kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрт түліктің бірі түйе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқы -күнделікті тұрмысын  малмен тығыс байланыстырған халық.Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған.Ол қыста суыққа,жазда ыстыққа төзімді,әсіресе шөлге,аштыққа шыдамды.Түйенің жүні мен терісі -киім,сүті сусын,еті ас."Бақырауық демесең,бағалы көлік түйе ғой"деп көлік ретінде пайдаланған.Түйенің екі өркештісі және бір өркештісі бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрт түліктің бірі түйе»


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

№6 жалпы білім беру орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Хнабаева Нұрқия Алламбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Түйе.(2сынып )

Сабақтың мақсаты:1. БілімділігіҚазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.

2. Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйеніңпайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін,іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерінқалыптастыру.

3. Тәрбиелігі:Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштіккетәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.

Әдісі:сұрақ–жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой–қозғау, , пікірлесу, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу үш тілде.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларды топқа бөлу.1топ –боталар,2-топ қозылар,
3-топ құлындар, 4-топ бұзаулар.Топ басшысына бағалау парақшасын беру.
Үйге қандай тапсырмалар берілді?
«Сиыр» жырды жатқа айту.
«Ортадағы қаламсап»әдісі сұрақ –жауаптар.
1.Сиыр туралы не айтасындар? 2. Сиыр атасы қалай аталады? 3.Сиыр төлі қалай аталады?
4. Сиырды қалай шақырады?
Үй тапсырмасын бекіту.Топтастыру стратегиясы
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
-Ал, жақсылап қараңдаршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ?
-
Мына жұмбақты шешіп көрейік.
ЖұмбақИір –иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-    Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
-    Олай болса, бүгін біз «Түйе» малы туралы жазылған жырмен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз(сабақ басталмай тұрып, алдын –ала жазғызып алу, күнді, тақырыпты)
. -Балалар, сендер түйе малы туралы не білесіңдер?
Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру.
– Түйе  - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан).
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады. Түйе екі жылда бір боталайды.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.
Ал, мына түйе  Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін көрсетіп)
Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Түйе малының жалпы атаулары:
Дәптермен жұмыс.
Бота ,Інген,Тайлақ ,  Бура,Нар түйе, Үлек,Айыр түйе ,Атан,Аруана.
«Мал өсірсең, түйе өсір, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы қалай аталады?(Ойсылқара ).Түйенің төлін не деп атаймыз? (ботаның суретін көрсету)
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.Мақал – мәтелді түсініп оқу.(мағынасын түсіндіру)
Жырды түсініп оқу. Түйе  (Әуелі мазмұндап өзім оқып берем)
Балаларға оқыту. (екі – екі жолдан оқыту  1 қатар, 2 қатар, 3 қатар)
Жақсы балалар енді осы жырда не айтылған?
Мазмұнын түсіндіру
Сөздік  жұмыс.
Шуда .Қом.
Енді балалар суретке қарап, жырға сүйеніп сұрақтарға жауап беріңдер?
Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?
Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
Шудасы туралы ше?
Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Сабақты бекіту.
«Кім тапқыр»ойыны.Түйенің пайдасы қандай? 
Ал алдарында қағазда сызба жатыр, соған пайдасын жазасыңдар.

Түйе жүнінен істелетін бұйымдар

Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар

Түйе терісінен істелетін бұйымдар

Көрпе, тоқыма киімдер

Шұбат, қымыран

Аяқкиімдер, қайыс, таспа

 









-Міне, балалар біз түйе  малының пайдасы туралы білдік.

 Топпен жұмыс :
1-топ. Түйе сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
2-топ. Түйе туралы мағлұмат.
3-топ. Түйе сөзін үш тілде аудармасын айтамыз
4-топ. Түйенің суретін саламыз.

ІҮ.Қорытынды. Сұрақтарға жауап алу

Ү.Үйге тапсырма:

Түйе жыры. 56- бет

ҮІ.Бағалау.Бағалау парақшасын қарап бағалау,мадақтау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Төрт түліктің бірі түйе

Автор: Хнабаева Нуркия Алламбергеновна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381742

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Т?йе- т?рт т?лікті? т?ресі "
    ["seo_title"] => string(27) "tuiie-tort-tuliktin-toriesi"
    ["file_id"] => string(6) "158839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421819421"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Разраотка на тему "Төрт түліктің кеңесі""
    ["seo_title"] => string(42) "razraotka_na_tiemu_tort_tuliktin_kien_iesi"
    ["file_id"] => string(6) "397639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488602380"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сценарий утреника "Т?рт т?лікті ??рметтеу" "
    ["seo_title"] => string(47) "stsienarii-utrienika-tort-tulikti-k-u-rmiettieu"
    ["file_id"] => string(6) "220102"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434520260"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Т?рт т?лікті? бірі т?йе. "
    ["seo_title"] => string(26) "tort-tuliktin-biri-tuiie-1"
    ["file_id"] => string(6) "181156"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425307973"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Төрт түліктің кеңесі"
    ["seo_title"] => string(23) "tort_tuliktin_kien_iesi"
    ["file_id"] => string(6) "350179"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476782615"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства