kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық ойын сабағы. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз  құрамын қайталау  маақсатында  3 сыныпқа "Түбір мен қосымшаның жазылуы" тақырыбында өткізілген ұлттық ойын сабағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойын сабағы. Түбір мен қосымшаның жазылуы»

Ашық сабақ

Ұлттық ойын сабағы

Күні: 06.02.2016ж

Сыныбы: 3

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын сабағы. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қайталай отырып, нығайту.Түбір мен қосымша тақырыбындағы түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың білімдерін бекіту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқтала отырып, берілген грамматикалық тапсырмаларды шебер әрі тез орындауға, сөздік қорларын молайта отырып, олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың  сөздік қорын, ой – өрісін, тілін дамыту. Оқушының білім сапасын арттыру мақсатында  әртүрлі  тапсырмалар орындату. Топпен, жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  дұрыс оқып, сауатты , көркем жаза білуге, еркін сөйлеуге  тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың типі: Ұлттық ойын сабағы

Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО технологиясының кейбір элементтері, сұрақ – жауап әдісі, көрнекілік әдісі және т.б

Көрнекілігі: Оқулық, слайд, суреттер, үлестірмелі қағаздар, кәмпиттер, қамшы, орамал.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Еңбек, Бейнелеу, Әдебиеттік оқу

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілі оқулығы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топқа бөлу: 2 топ мүшелерін анықтау үшін берілген қима қағаздарын таңдау сұралады. ІІ топ болып орналасады.

І топ. ІІ топ.

Абай ауылы Ыбырай ауылы

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

Балалар, бүгін біздер ауыл болып бөлініп түрлі ұлттық ойын түрлерімен таныс боламыз. Және танысу барысында тапсырылған тапсырмаларды бірігіп орындайтын боламыз. Ендеше бастаймыз. Күннің жадын жаза қойыңыздар.

1. Амандасу рәсімі:

Сұрақ: Бұл суретке қарап, қандай салт – дәстүр, рәсімімізді атай аласыздар? (Амандасу рәсімі) Ендеше қанеки, бәріміз ортаға шығып бір – бірімізбен амандаса қояйық.

2. Шашу (Джиксо стратегиясы арқылы)

Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне қуанып, шашу шашып, ақ тілегін көрсеткен. Ендеше, сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілей отырып, шашу шашайын.

(Мына кәмпиттер жәй кәмпиттер емес, сиқырлы кәмпиттер) Олардың әрқайсысында сандар бар, сол сандарды атап экранда көрсетілген сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер, кәмпитіміз шын түріне айналады.)

Джиксо стратегиясы бойынша:

Абай ауылына

1. Сөз дегеніміз... 3. Қосымшалар бөлінеді...

2. Туынды сөз дегеніміз... 4. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса,

оған жалғанатын қосымша...

Ыбырай ауылына

1. Түбір сөз дегеніміз... 3. Туынды сөз дегеніміз...

2. Қосымшалар жалғанғанда кейбір түбір сөздердің түбірі өзгереді...

4. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша...

2. «Орамал тастамақ» ойыны

Мына орамалды кез – келген оқушының алдына тастаймын, сол оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

Тапсырма: Берілген түбір сөздерге –ы, -і қосымшаларын жалғап жаз, өзгерген әріптерді ата:

Халық, құлып, орын, бөрік, ерік, бұлақ, денсаулық, шабақ, жіп, әділдік, сабақ, қалақ, құрақ, парақ.

3. Сергіту сәті: «Қара Жорға» биі.

4. «Қыз қуу» ойыны

Әр ауылдан бір қыз бала, бір ер бала ортаға шығып, берілетін жұмбақтарға жауап іздейді, егер, жауабын ортадағы оқушылар таба алмаса ауылдарының тұрғындары көмектеседі. Олардың да көмегі болмаса, қыз бала өз өнерін көрсетеді, ер бала қыз баладан қамшы жейді. Ендеше, іске сәт. Жұмбақтың жауабын қазақша, орысша атайсыздар.

Жұмбақтар.

Ыбырай ауылына

  1. Ағайынды бәрі: Шықса көк, түссе сары. (Жапырақ, листья)

  2. Жазу жазып жалықпаған, жаза – жаза арықтаған. (бор, мел)

  3. Көлдің беті көк әйнек, сырғанауға тым әйбат. (мұз, лед)

  4. Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат, бұл не сонда? (сағат, часы)

  5. Аспандағы алып доп, жарқырайды жарық боп. (күн, солнце)

  6. Терезені өрнектеп, әдемі сурет салыпты. Кім екенін табайық, көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз, мороз)

  7. Екі басты айдаһар, бәрін қырып жояды, екі аяқпен жер тіреп, қағазды жеп қояды. (қайшы, ножницы)

Абай ауылына

1. Шіркіннің өзіне обал – ақ, жүреді аяқта домалап. (доп, мяч)

2. Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін. (көз, глаза)

3. Асқар тауда қара орман (шаш, волосы)

4. Сымға асылып, жүр асығып. Дыз – дыз етіп жүрегі, сымнан ұстап жүреді, өзіне адам мінеді, ол не, ал кім біледі? (троллейбус)

5. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт, тучи)

6. Салып ем шыны сарайды, тілінен жарық тарайды. (Шам, свет)

7. Қойным толы жеміске, көк майсалы егісте, көбелек қуып ойнайтын, бұл қай мезгіл деп ойлайсың. (жаз, лето)


5. «Асық алу» ойыны.

Экранда көрсетілген суретке қарап отырып, мақалдарды аяқтау міндеттеледі.

Ыбырай ауылы: Абай ауылы:

  1. Көз қорқақ, қол батыр. 1. Ел іші алтын бесік.

  2. Денсаулық зор байлық. 2. Кітап алтын қазына.

  3. Өнер алды – қызыл тіл. 3. Отанды сүю отбасынан басталады.

6. «Сақина салмақ» ойыны.

Бір оқушы ортаға шығып, қолындағы сақинаны келесі оқушыға салады, сол уақытта сақина қолына түскен оқушы үндемей тұрып, берілген сұраққа жауап береді.

Ыбырай ауылы Абай ауылына:
1. Тізбектің басында тұратын сөзді тап:
... – сарғыш, сарғылт, сарғыштау
... – қызғылт, қызғылтым, қызылдау
... – ағу, ағады, ағынды, ағып
... – соғу, соғылды, соғады, соғып


Абай ауылы Ыбырай ауылына:
1. Тізбектің басында тұратын сөзді тап:
... – көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, көктеу
... – барған, баратын, барса, барады
... – соғу, соғылды, соғады, соғып
... – бағу, бағады, бағылды, бағып


Сонымен, балалар бүгін біз қазақ халқының ұлттық ойындары мен дәстүрлерімен таныс болған сияқтымыз. Ендеше, сіздерге тағы бір дәстүрді таныстыра отырып сабағымызды қорытындылайық. Бұл дәстүр тойбастар деп аталады. Әдетте, көңілді жиындарда, отырыстарда, үй иелері өнер көрсетіп отырған жұртқа сыйлықтар табыстайды. Осыны, тойбастар деп атайды екен.




ІІІ.Сабақты бекіту:

1. Қазақ халқының басқа да тағы қандай ұлттық ойын түрлерін білесіздер?

2. Түбір сөзді қалай анықтайсыздар?

3. Қоымшалар нешеге бөлінеді? Оларды ата:

IV. Сабақты қорыту

А) Бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене араласуларына қарай білімдері бағаланады.

Ә) Үйге тапсырма:

Туған ел, жер туралы, отан жайлы 5 мақал жазып келу.

Сұлукөл орта мектебі





Ұлттық ойын сабағы

Түбір мен қосымшаның жазылуы.

(Ашық сабақ)







Сыныбы: 3

Пәні: Қазақ тілі

Өткізген: Дукалова А.



















2016 – 2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұлттық ойын сабағы. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Автор: Дукалова Айгерим Бакбергеновна

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411316

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Түбір мен қосымшаның жазылуы."
    ["seo_title"] => string(34) "tubir_mien_k_osymshanyn_zhazyluy_1"
    ["file_id"] => string(6) "390896"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486903220"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Открытый урок казахского языка 2 классе на тему "Жалғау""
    ["seo_title"] => string(61) "otkrytyi_urok_kazakhskogho_iazyka_2_klassie_na_tiemu_zhalg_au"
    ["file_id"] => string(6) "391859"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487094152"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?тын та?ырыбы: "С?з ?олдану м?дениеті ""
    ["seo_title"] => string(36) "sabaktyntakyrybysozkoldanumdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "302845"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457332276"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства