1.Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру.Төрт түлік малды күтуге, оларға қамқор болуға баулу, ажыратып білуге үйрету, пайдасының адам өміріндегі мәнін түсіндіру.Оларды жеке-жеке таныстыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар айтқызу. Тіл байлықтарын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту.
3.Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге, адамгершілікке, адамсүйгіштікке тәрбиелеу. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Төрт түлік мал.1 сынып.»
Тақырыбы:
«Төрт –түлігім ырысым».
Мақсаты:
1.Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру.Төрт түлік малды күтуге, оларға қамқор болуға баулу, ажыратып білуге үйрету, пайдасының адам өміріндегі мәнін түсіндіру.Оларды жеке-жеке таныстыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар айтқызу. Тіл байлықтарын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту.
3.Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге, адамгершілікке, адамсүйгіштікке тәрбиелеу. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп-бағуды көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай іріктеп сойып жеп отырған.
Сондықтан қасиетті төрт-түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпауға тиіспіз. Ал енді осы жануарларға байланысты жұмбақ шешіп көріңдерші.
1.Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
-Бұл қандай ЖАНУАР?
-Түйе.
«Төрт түліктің төресі-түйе» туралы кім айтып береді?
«Бота» туралы өткен тақпақты білетіндерінен сұрау. Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
2.Жұмбақ: «Аяғында тағасы бар Мойнында жағасы бар. Мінсе көлік болар, Сауса қымыз болар.»
-Бұл қандай жануар екен?
-Жылқы.
«Жылқы-ер қанаты» туралы кім айтып береді?
«Құлыншақ» туралы өткен тақпақты білетіндерінен сұрау.
-Жылқы төлі-құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ. Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.
3. Жұмбақ:
Жем-шөп беріп бағамыз,
Сүтін сауып аламыз. (сиыр)
«Ақ бұзау» туралы өткен тақпақты білетіндерінен сұрау. Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.
4.Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
-Бұл қандай жануар?
-Қой.
«Қой-төрт түліктің момыны» туралы кім айтып береді?
-Қой төлі-қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
«Қозы» туралы өткен тақпақты білетіндерінен сұрау. Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.
Жұмбақ: «Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар. Бірақ тағы сақалы бар.»
-Бұл қандай жануар?
-Ешкі.
4-оқушы: «Ешкі-өсімтал мал» туралы айтады.
-Ешкі төлі-лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
«Бөрте лақ» туралы өткен тақпақты білетіндерінен сұрау. Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады. Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын ыдыс жасалған.
-Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?
Казір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен, тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан-тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
-Мал бағу,оны мәпелеп өсіру-аса ардақты өнер.
Өлең « Малды құрметтеу»
Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.
Балалар малды құрметтеуге байланысты қандай тыйым сөздер білетін едік?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Малды басынан ұрма.
3.Малға теріс мінбе.
Дидактикалық ойын: «Кім қалай дыбыстайды?»
-Өте жақсы, дұрыс таптыңдар, енді мені тыңдаңдар, малдың дыбыстағанын қалай атайды?Кім біледі екен?Балалар жауаптарын тауып сызық арқылы қосады. Жылқы - кісінейді. Сиыр - мөңірейді Қой, ешкі - маңырайды Түйе - боздайды. - Бәріміз осы сөздерді қайталап ұғып жаттап алайық.(Балалар қайталайды) -Балалар осы төрт түлік мал туралы мақал білесіңдер ме? 1. Мал өсірсең, қой өсір, Өнімі оның көл - көсір. 2. Түйе малдың үлкені, Жылқы малдың үркегі. 3. Малды баға біл, Бабын таба біл.
4.Ат-адамның қанаты.
5.Аттың көркі-құйрық-жалы,құлағы.
Таудың көркі-тасы менен бұлағы.
6.Малды бақсаң,сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
Мақалдардың мазмұнын ашып,түсіндіріп кетемін.
Балалар «Төлді қалай шақырады?».Өз еріктерімен 5 оқушы шығады, төлді шақырады. -Бес оқушы төлдердің аналарының орнында,ал бес оқушы төлдердің орнына шығады.Аналарының көздері жұмылған,өз төлдерін табулары тиіс.
Ойнайық та,ойлайық,
Ойлап жүріп табайық. Сиыр - Мө - мө Қой - Мә - мә Түйе - Бө - бө Жылқы - Е - е - е Ешкі - Мәә – мәә.
Тағы да айта кететін, осы төрт түліктің аталары бар екен.Мал аталарын атайық.
Қой атасы-Шопаната,
Жылқы атасы-Қамбарата.
Ешкі иесі - Сексеката,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Сиыр иесі - Зеңгібаба.
Ойын: "Үй жануарларын тап"
Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,
"үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.
Қорытынды сұрақтар қойылады. -Төрт түлік малға не жатады екен?
Неліктен оларды үй жануарлары дейміз?
- Бұл төрт түлік малдың адамға пайдасы бар ма? -Қандай пайдасы бар, бізге не береді? - Түйенің сүтінен не жасайды?
-Ал, жылқының сүтінен не жасайды? - Сиыр, қой, ешкінің сүтінен не жасайды? -Қойдың, ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды? Бүгін балалар, біз төрт-түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.
Ал енді балалар мен сендерді «Ғажайыпстанға саяхат» жасауға шақырамын.Мультильм көрсетіледі. «Үй жануарлары» туралы.