kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?сау кесу

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Саба?ты? та?ырыбы: « Т?сау кесу»

Саба?ты?ма?саты: 1.Т?сау кесу р?сімімен  таныстыру.

2. Есте  са?тау  ?абілеттерін, ?н  салу, м?нерлеп  о?у,

шеберліктерін  дамыту.

3. ?лтты?  салт – д?ст?рге деген ынта сезімін  т?рбиелеу.

К?рнекі   ??ралдар: Алажіп, ?айшы, «?аза?  дастар?аны» (М.Ильясовты?  ?ні ?нтаспадан  ойнап   т?рады).

Саба?ты?  барысы:

?йымдастыру  кезе?і: Балаларды тыныштандырып, назарларын аудару.

Психологиялы? с?т:

Мынау мені? ж?регім,

Б?рі осыдан басталады.

Мынау басым а?ылды,

Б?рін ?зі бас?ар?ан.

Мынау мені? о? ?олым

Мынау мені? сол ?олым

Барлы? істі ат?ар?ан.

Жа?а саба?:

Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын т?сіндіру.

Кіріспе ??гіме

Б?гін біз ?аза?ты? салт – д?ст?рлеріні? бірі – т?сау кесу р?сімімен танысамыз. Б?л р?сім бала ж?ре баста?анда жасалады. О?ан ?лкен к??іл б?лінеді. Б?л р?сім бала болаша?та жолы бол?ыш, ?мірден с?рінбей ж?рсін деген а? тілектен ту?ан. ?аза? хал?ы баланы? ая? алысы, жа?сы, ны? болуы осы т?сау кесу р?сіміне байланысты деп сенген. ?уанышты о?и?а?а орай той жаса?ан.

Саба?ты? барысы: 
1. ?йымдастыру кезе?і.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?сау кесу »

Тақырыбы: «Тұсау кесу»

Сабақтың тақырыбы: « Тұсау кесу»

Сабақтыңмақсаты: 1.Тұсау кесу рәсімімен таныстыру.

2. Есте сақтау қабілеттерін, ән салу, мәнерлеп оқу,

шеберліктерін дамыту.

3. Ұлттық салт – дәстүрге деген ынта сезімін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Алажіп, қайшы, «Қазақ дастарқаны» (М.Ильясовтың әні үнтаспадан ойнап тұрады).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды тыныштандырып, назарларын аудару.

Психологиялық сәт:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрін өзі басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Кіріспе әңгіме

Бүгін біз қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу рәсімімен танысамыз. Бұл рәсім бала жүре бастағанда жасалады. Оған үлкен көңіл бөлінеді. Бұл рәсім бала болашақта жолы болғыш, өмірден сүрінбей жүрсін деген ақ тілектен туған. Қазақ халқы баланың аяқ алысы, жақсы, нық болуы осы тұсау кесу рәсіміне байланысты деп сенген. Қуанышты оқиғаға орай той жасаған.

Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тұсауы кесілген бала тез арада жүріп кетеді, тұсауды ауылдың шапшаң жасайтын, шапшаң жүретін адамына кестіреді. Балаларға қатысты салт - дәстүр: Қайшымен тұсау кеспеген Бала өміріндегі тағы бір ерекше аталып өтілетін, үлкен той қылып өткізетін салттардың бірі – тұсау кесер. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Тұсау кесу үшін не себепті ала жіп дайындалған? Тұсауды немен кескен? Баланың тұсауын кімге кестірген жөн?

АЛА ЖІПТІҢ СЫРЫ Тұсаукесердің әр жерлерге байланысты кішігірім өзгешелігі болмаса, негізгі мән-мағынасы бір, яғни баланың алғашқы қадамына мән беру, тілек тілеу. Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. Ақ жіп пен қара жіптің екеуін айқастыра отырып есіп, ала жіп дайындалған. Бұл – өмір-тіршіліктің нышаны. Көпті көрген қариялардың ақ батасы… Халыққа қалаулы, елге танымал болып жүрген ер-азаматтың немесе көпке сыйлы болып жүрген келіншектің жақсы ниетімен кесілген баланың тұсауы… Содан кейін күш-қуаты тасып, ентігіп жүгіріп келген балалар, олардың ып-ыстық алақандары… Осының барлығы алғашқы қадамын тәй-тәйлап басқан баланың ендігі жерде сүрінбеуі, басқан қадамының сәтті болуы, бастысы, «аяғын нық бассын, өзінің туған жерінде аяғын нық басып жүрсін» деген тілекке толы ғой. Бұл – баланың үлкен өмірге алар жолдамасы, тойдың басы, өмірге бастар қадамның алғашқы баспалдағы. ЫРЫМ ЖАҚСЫ НИЕТТЕН ТУАДЫ Тұсауды тек ала жіппен емес, «іші-сырты майлы, малды болсын» деп тоқ ішекпен, «жайқалып өссін» деп көк шөппен кескен. Әркім өзі білген, қалай болғанда да тілектің артықтығы жоқ. Барлығының ниеті түзу, тілегі бір. Біздің ұлтқа қатысты кез келген жөн-жоралғыны барлық қағидаларын сақтай отырып шын ниетпен өткізсе, қабыл болады. Тіпті ала жіпті де «сондай күнге жетейін» деп алып жатады.



Алдын-ала ала жіп, ол біреудің ала жібін аттамасын деген сөз,-дайындалады. Ала жіпті баланың аяғына байлап содан соң қайшымен кеседі. Екі адам баланы қолынан ұстап, ақ матаның үстінен жүргізеді. Ақ мата баланың жолы ақ болсын,-деген сөз. 
Тұсау кесу жыры айтылады: 
Қаз-қаз балам, қаз балам, 
Қадамыңа мәз балам, 
Тұсауыңды шешейін, 
Күрмеуіңді кесейін. 

Бөпем бүгін қаз басты. 
Бөпем бүгін қаз басты. 
Тәй-тәй! 
Көп-көп емес аз басты. 
Тәй-тәй! 
Өзі мәз боп күледі. 
Тәй-тәй! 
әлі-ақ жылдам жүреді 
Тәй-тәй! 

Қаз-қаз балам. 
Тұңғыш рет қаз тұрдың 
Құтты болсын қадамың 
Ата-анаңды мәз қылдың 
Айналайын қарағым. 
Еш уақытта таймасын 
Таудан, тастан табаның 
Жүрген жерің жайнасын 
Гүлдеріндей даланың. 
Балалармен бірге жатталады. 

Видио «Тұсау кесу»


«Бәрекелд!

Балалар кәне, көрейік өнерлерінді!»

«Бұл тойға дайындаған тақпақ, әндеріміз бар ма?».

Данагул:

Қазақ деген халықпыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз!.

Абзал:

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Жансая:

Ау, халайық тыңдаңдар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Қуанышқа қосылып,

Тұсау кесу тойын тойлаңдар!

Ән: «Балапан».

Жүргізуші: Тұсау кесу рәсімі кезінде алдымен баланы киіз үйдің жанына қазық қағып соған байлайды,казір біз «Арқан тарту» ойынын ойнаймыз. Кім жеңсе, сол осы арқанды кеседі. Кескен баланың басына тақия кигізіледі.

Ән «Ертегілер»

Тұсау кесудің үш түрі бар:

Тоқ ішекпен кескенім, тоқшылық болсын дегенім.

Көк шөппен кескенім, көктей көгерсін дегенім.

Ала жіппен кескенім, адал болсын дегенім.

Бата:

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәнеки, өзіңді сына да.

Секірсең, құздардан сүрінбе,

Шыңдарға шыққанда бүгілме.

Болаттай қабырған қатайып,

Отын ұшқын ойнасын түгіңде!

Әумин.

(Тұсау кесе отырып, ән айту)

Қаз – қаз балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз балам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Тұсау кеседі.

Тұсау кесіп болған соң

Қаз – қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам,

Қадамыңа қарайын,

Басқаныңды санайын.


Осындай ойын – сауық бола берсін,

Үй іші той - думанға тола берсін.

Өмірдің гүлжайнаған жаннатындай,

Бақшаңа бақыт құсы қона берсін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?сау кесу

Автор: Худайбергенова Тогжан Жолдасбаевна

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205359

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Горжусь тобой – мой Казахстан»”"
    ["seo_title"] => string(28) "gorzhus-toboi-moi-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "248689"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446750573"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Дені сау ?рпа? - жар?ын болаша?"
    ["seo_title"] => string(36) "dieni-sau-u-rpak-zhark-yn-bolashak-1"
    ["file_id"] => string(6) "312213"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459319769"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Таби?ат – бізді? тамырымыз, бізді? ?мірімізді? бастауы. "
    ["seo_title"] => string(52) "tabig-at-bizdin-tamyrymyz-bizdin-omirimizdin-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "195984"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427988512"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "С?кен-жырды? сар?ылмас дариясы "
    ["seo_title"] => string(34) "s-kien-zhyrdyn-sark-ylmas-dariiasy"
    ["file_id"] => string(6) "148551"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419772366"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Иманды болу - парызы?"
    ["seo_title"] => string(19) "imandy-bolu-paryzyn"
    ["file_id"] => string(6) "257617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448366490"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства