Просмотр содержимого документа
«Тілден асқан қазына жоқ»
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ:7.1.9.
Мектеп: Ембі қалалық №1 ОМ
Күні:18.07.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Саркулова А.К.
СЫНЫП: 7орыс Ана тілі
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау, презентация түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тақырып бойынша сұрақтар құрастырады, мәліметті жинақтайды, презентация ұсынады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тақырып бойынша жинақтаған мәліметтерді орынды қолдана отырып, презентацияда өз бетінше толық жеткізе алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Тіл, ұлт, халық.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Менің ана тілім, сенің ше…
Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?
Has every learner’s choice been recorded? How can we check?
Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?
Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?
Талқылауғаарналғансұрақтар:
Не себепті ….деп ойлайсыз?
ишара: Жарайсың! Тамаша!
Алдыңғы оқу:
Көп тілді білу – заман талабы
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
7мин.
Психологиялық дайындық
Топқа бөлу: Топты 3-ке бөлу. Оқушыларға? белгісі, ! белгісі, . белгісі бар қағаздар таратылады. Оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлінеді.
Психологиялық анықтама:
(?)Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысады.
(!)Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар.
(. ) Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады.
С.Торайғыровтың «Туған тілім – ана тілім» өлеңін оқу
Туған тілім – бабам тілі өз тілім,
Туған тілім –анам тілі өз тілім.
Туған тілім – далам тілі –өз тілім,
Туған тілім – адам тілі –өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.
Сұрақтар:
Өлеңде қай тіл туралы айтылған?
Адам ана тілін кімнен үйренеді?
Сенің ана тілің қандай?
Жарайсыңдар балалар! Ендеше ,біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?
-Ана тілі
Тамаша!Бүгінгі тақырыбымыз «Ана тілін ардақтайық»
Кім қай тілді біледі?
-қазақ,орыс,ағылшын,неміс, қытай тілдері(оқушылар жауабы)
Кім қай тілде сөйлейді?Кім мысал келтіре алады?
-Менің атым – Саша, мен 7 класс оқушысымын.
- Меня зовут Айнур, мне 12 лет.
-My name is Maira, I live in Kazakhstan.
1-тапсырма
«Сөздер тұжырымдамалық картасын»толтырыңыз
1-топ – қадірлеу, 2-топ – ұрпақ, 3-топ-ұлт
Өз сөзімен анықтау Синоним
Сөйлемдегі мысал Антоним
Дескриптор
1.1.«Сөздер тұжырымдамалық картасын» толтыра алады.
Белгілер бар кеспе қағаздар
zharar.com
Ортасы
30мин.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
«Ротация» әдісі
Мәтінді оқиды. Жұп болып 1 сұрақтан құрайды. Әр топ ватманға 3 сұрақтан жазады.Мұғалімнің нұсқауымен
топтар ватмандарды ауыстырып отырып жауап береді, осылайша әуелі бастағы өз сұрақтары келгенше, жалғаса береді. Барлық топтардың жауаптарын талқылау
Ана тілі
Менің атым –Жанар.Ұлтым – қазақ. Менің ана тілім- қазақ тілі. Менің досым бар. Оның аты - Елена, ұлты –орыс. Оның ана тілі – орыс тілі.Әрбір ұлттың өз ана тілі болады.Әр адам ана тілін ата-анасынан үйренеді.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Ол халықпен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қарым – қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі – өте бай тіл.Қазақ тілінде мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер, жырлар көп.
Мен осындай ана тілім бар екенін мақтан тұтамын және оны қадірлеймін! Біз Қазақстанда тұрамыз, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуге, құрметтеуге міндетті.
Мәтін бойынша сұрақтар мен жауаптары бойынша:
Жасыл – түсіндім, сары – сұрақ бар, қызыл – ештеңе түсінбедім дөңгелекшесін бояу арқылы көрсетеді.
Дескриптор
1сұрақ құрастыра алады.
2сұрақ құрастыра алады.
3сұрақ құрастыра алады.
3-тапсырма
Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Мемлекеттік тіл» тақырыбына презентация дайындыңыз.
Презентацияға қойылатын талаптар:
3слайдтан кем болмауы керек;
Презентациядағы сөз саны 50-60 сөзден аспау керек;
Қорытындысын мақал-мәтелдермен аяқтау;
Қорғалатын уақыт 2минут;
Дескриптор
Мәліметтерді пайдаланып, презентация жасайды.
Презентация талаптарын сақтайды.
Үш шапалақ арқылы мадақтау
Графикалық органейзер
Қазақ тілі оқулығы 7 кл., А-3 форматы, маркер
Дәптер,қалам
Соңы
8мин.
1.Бүгінгі сабақта нені меңгердім:
Аты –жөнің
Тақырыпқа қатысты сурет сал(міндетті емес)
Менің тақырыпқа қатысты тағы мынаны айтқым келеді:
2.Мына жауаптар менің ойымда қалды:
4.Сабақ барысында мына нәрсе маған қиын болды:
Менің сабақтағы келбетім
Кеспе қағазадары
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс –
Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі
Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Презентация
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы;
-Қарым-қатынас формалары бойынша саралау мәтін бойынша сұрақ құраған кезде оқушылар топтық жұмыс жасауда бір – бірінен көмек алуға, өз ойы мен идеясын айта отырып өз үлесін қосу арқылы жүргізілді.
-Ресурс немесе мәтін бойынша саралау бәріне ортақ бір тақырыпқа презентация құруда күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, оқушылардан өз жауаптарын дәлелдей алуда жүргізілді.
Бағалау критерийлері:
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды
Жинақтаған мәліметтерді презентация түрінде ұсынады.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?