kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, жазу дағдыларын қалыптастыра отырып төрт түлік туралы, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.

2. Оқушылардың ой-өрістерін, сөйлеу мәдениетін тіл байлықтарын дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар.»

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, жазу дағдыларын қалыптастыра отырып төрт

түлік туралы, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін

кеңейту.

2.Оқушылардың ой- өрістерін, сөйлеу мәдениетін тіл

байлықтарын дамыту.

3. Төрт түліктің пайдасын біліп табиғи өнімдерінің

денсаулыққа пайдалы екендігін түсіндіру арқылы еңбек

етуге, күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, түсіндірмелі.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, муляж, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, қажетті құралдарын алғызу.

Көптен күткен қоңырау,

Соғылды сабақ басталды.

Тексерейік түгендеп,

Кітап, дәптер, қаламды.

Психологиялық дайындық:

Ана тілін білеміз,

Сондықтан да сүйеміз.

Өнер де, ой да, білім де

Өркендер қазақ тілінде.

Дегендей сабағымызды бастайық.

Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй, табыс, сәттілік тілейік.

  1. Оқушы ережесін бұзбаймыз, тәртіп сақтаймыз.

  2. Бір-бірімізді тыңдап, сабаққа белсене қатысамыз.

  3. Қойылған сұрақтарға толық, нақты, дұрыс жауап береміз.

Ендеше орнымыздан тұрып, бір-бірден келіп төңкерулі жатқан қағазды алайық. Қозының суретін алған «Қошақан», ботаның суретін алған «Ботақан», құлынның суретін алған «Құлыншақ» тобы.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Қоян мәтінін оқу, дауысты дыбыстарды қайталау.

І топ. Мәтінді тізбектеп оқып береді.

ІІ топ. Қоянның қысқы тіршілігі туралы әңгімелеп айтып береді.

ІІІ топ. Қоян туралы өлең, жұмбақ айтады.

Білімді жан-жақты тексеру.

Сұрақтарға жауап ауызша.

  1. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Әріп дегеніміз не?

  4. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

  5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  6. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  7. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  8. Қанша дауысты дыбыс бар?

  9. Қанша дауыссыз дыбыс бар?

  10. Буын неден құралады?

  11. Сөз неден құралады?

  12. Сөзден не құралады?

Өз топтарын қорғау

І топ. «Ботақан» тобы. Бо-та-қан. о, а,а.

ІІ топ. «Қошақан» тобы. Қо-ша-қан. о,а,а.

ІІ топ. «Құлыншақ» тобы. Құ-лын-шақ. ұ,ы,а. Әр топ өз топтарының атын буынға бөледі, дауысты дыбыстарын тауып айтады.

IV. Мақсат қою

Бүгін біз сендермен «Төрт түліктің пірлері» туралы және дауыссыз дыбыстармен танысамыз.

Балалар, мен сендерге қазір бірнеше жұмбақ жасырамын, ал сендер ойланып шешуін табыңдар.

  1. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

Ол қандай жануар? (Жылқы)

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Ол қандай жануар? (Қой)

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол қандай жануар? (Түйе)

  1. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Ол қандай жануар? (Сиыр)

  1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Сақалы тағы бар.

Ол не? (Ешкі)

V. Жаңа білімді меңгерту.

Жұмбақтың шешуін ретімен қайталап шығайықшы.

Жылқы, қой, сиыр, түйе, ешкі.

- Бұларды бір сөзбен көрсету, яғни не дейміз?

- Үй жануарлары дейміз. Дұрыс, балалар тағы бұларды «Төрт түлік» деп те атаймыз.

- Неге бұларды төрт түлік дейміз?

Себебі: қой мен ешкі бір мал есебіне кетеді, өйткені олар уақ малға жатады.

Ал, түйе, жылқы, сиыр – ірі қара малға жатады екен.

- Балалар, біз қай ұлтпыз?

-Қай республикада тұрамыз?

Ендеше, қазақ халқы ежелден – ақ мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне малдың ерекше орын алатынын біз жақсы білеміз. Малдың тіршілік ету сырын, өрісін, жай-күйін, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.

Ендеше оқулығымызды ашып 21 - беттегі «Мал атасы» өлеңін оқиық.

Мен дауыстап оқимын, сендер іштеріңнен оқып отырыңдар.

І топ. Мал атасын атайды.

ІІ топ. Малдың пайдасы туралы айтады.

ІІІ топ. Малды күту, қамқорлық жасау, әсіресе қыс мезгілінде қандай жұмыс атқаратындықтары туралы әңгімелеп айтып береді.

Сергіту сәті.

Төлдер әні. Қимылмен көрсетеді.

Дәптермен жұмыс.

Күннің, айдың ретін жазу.

Көркем жазу минуты. Гг әрпі.

18-жаттығуды жазбаша орындаймыз. Көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сызады.

Кестемен жұмыс.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

«Шашылған әріптер» ойыны.

Кеспе әріптерден төрт түліктің төлдерінің атын құрайды, дыбыстық талдау жасап, дауыссыз әріптерді атайды.

VII.Білімді бекіту. Ойын «Төлді қалай шақырады?»

Әр топ өздерінікін айтады.

Қозыны пұшайт-пұшайт.

Ботаны көс-көс,

Құлынды құрау-құрау.

Нақыл сөздермен сабақты қорыту.

«Малы бардың-жаны бар», «Елдің көркі-мал», «Мал баққанға бітеді» деген халық даналығы бар. Келесі сабақтарда бұдан да толығырақ білетін боламыз.

VII. Үйге тапсырма беру:

«Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқу. 23-24 бет. 19-жаттығу.

Оқушыларды бағалау:

Қай топтың оқушылары сабаққа белсене қатысты, тәртіптері қандай болды?

І топ ІІ топ ІІІ топ

«Ботақан» «Қошақан» «Құлыншақ»


«5»-

«4»-

«3»-







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар.

Автор: Бесбаева Лязат Орусбековна

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400998

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар "
    ["seo_title"] => string(27) "mal-atasy-dauyssyz-dybystar"
    ["file_id"] => string(6) "159177"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421856029"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Т?лді ?алай ша?ырады? Дауыссыз дыбыстар" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(53) "toldi-k-alai-shak-yrady-dauyssyz-dybystar-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "185651"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426226811"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?лді ?алай ша?ырады?Дауыссыз дыбыстар"
    ["seo_title"] => string(43) "toldi-k-alai-shak-yrady-dauyssyz-dybystar-1"
    ["file_id"] => string(6) "277150"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452850628"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Дауыссыз дыбыстар" "
    ["seo_title"] => string(19) "dauyssyz-dybystar-1"
    ["file_id"] => string(6) "215713"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432784002"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Дауыссыз дыбыстар. ?ата? дауыссыздар"
    ["seo_title"] => string(32) "dauyssyzdybystarkatandauyssyzdar"
    ["file_id"] => string(6) "255530"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447946958"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства