Просмотр содержимого документа
«Түбір мен қосымшаның жазылуы»
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Мақсаты: 1. Оқушыларға түбір сөздің соқғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшаның да жуан не жіңішке болып үйлесіп жалғанатындығы туралы түсінік беру
2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын дамыту
Топқа бөлу: жұрнақ, жалғау,түбір. Әр топ өз атын қорғайды.
Бағалау парағын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру:Әткеншек әдісі. 57-жат, 58-жат, ережені жатқа айту.
Білімін тексеру: Миға шабуыл әдісі.
1.Сөз құрамы
2. Туынды сөз деген не?
3. Түбірлес сөздер деген не?
4. Қосымша нешеге бөлінеді?
Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы бір өлкеде қария өмір сүріпті. Сол қарияның ауласында керемет бір ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен жемісті базарға апарып сатып кунін көреді екен. Оның көршісі қызғаншақ сараң адам екен. Бір куні көршісі қызғанып ағашты түбінен кесіп, оны өз үйіне апарып отырғызады. Қалай ойлайсыңдар, балалар, өсе ме? Өспейді, себебі оның түбірі жоқ. Ия , балалар, себебі түбірі қарияның бағында қалып қойды. Қария ертесіне есіктің алдында ағаштың жоқтығын көріп өкінеді. Бірақ қария ағаштың түбіне су құйып куте бастайды. Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, қайтадан жеміс бере бастайды. Ағаштың түбірі сияқты сөздің түбірі де еш өзгермейді. Түбірге жалғанған қосымша жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінеді.
Венн диаграммасы.
Ой қозғау.
Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз: -ші,-ге,-ла,-лер,-шы,-дың,-лер
Қосымша қосылғанда түбір сөздер көбінесе өзгеріссіз жазылады.
Оқулықпен жұмыс:
Ережені оқыту. 60-жаттығу.
Оқыту. Қарамен жазылған сөздер туралы мәлімет беру. Пирамида әдісі.
Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Сергіту сәті: Психологиялық жаттығу. Оқушылар бір-біріне қарап, беттерін бір-біріне тигізу, жымиып күлу.
Бекіту: Тапсырманы орындап, мәтінді де талдап,
Дәптерге жазу түсірдік.
Соныменен сабақта
Нені оқып үйрендік?
Көру диктанты: Суреттегі заттардың атына жалғау жалғап жазу.