3=3 40+60-30=70 6+4-3=7

6-2+3=7 50+80-60=70 9-4+2=3

ІІ деңгей. Салыстыр. 4+ (6-2 ) * (6-2) +4

(5 тәул. + 4 тәул) – 3 тәул * 5 тәул.+ (4 тәул.- 3 тәул.)

(10-6) +3 * 10-(6+3)

3 сағ + (5 сағ – 2 сағ) * (3 сағ+5 сағ) - 2сағ

ІІІ- деңгей Есеп құрастыр және шығар

Болғаны -? Болғаны – 50 л Болғаны - 50 л

Сатылғаны – 20 л Сатылғаны - ? Сатылғаны – 20 л

Қалғаны – 30 л Қалғаны – 30 л Қалғаны - ?

Шешуі:

Жауабы:

ІV деңгей Теңдеулерді шеш.

Х + 7 = 10 10 – Х = 3 Х – 3 = 7

ІV. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Уйге тапсырма Жалгастыр.

10+7=17 17-7=10 17-10 =7 7+10= 17





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?лгі саба? жоспары

Автор: Адильбекова Гульмира Жаксыбаевна

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "?лгі саба? жоспары «К?й шежіресі ?.?онысбеков» "
    ["seo_title"] => string(50) "ulghi-sabak-zhospary-kui-shiezhiriesi-k-onysbiekov"
    ["file_id"] => string(6) "170491"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423564097"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "?лгі саба? жоспары «Екінші сынып о?ушыларын ?жымды? музыка орындау?а ?йрету» "
    ["seo_title"] => string(84) "ulghi-sabak-zhospary-iekinshi-synyp-ok-ushylaryn-u-zhymdyk-muzyka-oryndaug-a-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "170508"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423565238"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?лгі саба? жоспары «Домбыра ?йретуді? бастап?ы ?діс т?сілдері» "
    ["seo_title"] => string(64) "ulghi-sabak-zhospary-dombyra-uirietudin-bastapk-y-dis-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "170644"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423577902"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "5 сынып "Ма?ал - м?телдер "  саба? жоспар"
    ["seo_title"] => string(32) "5synypmakalmtieldiersabakzhospar"
    ["file_id"] => string(6) "310196"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458971512"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""2 саны ж?не цифры" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(35) "2-sany-zh-nie-tsifry-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "288123"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454587439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства