kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Уақытыңды дұрыс пайдалана білу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

“ Уақытыңды дұрыс пайдалана білу ” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның ойлау қабілеті, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек”

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Уақытыңды дұрыс пайдалана білу"»

Сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: Уақытыңды дұрыс пайдалана білу

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал - жабдықтар: 1. Тоғызқұмалақ тақталары, суреттер

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.

Пәнаралық байланыс: математика
Уақыты: 45 минут.

Өтетін орны: №39 кабинеті.
Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Сабақтың жоспары:
I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қайталау сұрақтары.
3. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
II. Негізгі бөлім:
Жана сабақ “ Уақытыңды дұрыс пайдалана білу ” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның ойлау қабілеті, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек”
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: 
• Құмалақ 
• Қазан 
• Отау 
• Бастаушы 
• Қостаушы 
• Тұздық 
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады.
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы . Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.
Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.
Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.
Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.

Қорытындылау.Тест сұрақтарын беру. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы уақытыңды дұрыс пайдалана біледі деп есептеймін.

































Сабақтың тақырыбы: «Жұп жасап қорғану»

Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушыларды ұшқырлыққа, ептілікке, есептеуге, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету,ережелері, дұрыс жүру,есептеу жолдары, бай отауларды алу, отаулар атаулары және олардың маңызы,тұздық ашу арқылы бір отауды өз меншігіне алу, жұп жасап, қорғанып жеңіске жету.

Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы: Оқушыларды тізім бойынша тексеру, амандасу. Өткен тақырыпты пысықтау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Негізгі бөлім: Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен қойдың құмалағымен ойналады. Сондықтан тоғызқұмалақ ойындары ұлттық ойындардың ішінде әріден келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Тоғызқұмалақ ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды ептілікке, ұшқырлыққа тәрбиелейді. Тоғызқұмалақ ойыны баланың ойлау қабілетіне тигізер әсері мол.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:

  1. Жүріс жасау ережесі

  2. Құмалақ ұту ережесі

  3. Тұздық алу ережесі

  4. Атсырау ережесі

  5. Қорғану ережесі

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:

  • құмалақ (шар)

  • қазан

  • отау (ұя, үй)

  • бастаушы (ойынды бірінші бастайтын адам)

  • қостаушы (екінші жүріс жасаған адам)

  • тұздық (қарсылас ойыншының бір отауын өз меншігіне алу)

  • атсырау (қарсылас ойыншыда құмалақтың бітуі)

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Тоғызқұмалақ тақтасы дегеніміз - 18 отау, 2 қазан, 162 құмалақтан тұрады. Ойын барысында әр ойыншыға 1 қазан, 9 отау, 81 құмалақ тиесілі. Әрбір отауға 9 құмалақтан салып, алған отаудан бір құмалақтан қалдырып, сағат тіліне қарсы жүріледі.

Ойыншы жеңіске жету үшін 82 құмалақ жинауы керек. Ойын тең дәрежеде аяқталуы мүмкін (81-81).

Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана қалдырып, жүріс жасаған отаудан кейінгісінен бастап бір - бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып, өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтарының санын жұп болып тұрған отауды "жабық отау" деп атайды.

Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау "ашық отау" деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.

Қорғаныс тәсілдерінің бірнеше түрлері бар:

1. Шабуыл көзін жою

2. Шабуылдаушы құмалақтардың бағытын ауыстыру

3. Қарсы соққы

4. Комбинация жасауға кедергі жасау

Қорғаныс арқылы бай отауларды, құмалақтарды ұттырмауға, тұздық бермеуге, қарсыластың алға қойған мақсатын жүзеге асырмау керек. Қорғаныс дегеніміз - қарсыластың шабуыл тәсілдеріне тойтарыс беру.

Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді. Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ екенін ғана сұрай алады. Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын, барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.

Қорытынды бөлім:

Сабақтың қорытындылау, ойын соңында жақсы ойын көрсеткен епті балаларды анықтау.

Сабақтың тақырыбы: 9-шы отаудан тұздық ашуға болмайды.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрете отырып, жүріс тәсілдерін меңгерту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

II. Негізгі бөлім

Ортадағы отаулардың ішіндегі «9» цифры әрбір отауда жатқан құмалақтар санын білдіреді, әр ойыншының 9 отауында 81 – ден құмалағы болады.

Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез - келген отаудан бастауға болады, ол үшін ойыншы жүріс жасалатын отауда бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап әр бір отауға өз жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше бір – бірден салып шығады. Сонда ең соңғы құмалақ қарсыласының тақ санды құмалағы бар кез - келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса (2, 4, 6, 8, 10 т.с.с) бұл жүріс табысты болып саналып сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады.

Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез -келген бір отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар саны тақ жасаса, мысалы (1, 3, 5, 7, 9 т.с.с) немесе өз жағының біреуіне тақ – жұбына қарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс деп саналады, ол отаудың құмалақтары ешбір қазанға алынбайды.

«Тоғызқұмалақ» ойынының мынандай үш ерекшелігі бар: Ойын барысында жүріс жасалатын отаудың ішінде бір ғана құмалақ қолға алынып, келесі отауға салынады, сол отау бос қалады. Мәселен: «Тұздық». Ойын барысында «тұздық» алу деген болады. Былайша айтқанда дойбы ойынының «биге» шыққан тасы сияқты. Ойын кезінде ойыншы бір ғана «тұздық» ала алады. «Тұздық» қалай алынады? Жүріс кезінде қарсыластың екі құмалақ жатқан отауына түсіріп, үшінші құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан «тұздық» алған болып есептеледі. «Тұздық» алудағы мақсат әрбір жүріс сайын отауға, яғни «тұздыққа» түсетін құмалақты өз қазанына алады. Мәселен: «Тұздық» алуға 9 отаудан қақылары жоқ және де екі жақты аттас нөмір отауларынан да алынбайды.

Ойын аяқталуға жақындағанда ойыншылардың біреуінің отауларында құмалақтар саны азайып, жүрістерінің тарылу кезеңі туады, мұндай жағдайда «атсырау» дейді. Мәселен: жеңіске ойын аяғында 82 немесе одан да көп құмалақ жинаған ойыншы жетеді.

Жүрісті есептеу жолдары: Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін есептеу тәсілін қолданамыз.

1 тәсіл. Мысалы 3 – ші отауда 17 құмалақ бар.Яғни 3+1+7=11

а) Егер сандардың қосындысы 10 немесе 10 - нан да кем болса 1-ін шегереміз. ә) Егер сандардың қосындысы10 – нан артық болған жағдайда қосындыдан 10 – ды шегереміз. Мысалы 3+1+7=11, 11-10=1

2 тәсіл. Мысалы 3 – ші отауда 17 құмалақ 3+17=20 20-19=1

а) Егер қосынды 10 немесе 10 – нан кем болса 1 – ді аламыз. б) Егер қосынды 10 – нан артық болса, қосынды 10 – ды аламыз. в) Егер қосынды мөлшері 20 немесе 20 – дан кем болса, қосындыдан 19 – ды аламыз. г) Егер қосынды мөлшері 38 немесе одан көп болса, қосынды 37 – ні аламыз.

3 тәсіл. Бұл жүрісті есептеудің ең жеңіл жолы. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін табудың бұл үшінші жолы – ілгері және кері есептеу болып табылады.

III. Қорытынды бөлім

Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты қайталап жаттығу.























3 cынып
Сабақтың тақырыбы: « Ментальды арифметика логиканың бір бөлімі»
Сабақтың мақсаты:– оқушының интеллектуалды қабілетін арттыруға бағытталған қосымша оқу жүйесі. методикасы логика және менталды арифметикаға негізделген.

Бұл сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жаңашылдықпен талаптандыру.
2.Білім беру құрлымын өзгерту.
3.Сын тұрғысынан ойлау.
4.Зерттеу,зерделеужұмыстарын жүргізу.
5.Тәжірбие алмасу
6.Жеке,жұппен,топта шығармашылықты қолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру.
Дамытушылығы: Менталды арифметика, логикалық есептер жүйесіндегі методикаларды қолдана отырып, тастармен (есепшот) арифметикалық амалдарды есептеу арқылы баланың ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту бағдарламасы.Ерекше қабылеттерін байқап,одан әрі дамытамыз.
Тәрбиелілігі:Қазіргі жаһандық дамуда бәсекеге қабілетті, техникалық білікті ұрпақ тәрбиелеуде инновациялық методикаларды пайдалануға баса мән беріледі.Бала бойына салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды қалыптастырамыз. Сол себепті Менталды арифметика, логикалық есептер, логикалық ойындар) бағдарламасы балалар ақыл-ойын дамытудың алғашқы баспалдағы ретінде қолданылады.
Менталды арифметика мидың екі жарты шарының қатар жұмыс жасауына ықпал етеді. Әдеттегідей бала көз алдына есепшотты елестетіп шығармашылық қабілеттеріне жауап беретін мидың Оң жақ жарты шарын іске қосады. Ал, елестетілген есепшотпен әртүрлі деңгейдегі арифметикалық есептерді шығарғанда бала өзінің аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттеріне жауап беретін мидың Сол жақ жарты шарының дамуына жұмыс жасайды.
Қарапайым қосу-алу амалдарынан бастап күрделі арифметикалық амалдарға дейін меңгерту үшін деңгеймен оқыту жүйесі қабылданған. Оқу бағдарламасы 10 деңгейден тұрады. Әр деңгей 2 ай оқытылады. Әр деңгейді бітірген оқушы тесттен өтіп, деңгейді толық бітіргендігін растайтын сертификат алып отырады.
Оқушылардың Ақыл-ой Дамыту Орталығы жасөспірімдердің қарқынды дамуын негізге ала отырып жылдам оқуды, жіті түсінуді, жүйелі жеткізуді шешендік өнерді бойына сіңіре отырып, қазіргі таңға қажетті қас маман болып өзінің көздеген мақсатына, мүддесіне жетуді үйретеді. Бұл тұрғыда барлық халықаралық стандарттармен, дәстүрлік құндылықтар ескерілген.
Карточкамен жұмыс 
Оқушыларға бірнеше карточкаларды көрсетемін,оқушылар жауабын табады .Топпен жауап береді,содан соң жеке-жеке сұраймын.Магнитті тақтаны пайдаланады.

Кітаппен жұмыс.
Музыкалық әуенді тыңдап отырып, 5минутта есепшотпен сынып жұмысыншығарады.
Екі қолмен сурет салу

Мидың оң және сол жақ бөліктерін машықтандыратын ұтымды әдісǃМұндай тәсіл баланың есте сақтау қабілетін күшейтіп,интеллект деңгейін көтереді.Оқулықтағы суретті екі қолмен салады.
Сергіту сәті
Оқушы қиялына ерік берсең,кереметтей дүниелерді баламен бірге жасауға болады.Қол жаттығуларын жасаймыз.
Ойша есептеу
Слайдтан сандарды көрсетіп тұрады оқушылар жауабын ойша есептеп шығарады.Магнитті тақтаға жазады.
Абакуспен есеп шығару.Тақтамен жұмыс
Тақтаға оқушыларды шығарып абакуспен есеп шығарады.
Логикалық есеп
4 оқушы 1 оқушының алдында келе жатыр.
1 оқушы 4 оқушының артында келе жатыр.
1 оқушы 4 оқушының ортасында келе жатыр.
Барлығы неше оқушы келе жатыр?
Жауабы: 5 оқушы
Судокудың суреті
Судоку (жапон. 数独 су:доку?, айтылуы (ақп.) — «жалғыз сан») — сандары бар танымал бас қатырғыш. Сөзжұмбақтың түрлерінің бірі болып табылады. Жапоншадан аударғанда «су» — «сан», «доку» — «бөлек тұрған ». Кейде судокуды «сиқырлы шаршы», кейде латын шаршысы деп те атайды. Судокуды әлемнің әртүрлі елдеріндегі газеттер мен журналдар белсенді басып шығарады. Судоку жинақтары үлкен таралымдармен (тираж) басылыпшығарылады. Судоку шешу — бос уақыт өткізудің танымал түрі.
МЕНТАЛЬДЫ АРИФМЕТИКА КУРСЫНЫҢ ӨТІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мақтаралауданыбойынша «Bilge- OySana» орталығыныңұйымдастыруымен (ментальды арифметика логикалықесептер, логикалықойындар) курсының 1-деңгейі өттіМентальды арифметика арқылы бала тек тез санапқоймай, фотографиялықжадыныжақсартады, аңғарғыштықжәне тез ойлауқабілетіжақсарады, дәлдікжәне тез реакция, шығармашылыққабілеті, соныменқатар осы қасиеттердіңжақсаруынәтижесіндебаланыңмектептегіүлгерімі де арта түседі.. Бірайдансоңнәтиженікөругеболады. Ауданымыздың мұғалімдерікурстың І-шідеңгейіноқып, ментальдыарифметиканымектепоқушыларыноқытубойыншасерификаттардыалды.

Қорытынды
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Уақытыңды дұрыс пайдалана білу"

Автор: Аубакирова Айтоқын Айтпаевна

Дата: 30.10.2020

Номер свидетельства: 561801

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Уа?ыты?ды д?рыс пайдалана білу"
    ["seo_title"] => string(27) "uakytyndyduryspaidalanabilu"
    ["file_id"] => string(6) "316675"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460135194"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Уақыт өлшемі. Минут"
    ["seo_title"] => string(21) "uak_yt_olshiemi_minut"
    ["file_id"] => string(6) "445483"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513771299"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "О?ушылар арасында суицидті? алдын-алу жолдары "
    ["seo_title"] => string(49) "ok-ushylar-arasynda-suitsidtin-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "196429"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428056312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Имандылы? – т?рбие негізі "
    ["seo_title"] => string(26) "imandylyk-t-rbiie-nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "187593"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426529824"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Тәрбие сағаты:Тәрбиенің негізі - имандылық"
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbiie_sag_aty_t_rbiienin_nieghizi_imandylyk"
    ["file_id"] => string(6) "406327"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491275936"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства