kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілім – менің тірегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттәк тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан байлық жоқ,Тілден терең теңіз жоқ.Ғ.Мүсірепов.Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды.Қазақ тілі – “еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілім – менің тірегім»

Өзін-өзі тану

Тақырып: Тілім – менің тірегім

Мұғалiм: Каримова Толкын Тлеубековна

Сынып: 4 «Б»

Оқушылар саны: 22

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: Шыншылдық, кішіпейілдік, адалдық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы, ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылар өзінің сезімдері мен әрекеттерін талқылай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік, кішіпейіді туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін дамыта отырып, кішіпейілдікке, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды шыншылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық,смайликтер,стикерлер,қағаздар,маркерлер

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. «Жүректер жүрекке» Жүрекше сыйлай отырып бір-біріне тілектер айту.

5 Т –ны сақтау.

Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.

Сабақтағы жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді тік ұстап, аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры төбемізден өтіп, денемізге барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға тарай бастады. Оймен осы нұрды көзімізге түсіреміз. Көзіңіз нұрланып, нұрға бөленіп, көзіміз тек жақсылықты көреді. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, тек жақсы сөзді естиді. Енді нұрды тілімізге бағыттайық. Тіліміз тек қана шындықты, жақсы сөздерді айтады. Енді нұрды қолымызға түсіреміз. Қолымыз бүгін тек жақсы істер істейді, баршаға көмектеседі. Енді нұрды аяғымызға түсіреміз. Аяқтарыңыз бүгін тек қана жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр бірте-бірте шұғылана бастады, жан-жағымызға сәуле шашты, сіздің денеңізден шығып осы нұрды отбасыңызға, достарыңызға, туысқандарыңызға бағыттаңыз. Осы нұрды бүкіл әлемге, барлық адамдарға, тірі жанға таралсын...... Олардың да жүрегі нұрлансын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын» .... Нұр менің жүрегімде. Мен нұрмын. Енді осы нұрды жүрегімізге ораналастырамыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаймыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет!

- Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2.Үй тапсырмасын тексеру: оқулықтағы 31-32 беттегі

«Өсиет әңгіме»

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтар қою

Қойылатын сұрақтар:

Мәтінде не туралы айтылған?

-Дүрияның бойынан қандай қасиеттерін білдіңдер?

-Ыдырыс қандай өнер түрін үйренді?

-Ыдырыстың бас киім тігу өнерін үйренгенінің қандай пайдасы тиді? 

Сабақ барысын талдау:


3.Дәйексөз:

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

С.Торайғыров

Дәйексөзді жадында жақсы сақтау үшін қыз балаларға 3 рет, ұл балалар 3 рет қайталайды.

Балалар, дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Тақпақты тізбектеп оқып талдау.

Сахналық жұмыс.Топпен жұмыс.Әңгімені сахналап көрсету.

Дәптермен жұмыс

Дәйексөзді оқушылар дәптерлеріне жазады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті.

Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

Туған жердің тасы да танымал

(әңгіме)

Медеу Сарсеке

Қаныш Британия елінің шақыруымен келгеніне бірталай күн болып еді.Аз күнде көргендері де, білгендері де көп-ақ.

Бүгін де сондай күндердің бірі еді. Таңертеңгі ас үстінде өздерін бірнеше күннен бастап жүрген үкімет шенеунігі Қанышқа:

  • Мистер Сәтбаев, сіздің бұрынғы күнгі тілегіңізді

Британия мұражайы қуанышпен қабыл етіпті.Қай уақытта барасыз?-деді.

Қаныш өзінің қазір дайын екенін білдірді. Патшалықтың тас қазынасы әр қайсысы жеке мұражалы дерлік, зәулім, кең бірнеше залдарда орналасқан.Қай жерге көз салсаңда көздін жауын алатын жапсырма тастар.

Содан бір сәтте ол қалың шынымен тұтас

көмкерілген ұзын ағаның қазынасына қарап болып, бүйір қабырғаға бұрыла бере ұзағырақ бөгелді.

Содан соң:

  • Мүмкін емес!-деп қабырғаға жақындай берді. Бұл керемет ат нағыз саф мыс еді.

Кесектің іргесінде жатқан этикеткаға үңілді. Жазу ағылшынша жазылса да, өзі аудармай оқыды. Бірақ оқығанына таң қалды, артына қайра бұрылып:

  • Мынау жатқан саф мыс «Трансваальден келген» деп жазылыпты. Ол бекер жазылған.Бұл-қазақ даласының қазынасы. Осы сөзді анықтап жеткізіңізші, өтінемін,-деді қалым тілмашқа бұрылып.

Гид тыжырынып қалды. Қаныштың сөзін ұнатпай қалуы керек.

  • Мистер Сәтбаев академик деп естідік. Ғапу өтінемін, қателесіп тұрсыз.Бұл-Трансвааль мысы.

  • Онда мен де артық айтсам, ғапу өтінемін.Бұл тас қазақ даласында жаратылған. Тіпті түпкі мекенін айтайын, Жезқазған.Бұл сөзі геолог, геология ғылымының докторы, академик қана емес, сол Жезқазғанның мыс кенін ағылшын компаниясы кеткеннен кейін он бес жыл ұдайы зерттеген инженер-геолог Қаныш Сәтбаев айтып тұрғанын және ескеріңіз...

Сапарының соңына қарай қонақтар жатқан отельге тілдей бір жапырақ хат келді. Ол хат мұражайдан еді. Онда қолайсыз жағдайы үшін кешірім сұрап, қызметкерлер экспонаттардың орынын ауыстырып жүргенде, этикеткасын ауыстырып алғанын айтып, кешірім сұрапты. Бары сол-ақ ...

Қаныш түнгі Лондонның ортақ оранған келбетіне қарап, ойда тұр. Кеудесі бір қуаныш кернегендей. Ұйқысы ашылып, туған даласын ойлап, қиялдап кетті.

  • Қызық болдау-ау өзі. Иен даланың бір тасын осынау басқа құрлық, бөгде елде. Мынау тұман бүркіген Лондоннан тұнжыр аспаны астында кезіктірем деп кім ойлаған. Шіркін, туған жердің жұмыр тасы-ай!Ақ, қара демей, асыл, жасық деп талғамай, бір ғана белгілі-қасиетің үшін, туған жердің топырағында жаралып қыр төсінде жатқаның үшін де қымбатсың – ау, туған жердің сұр тасы!..

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге бұлай аталған?

  2. Қаныш Сәтбаев деген кім?

  3. Мұражай гиді неге тыжырайып қалды? Неліктен?

  4. Адам өміріндегі ақиқаттың маңыздылығы қандай?

  5. Өздерің де шындықты айтуға, кішіпейілдік және тек жақсы және қажетті заттарды айтуды танытқан кездерің болды ма?


«Интервью» әдісі

-Ана тілің арың бұл дегенді қалай түсінеміз?

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-топ. Өлеңді аяқта. М.Мақатаев

Ал, екінші бақытым- ... ...,

... жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде ...түңілсем ...

Қасиетті ... түңілмедім.

Тиісті сөздер: Тілім, менің, тас, дүниеден, де, тілімнен.

2-топ. Постер құрау

 Өнер алды - қызыл тіл

3-топ. Тіл туралы шағын эссе жазу

топтық жұмыс

  1. Топпен ән айту.

Ана тілім

Әні: С.Жолбарыс

Сөзі: Н.Баймұхамедов

1.Тілім менің ана тілім,

Жырым менің ана тілім.

Көк жүзінде күлімдеген,

Нұрым менің ана тілім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.

2.Сен арқылы тілдесемін,

Сол тіліміз гүлдесе мың

Айналайын ана тілі,

Арта түспек тілге сенім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті, 2 рет

Жаса мәңгі ана тілім.


6.Үй тапсырмасы.  37 бет жаттау тақпақ


7.Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайықСабақ аяқталды. Сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тілім – менің тірегім

Автор: Каримова Толкын Тлеубековна

Дата: 13.12.2018

Номер свидетельства: 490607

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Саба?ты? та?ырыбы   Мені? досым "
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-tyn-tak-yryby-mienin-dosym"
    ["file_id"] => string(6) "216249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432911626"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Мені? ба?ытым, сенсі?! "
    ["seo_title"] => string(23) "mienin-bak-ytym-siensin"
    ["file_id"] => string(6) "154575"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421168021"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тілім мені?- тірегім "
    ["seo_title"] => string(24) "tilim-mienin-tirieghim-2"
    ["file_id"] => string(6) "216790"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433153871"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Ана мереке?мен "
    ["seo_title"] => string(19) "ana-mieriekien-mien"
    ["file_id"] => string(6) "196139"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427999253"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Мені? с?йікті ісім» "
    ["seo_title"] => string(19) "mienin-suiikti-isim"
    ["file_id"] => string(6) "133879"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416593199"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства