Просмотр содержимого документа
«Тұрақты сөз тіркестері»
Бекітемін:
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты:Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету таным қабілетін дамыту, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Ү Бекіту: -балалар, сөз және оның мағынасы жайлы нені еске түсірдіңдер?
ҮІ ҚорытындылауБалалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ Үйге тапсырма:6-жаттығуды түсіндіру.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер Сабақтың мақсаты: Тұрақты тіркестерін пайдалана отырып еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу. Көрнекілігі:
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ Тапсырма мен жаттығулар: Оқушыларға еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінен мысалдар таратылып беріледі. Ит өлген жер – ит өлді Төбе шашы тік тұрды - шашын кес Он саусағынан бал тамған – бал жеді 1. Ит өлген жер деген сөз тіркесін басқа сөздермен ауыстырып көрші? Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды. 2. Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде? 3. Әр сөзде бір - бірімен байланыс бар ма? Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді. 4. Он саусағынан бал тамған деген тіркесті пайдаланып сөйлем құрау. 5. Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма? Тұрақты тіркестерді бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Осыдан кейін әр топтың хатшылары берілген қағазға сөз тіркесінің белгілерін жазып тақтаға іледі. Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп аталады. 111 - жаттығу. Көзге ілмеу – қарамау Аузына құм құйылды – үндемеу Зәресі ұшу – қорқу Көзді ашып жұмғанша – тез, жылдам Жүрегі зу ету – қорқу Тас жүрек – қатал Әр топқа тапсырма беріледі. Онда оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен жай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды және екі сөйлемді салыстырмалы түрде оқып, өз ойларын айтады.
Сергіту сәті: (Мимикамен көрсету) мұғалім – үндемеу 1 - топ – ұрысу 2 - топ – қорқу 3 - топ – қуану Тұрақты сөз тіркесі тілімізге не үшін қажет?