Ма?ал – м?телдер ауыз ?дебиетіні? бір т?рі. Ма?ал – м?телдерде к?бінесе на?ыл, а?ыл айтылады. жаманнан са?тандырып, жа?сыны ?лгі етеді. Ма?ал – м?телдерді? м?ндері, та?ырыптары ?р алуан; е?бек пен ерлік, жа?сы мен жаман, досты? пен ?асты?, а?ыл мен ?нер- білім, ынтыма? пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халы? ?мірдегі ?з ба?ылауларын ?орытындылап, т?жырым жасап, ?й?асты с?здермен ?неге, ?лгі боларлы? ма?арлад жасап отыр?ан. Ма?ал – м?телдер ?ле? с?з сия?ты к?ркем, ?й?асып т?рады. С?йлемдерді ?те ы?шам, басы арты? с?з болмайды, с?здерді бас?а с?збен алмастыру?а келмейтін т?ра?ты кедеді. М?селен, «А?ыл – жастан, асыл – тастан» деген ма?алды? с?здеріні? орнына бас?а с?з ?ойып немесе ?осып, я алып тастап к?рсе?дер ма,ынасыны? ма?ал ретінде ?уаты да, к?ркі де, м?ні де б?зылып, ?з сипатын жо?алтатынына к?здері? жетеді.
А?ын – жазушылар шы?армаларыны? жа?сы с?здері де ма?ал?а айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайды? жаман дос туралы « К?н жау?анда ?ойны?да, к?н ашы?та мойны?да», «К?шік асырап ит еттім, ол балтырымды ?анатты» деген сия?ты с?здері б?гінде ма?ал ретінде айтылады.
Мақал – мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал – мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал – мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер ма,ынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.
Ақын – жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
VІ. Түсінік тексеру:
Мақал деген не?
Мәтел деген не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата?
Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.