Пәннің аты: Қазақ тілі | Мерзімі:22.01.2018 ж | Сыныбы: 3 «а» | Мұғалім: Әділхан Д |
Сабақтың атауы | Түбір мен қосымшаның жазылуы |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру. Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту . Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : ойын -сабақ Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, мақал- мәтел , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс , көрініс. |
Психологиялық ахуал | Сабақтың барысы : Ұйымдастыру а) писихологиялық дайындық Ана тілің – арың бұл Ұятың боп тұр бетте . Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте. Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр. - Сөз құpaмына не жатады? - Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр. - Түбiр сөз дегенiмiз не? - Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады? - Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады? Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |
Сергіту сәті | Түбір болып жасаймыз, Қосымшасы мынадай. Екі түрге бөлініп, Шығып алды осылай, Жұрнақ ,жалғау кәнекей, Жасап көрші қайталай. | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі. І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз. Тарақ ----- і Кәсіп -----ы күрек ----ы Қалақ -----і ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз. Бала -лық,-(қай) Оқу -лық,-(шы) ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз. Түбір + жұрнақ Түбір +жұрнақ + жалғау Түбір +жалғау +жалғау Әр топ басшысы қорытынды жасайды. |
Үйге тапсырма | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |