Сынып: 5 Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркестер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру. Сабақтың типі: ашық сабақ Сабақтың түрі: Блум таксономиясы, халықтық педагогиканы тану. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, мағынасын тану Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат,кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 108-жаттығудың қалай орындалғанын тексеру. Білу. Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында «Бастаңғы» ойынын ойнау. Балалар, үй тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру үшін, сендерді «Бастаңғы» ойынына қатысуға шақырамын. «Бастаңғы» сөзінің мағынасын көбіміз біле бермейміз.Әуелі түсіндіріп өтейін. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау. Үлкендер жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады.Балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне, бастаңғы дастарханы сіздерді күтіп тұр.Бірақ, онда бару үшін, мына үстел үстіндегі ұлттық тағамдарды дастархан үстіне апарып қою керек.Ал, ол тағамдарды апару үшін, артындағы сұрақтарға жауап беру керек.Қане, кім қай тағамды қояды?
1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? 2.Қайсысы тура мағына қайсысы ауыспалы мағына екенін анықта Қойдың құлағы, қазанның құлағы 1.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? 2.Бастапқы мағынасын анықта? Білімнің кілті, дүниенің кілті 1.Омонимдер дегеніміз не? 2. «Қас» сөзі омоним бола ала ма? 1.Синонимдер дегеніміз не? 2.Сәби сөзіне синонимдер айт. 1.Антоним дегеніміз не? 2.Қас,жуан, ұсақ сөздерінің антонимдерін айт. 1.Табу дегеніміз не? 2. «Бикеш», «ұлыма», «төре»-дегендер нелердің атауы.
1.Эвфемизм дегеніміз не? 2.Жалқау адам деген сөздің эвфемизмін және дисфемизмін айт. 1.Дисфемизм дегеніміз не? 2.Құлағы естімейді деген сөздің эвфемизмін және дисфемизмін айт
.
ІІІ.Жаңа сабақ Міне, балалар, біз бастаңғы дастарханын жайып қойдық. Осындай мол дастархан қандай кезде жайылады? Қазіргідей бейбіт те тыныш заманға жарасады емес пе? Біздің заманымызды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» десе бола ма? Осы сөздің мағынасын ашып көрейікші. Осындағы сөздердің орнын ауыстырып көрейік, «сиыр үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» десе мағынасы бола ма? Немесе «қой үстіне көгершін жұмыртқалаған заман» десе бола ма? Демек осындай сөздерді тұрақты тіркестер деп атайды екенбіз. Қазақ тілінде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар. Еркін сөз тіркестері – тіркестердегі сөздер еркін, орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер. Мысалы: қызыл көйлек – сәнді көйлек, қалың кітап – қызық кітап. Ал тұрақты тіркестер – тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағынаны білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы,қоян жүрек – қорқақ, кежегесі кейін тартты – жалқаулану, төбесі көкке жету – қуану. Түсіну. Енді оқулықта берілген түсінікті өзіміз оқып, түсінгенімізді айтайық. Әр топқа абзац бойынша тапсырма беріледі. Оқушылар тақырыпты өздері ашады. 1. Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы фразеологизмнің мағынасымен сәйкес келмейді.Ол сөздер тұтасып барып бір ғана мағына береді. 2. Тұрақты тіркестер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. 3. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады. Бір ғана сұраққа жауап береді де, сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады. 111-жаттығуды ауызша орындау. Берілген тұрақты тіркестердің қайсысы антонимдік қатар, қайсысы синонимдік қатар құрап тұрғанын табу. 113-жаттығу.Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.Әр топ бір сөйлемнің ішінен тұрақты тіркестерді тауып жазады. 1.Үш ұйықтаса түсіне кірмеу – ойламау. Құмға сіңген судай – тез бітіп қалу 2.Екпіні су сепкендей басылу – үдемей қалу. Екі көзі жер сүзу – төмен қарау. 3.Ұялған тек тұрмас – сасқалақтау. Әр сөздің басын шату – міңгірлеу. Құлағында қалғаны – есіндегісі. Там-тұмдап айту – әр жерінен жұлып айту. 4. Аяғының басына қарау – дым білмеу, сөзінің аяғын жұту- толық айта алмау.Есі шықты – ойынан адасу. Қолдану. Тапсырма. «Сөзбен сурет құрау» Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған.Соны табу, мағынасын айқындау Сол сөздерге қатысты адамның дене мүшесінің суреттерін орнына қойып құрастыру.
Менің әжем: 1ақкөңіл,2барлығын біледі,3елжіреу, Сабақты қорытындылау мақсатында келесі сұрақтарға жауап беру. Бағалау. 1.Бүгінгі тақырыптан не білдік? 2.Тұрақты тіркестерді білудің маңыздылығы неде? 3.Тұрақты тіркестерді өмірде қандай жағдайларда қолдануға болады? Әр топ басшысы өз тобының бағалау парақшасын көрсетеді. Сабақты қалай түсінгендерін смайликтер арқылы көрсетеді. Үйге тапсырма: 115-жаттығу.1. Өлеңді жаттап келу.
1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? 2.Қайсысы тура мағына қайсысы ауыспалы мағына екенін анықта Қойдың құлағы, қазанның құлағы
1.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? 2.Бастапқы мағынасын анықта? Білімнің кілті, дүниенің кілті
1.Омонимдер дегеніміз не? 2.Қас сөзі омоним бола ала ма?
1.Синонимдер дегеніміз не? 2.Сәби сөзіне синонимдер айт.
1.Антоним дегеніміз не? 2.Қас, жуан, ұсақ сөздерінің антонимдерін айт.
1.Табу дегеніміз не? 2. «Бикеш», «ұлыма», «төре»- дегендер нелердің атауы?
1.Эвфемизм дегеніміз не? 2.Жалқау адам деген сөздің эвфемизмін және дисфемизмін айт.
1.Дисфемизм дегеніміз не? 2.Құлағы естімейді деген сөздің эвфемизмін және дисфемизмін айт