kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тура және ауыспалы мағыналы сөздер""

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың қызығушылығын арттыру, бір бірін сыйлауға, ынтымақтастыққа тәрбеилеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тура және ауыспалы мағыналы сөздер""»

Пән:Қазақ тілі 40-сабақ.

Бөлім:Уақыт

Сағаттың шығу тарихын зерттеймін

Сабақ тақырыбы

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Мектеп:Қ.Дамитов орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Елеусизова З.К.

Күні:


Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын

ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған

сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап

береді;

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Бағалау критерийлері

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөз мағынасы, тура мағыналы сөз, ауыспалы мағыналы сөз

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?

Қожанасырдың орнында болсаң, қалай жауап берер едің?

Сөздің тура және ауыспалы мағыналарын қалай ажыратасын?(саралау сұрағы)

Құндылықтарды дарыту

Уақытты текке зая кетірмей, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақытты бағасын білуге, оны қадірлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз мағынасы. Синоним, антоним, омоним сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж, қ) «ВЕЕР» әдісі

Мақсаты: Өтілген тақырыпты қайта еске түсіріп, жаңғырту.

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабақта өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтар (сөз мағынасы, антоним т б) жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Өзара бағалау.




ВЕЕР

Сабақтың ортасы

3 минут




3 минут
















5 минут
















4 минут











5 минут





















4 минут












8 минут






















ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Ыы ЫЫЫ ыыы ырысты ырыс ынтымақ ықылас ынта ыстық

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

3.2.2.1, 3.2.3.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Тыңдалым. Мәтінді тыңда.

12-жаттығу. Бос торкөздерге санның тұсындағы әріпті орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқиды.

1 2 3 4 5 6 7 8 9

С У Ы Е Қ А Б Т І


2

6

5

3

8


4

1

4

7

9











  • Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қой.

  • Күн ұзарғанда тәуліктегі сағат саны өзгере ме?

  • Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?

  • Қожанасырдың орнында болсаң қалай жауап берер едің?

  • Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннің тақырыбын оқиды;

  • мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;

  • мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;

  • сөз мағынасын ажыратады;

3.2.2.1, 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) Оқылым. 14-жаттығу.

  • Өлеңдегі қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде.

Оқушылар топқа бөлініп, өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңде қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелдейді.

Бағалау дескрипторы:

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • сөздің тура, ауыспалы мағыналарын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

  • өлеңді қатесіз, сауатты жазады.

3.2.2.1 (Ж, Ж) «Интервью» әдісі. (Сұрақтарға жауап)

Мұғалім топтарға кезек-кезек сұрақтар қояды. Дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Оқушылар «ия», «жоқ» деп қысқа жауап қайтару керек.

  • Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа мағынада да қолданылады. (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Сөздердің тура мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Сөздердің ауыспалы мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Аяғы – «соңы» деген мағына бере алады. (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Антонимдер мағынасы бірдей сөздер ме? (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Омоним сөздердің мағыналары бір-біріне қарсы ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)

  • Мағыналары бір-біріне қарсы сөздерді синоним дейміз. (ИӘ немесе ЖОҚ)

Бағалау дескрипторы:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;

  • сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап береді;

Сергіту сәті.

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан.

Жай, жай, жай,

Шапалақта алақан,

Шапалақта алақан.


Қозғап барлық денеңді,

Қолды қатты соқ енді.

Сарт, сарт, сарт,

Қолды қатты соқ енді, 

Қолды қатты соқ енді. 

3.2.2.1 (Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.

«Тапқыр болсаң, тауып көр».

Оқушылар топқа біріктіріледі. Тапсырма әр топқа үлестіріледі. Кестедегі берілген сөздердің қайсысы қай мағынада екенін топпен ой бөлісе отырып, ажыратады. Неліктен ауыспалы, тура мағына екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрайды.

1-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

тәтті ұйқы



тәтті алма



иненің көзі



адамның көзі



2-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

ашық аспан



ашық мінез



өткір мінез



өткір пышақ



3-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

алыс жер



алыс туыс



адамның беті



кітаптың беті



Бағалау дескрипторы:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;

  • оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;

  • сөйлеу барысында қолдана алады;

  • құраған сөйлемдерін қатесіз көшіріп жазады.

№1 Дәптермен жұмыс





«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.






























№1 Дәптермен жұмыс










































Интерактив

ті тақта






№1жұмыс парағы









№1 Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: Кестені толтыру. Өз ойын жазу

Үй тапсырмасы

13-жаттығу

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Тура және ауыспалы мағыналы сөздер""

Автор: Елеусизова Залия Кыдыркановна

Дата: 14.11.2018

Номер свидетельства: 485675

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Тура ж?не ауыспалы ма?ына " "
    ["seo_title"] => string(28) "tura-zh-nie-auyspaly-mag-yna"
    ["file_id"] => string(6) "195102"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427867127"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "С?зді? тура ж?не ауыспалы ма?ынасы. "
    ["seo_title"] => string(39) "sozdin-tura-zh-nie-auyspaly-mag-ynasy-1"
    ["file_id"] => string(6) "194596"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427795273"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Омоним.Синоним.Антоним.К?п ма?ыналы с?здер"
    ["seo_title"] => string(44) "omonim-sinonim-antonim-kop-mag-ynaly-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "316012"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460011056"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Омоним.Синоним.Антоним.К?п ма?ыналы с?здер."
    ["seo_title"] => string(46) "omonim-sinonim-antonim-kop-mag-ynaly-sozdier-1"
    ["file_id"] => string(6) "316013"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460011109"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?аза? тіліндегі к?п ма?ыналы с?здер "
    ["seo_title"] => string(40) "k-azak-tilindieghi-kop-mag-ynaly-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "141926"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1418208408"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства